Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 19:57, реферат
Туризм қозғайтын мәселелердің ең маңыздыларының бірі – қызмет көрсету және қонақжайлылық. Туризм индустриясына қажет кәсіптер саны өте көп. Бірақ, туризм саласындағы жұмысшылардың барлығына тән қасиет - кез келген уақытта адамдармен қарым-қатынас жасау. Сондықтан туризм саласында жұмыс істегісі келген тұлға шыдамдылық, төзімділік пен тез тіл табысу сияқты қасиеттерге ие болу керек. Туризммен байланысты көп мамандықтарда шет тілдерін меңгеру маңызды рөл атқарады. Шет тілдерін меңгеру деңгейі кәсіпорын жұмысын жандандыруда, дамытуда пайдасы зор, оған еш күмән жоқ. Қазіргі таңда туризм саласында туристік агенттіктерде мол тәжірибе жинақтаған әйелдер көп қызмет жасайды.
Кіріспе
Туризм
қозғайтын мәселелердің ең
1.Туризмдегі
классификацияның мәні, түрлері
Туризмнің көптеген
классификациялары бар. Олар бір-бірінен
құрылым принципіне сәйкес ерекшеленеді.
Туризм түрлерін классификациялау ұлттық
мәдени элементтерді, экономикалық сала
нормативтерін пайдаланатын аумақтық,
белгілі мақсаты бар (территорияның жан
жақты дамуы, экожүйені қорғау, жергілікті
дәстүрлі өндірістің әсерін күшейту, халықтың
өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселелерін
шешу) бағдарламаларды дайындауда өте
қажет. Сондай ақ ол басқа экономикалық
салаларда туризмнің алатын орнын,ЖІӨ
өндірудегі туризмнің үлесін нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Туризмді функциясы
жағынан қарастырғанда бірнеше түрге
бөлуге болады. Туризм қоғамда атқаратын
белгілі бір рөліне байланысты төмендегі
топтарға бөлінеді: 1.
5. Велосипед туризмі – ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрдегі (1100км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегң өзіндік кедергілер бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар, т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.
6. Автомототуризм – арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының (от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері, т.б.) болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретінде туризмнің бұл түрі бойынша автомобильдер, мотоциклдар, мопедтар, т.б. қолданылады. Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп тұрады.
Экологиялық туризм Облыс аумағында ерекше қорғалатын
16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар. Туристер
үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының
өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде
бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi,
борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген
Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный
бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя
салады. Облыста орхидеяның кездеспейтiн
түрi өседi. Айыртау ауданында (Айыртау
с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар
құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда
айтылған селолардың тұрғындары тартылған,
тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет
көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.
Танымдық туризм Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, «Айғаным» мұражай-үй-жайы, зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ. Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.
Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi Облыста спорттық туризм Спорттық туризм федерациясымен, «ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясы» ассоциациясының филиалымен, спорттық бағдар жөнiндегi федерациямен, «Планета» турорталығымен, «Спортландия» турорталығымен, «Ориентир» студенттiк турорталығымен ұсынылған. Облыста спорттық балық аулауды дамыту үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi кезде 250-ден астам су қоймасы балықтың құнды түрлерiн тауарлық өсiрудi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен Торанғұл көлiне белого амура и белого толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген көлдерде тұқы, көлдiк пелядь, қара балық, лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл балық питомникке сазанның жатырлық бастары әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа толтыру үшiн зауыттық әдiспен алғаш рет 583 мың ұрық алынған).
Емдеу-сауықтыру туризмi СҚО аумағында тұщы және техникалық сулар табылған орындар зерттелген, минералдық сулар көздерi анықталған. Қазiргi кезде «Асанов» минералдық суының көзi пайдаланады. Становское және Пресное көлдерiнде емдiк балшықтар байқалған. Становское көлi Петропавл қ. батысында 55 шақырым және Мамлют станциясының оңтүстiгiнде 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының ұзындығы 7.7 және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң балшығы 30-жылдары Омбы институтының ғылыми қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның тұжырымдамасы бойынша көлдiң минералданған суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты бiлдiредi. Пресное көлi Петухов ст. 60
шақырым және Преснов станциясынан 2 шақырым жерде орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы өткiр-ащы, балшығы қара түстi, икемдi. Тұзды су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары доктор Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен жылытылған), ол жақсы емдiк әсердi атап өткен.
Iскер туризм Облыстың географиялық
орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен
сауда-экономикалық әрiптестiк жақсы дамыған,
сонда Омбы, Түмен және Қорған — шекаралас
облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi
алады, олармен экономиканың әр түрлi салаларындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасалған
және iске асырылуда.
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық
сақтау, құқықтық тәртiп сақтау және т.б. —
әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр
түрлi салаларындағы шекара маңы ынтымақтастығы
жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп
тұрады. Туризмді түрлеріне байланысты
жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері
ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын
қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде
саяхатқа адамды аттандырған негізгі
себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің
6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы
туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге
немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді
физикалық немесе психологиялық тұрғыдан
қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе
әл-ауқатын қалпына келтіруге климат,
теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын
курорттық демалысты да жатқызуға болады. 2.
Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм.
Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани
құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп,
білуге бағытталған және ол танымдық және
діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық
туризм тарихи, мәдени және географиялық
құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін
қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар
көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік,
экономикалық қатынастарына қызығушылық
білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм
ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы
орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде
саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын,
достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі.
(халықаралық терминологияда visiting friends
and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ
клубтық туризмді де жатқызуға болады.
Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы
саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды
мақсат етеді. 4. Спорттық туризм. Спорттық
туризм белгілі бір спорттық іс шараға
белсенді қатысуға бағытталған жолсапар,
сондай ақ пассивті немесе белсенді емес
сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу
мақсатындағы жол сапар болып табылады.
Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу,
мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық
жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы
мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері
өз футбол клубының ірі ойынына қатысып,
қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге
сапар шегуі мүмкін. 5. Экономикалық туризм
- бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта
жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады.
Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке
және тағы басқа іс шараларға қатысу. 6.Конгресстік
(саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық
және саяси іс-шаралармен байланысты туризм
болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм
белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік
жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе
өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге
асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға
Халықаралық Парламент отырысына қатысуы
үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі
бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы
бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру,
талдау жасау, саяси баға беру мақсатында
жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір
мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның
жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып,
сол партияның съезіне қатысу үшін жол
сапар кешуі мүмкін.[1] Жоғарыда айтылған
талдауларға байланысты туризм классификациясының
үлкен ғылыми және практикалық мағынаға
ие екені айқындалады. Әлемдік туристік
айналымның ұғымын терең анықтауға мүмкіндік
береді. Туристік қызметтердің сапасы
мен көлеміне қойылатын талаптардың өзгеруіне,
туристік кәсіптің жаңа формаларының
пайда болуына байланысты үнемі өзгерісте
болады. Соның дәлелі ретінде қазір халықаралық
туризм тәжірибесінде туризмнің жаңа
түрлері (парадорес, таймшер, ауылдық туризм)
қарқынды даму үстінде.
Мысал ретінде Жамбыл облысының туризм классификациялық сипаттамасы.
Бұл жұмысымның негізгі мақсаты – туристік фирмалардың клиент топтарының классификациясы және олардың қызмет көрсету ерекшеліктері. Басты назар клиенттерге қызмет көрсету сұрақтарына арналған. Қойылған талапқа сәйкес келесі тапсырмалар орындалады:
2.Туризмнің жұмыс істеу формалары Туризмнің жұмыс істеу формаларының негізгілерінің бірі – саяхаттар. Алыс жерлерге түрлі көліктер арқылы бару, түрлі мақсаттармен түпкі немесе соңғы пункте белгілі бір мерзім ішінде болу және бастапқы пункке қайту көлік түріне байланысты. Көлік (транспорт) түрлері бойынша теміржол, әуе, круиздық (теңіз,көл,өзен саяхаттары), автомобиль саяхаттары болып бөлінеді. Туризмнің екінші бір негізгі жұмыс істеу формасы – туристік жорықтар. Алдын-ала құрылатын белгілі бір маршрут бойынша, (танымдық, сауығу, спорттық, жаттығу т.б.) әр түрлі мақсатпен белгілі бір мерзімді, қозғалыстың активті түріне негізделген туристік іс-шара. Туристік жорықтар бір-екі күндік (көбінесе демалыс күнгі жорықтар деп аталатын), көп күндік, спорттық немесе категориялық деп және туризмнің жеке түрлері бойынша (тау, жаяу,су т.б.) бөлінеді. Туристік жорықтарға тән негізгі нәрселер: алғашқы денсаулық дайындығы, азық-түлікті, құрал-жабдықтарды дайындау, кедергілерді жеңу, жорықтар кезінде, дала жағдайында тамақтануды ұйымдастыру, демалыс орындарын дала жағдайында дайындау, қауіпсіздікті сақтау т.б. Жорық ұйымдастырылған кезде арнайы тіркеулерден өту керек. Жорық біткен соң ол туралы есеп беру. Туризмнің жұмыс істеу формасының келесі түрі – экскурсиялар. Экскурсиялар жеке түрде де және туристік саяхаттар құрамында да (әсіресе, круиздік саяхаттарда) қызмет ете береді. Экскурсанттардың қай жерден келгендігін, кәсіптік құрамын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың талап-тілектері бойынша, белгілі бір экскурсиялық, тарихи-мәдени, туристік орындарда экскурсия жүргізушінің әңгіме өткізуі, көрсетуі экскурсиялардың түрлері қай жерлерде өткізілетініне байланысты табиғи тақырыпқа байланысты өткізілетінін, кәсіпорындарда өткізілетін, (геологиялық, музыкалық құралдар, музейлері, әдебиеттану, көркем сурет т.б.) тақырыптық, мұражайлық және қалалық болып көрінеді. Туристік іс-шаралар түрінде жүргізілетін туризмнің белгілі бір дәрежеде қолданатын формасы – туризм сферасы бойынша өткізілетін спорттық жарыстар. Туризм бойынша 4 түрде өткізіледі. Олар: 1.Туризмнің техникасы бойынша өткізілетін жарыстар. Бұл түрдегі жарыстар көбінесе тау, жаяу және су туризмі түрлері бойынша ұйымдастырылады. 2.Кросс-жорық. Шағын маршрутта (20-30км) жүріп өту және онда кездесетін кедергілерден өту мақсатында жеке командалар арасындағы сайыс. 3.Кедергілер жолағы. Ұзындығы метрмен есептелінетін белгілі бір маршрут бойынша кедергілерді және туристік әдіс-тәсілдерді белгілі бір уақыт ішінде өту,орындау. Сайыс түрінде командалар арасында болады. Кросс-жорық сияқты жеке дистанциялар мен жарыс участкелерінде жеке кезең төрешілері және жалпы жарыс төрешілері, оның ішінде бас төреші, төрелік коллегия қызмет атқарады. 4.Спорттық бағдарлау бойынша өткізілетін жарыстар. Жеке командалар арасында белгілі бір аумақтық кеңістікте бақылау пункттерді әр түрлі вариант бойынша, белгілі бір мерзімде табуға бағытталған іс-әрекет. Спорттық бағдарлау бойынша арнайы спорттық карталар,спорттық компас қолданылады, төрешілер болады. Спорттық бағдарлаудың алғаш шыққан аймағы – Скандинавия елдері. [2]
Информация о работе Туризмдегі классификацияның мәні, түрлері