ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:10, реферат

Описание работы

Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?
Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.
Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.

Содержание

КІРІСПЕ

I бөлім. Туристік қызметтің әлемдік экономикалық негіздері
Туризмнің экономикалық мазмұны
1.2. Туристік нарық әлемдік экономикалық қатынастың көрсеткіш саласы ретінде

II бөлім. Қазіргі туризм әлемдік экономиканың басты дамытушы факторы
2.1. Қазіргі туризмнің экономикадағы ролі
2.2. Туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері 2.3. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері

III бөлім. Туризмнің экономикалық даму болжамдары
3.1. Әлемдік нарықтық технологиялар эволюциясы
3.2. Қоршаған орта және оның туристік нарықтың дамуына әсері
3.3. Халықаралық туризмдегі ақпарат көздері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

әлемдік экономикадағы қазіргі туризм.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Бұл әлеуметтік-экономикалық деңгейдің көтерілуімен және саяси жағдайдың бір қалыптылығымен байланысты. Бұған қарамастан Қазақстанға туристердің келу саны тағы да төмендегенін байқаймыз.

Мұның себебі, шетелдермен  іскерлік қарым-қатынастың төмендеуі  болып табылады. Іскерлік және кәсіби мақсатпен Қазақстанға қызыға келген туристер саны 62,4% құрай отырып, уақыт өте келе төмендей тусуде. Сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлерін, туристік объектілерін шетелге кең түрде насихаттайтын жарнамалар да елімізде жоқ.

Қазақстанның  туризмі әлемнің көптеген елдерінде туристік өкілдіктер мен тур орталықтарға және әлемдік нарыққа қазақстандық тур өнімдерін енгізуге кең ауқымды жұмыстарға зәру.

Қазақстанда шетелге  шыққысы келетіндердің саны жыл  сайын арта түсуде. 2006 жылы кетушілер  саны 229 378 адамды қүраса, бұл 5%, ал 2007 жылы 47% құрады. 2008жылы бүл сан 48% көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021 адамды құрады (1-сызбаға қараңыз).

Мұндай динамика          біздің азаматтардың             жағдайының жақсарғанын        көрсетеді. Олар өз        елінің табиғи объектілеріне емес, шетелдің тур өніміне қызығушылық танытады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инфрақұрылымының төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің             жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.

Нақ осы сәтте  Қазақстанның туризм     саласы алға жылжу байқалғанымен туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмай тұрмыз, жыл сайын          шетел туристерін тарту үшін әр түрлі         іс-шаралар мен             жәрмеңкелер ұйымдастырылып             тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Осы мәселеге жан-жақты          және кешенді түрде қарауымыз қажет. Туризм дамуына       байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына        барлық жағдай жасалуы тиіс.

 

 

III бөлім. Туризмнің экономикалық даму  болжамдары

3.1.  Әлемдік нарықтық технологиялар эволюциясы

 

Дүниежүзілік  туристік  ұйым туризмнің қарқынды дамуын болжамдайды. Мамандардың пікірі бойынша, жыл сайынғы туристер саны арта түсіп, 2020 жылы 1,6 млрд. халықаралық  туристік саяхатқа жетеді.

Туристік секторда келесі тенденциялар анықталады:

  • Баяу  өсу темптері;
  • Аймақтардың мақсатты бағыттарының үлкен бәсекелестігі;
  • Туристік өнімге деген қойылатын талаптардың артуы.

Осы факторлардың байланысы келесі нәтижені береді: туризмде табысқа жету үшін толық  мамандықты қамтамасыз ету қажет.

 Жеке табыс   деңгейінің өсуі,   білім деңгейінің  өсуі  адамның саяхатқа деген  деген  қызығушылығын арттырады.  Адам өз мемлекетінің ішінде  де, сонымен қатар өзге елдерде  де саяхаттау мүмкіндігін пайдалануды  қалайды. Туристік өнімнің жоғары  сапасы туризмді барлығына тартымдырақ етеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар және тиімді коммуникациялар  халықаралық туризм нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз етеді. Туризмде  үлкен мағынаға ғаламшарлық компьютерлік жүйелер ие болады. Туризмдегі маркетингтің тиімділігі артады. Тұтынушы  тур өнім туралы қажетті ақпаратты турфирмалар қаржыландыратын арнайы телевизионды бағдарламалардан ала алады.  Кей елдерде қазірдің өзінде арнайы автоматтандырылған брондау косктарі бар. брондау процесінің жеңілдеуі туристік нарықтың дамуына әсер етеді.  Туризм индустриясының барлық секторлары жаңа технологиялардың ықпалын сезінеді.

Сауда. Халықаралық  сауданың сипаттамасы либералдылау  болып бара жатыр. Халықаралық сауда  көптеген елдер турөнімнің экспортымен  қатар, импортына да белсенді қатысу шартында даму тәжірибесін сақтауда. Солтүстік Америкада ерікті сауда  жайлы аймақтық келісімдер орнауда. Мұны өз кезегінде халықаралық туризм қолдайды.  Халықаралық туроператорлар жүйесі кеңеюде.

Транспорттық  инфрақұрылым. Күтілудегі туризмнің өсу деңгейі транспорттық инфрақұрылымда проблемалар туғызады. Мысалы, туристік саяхаттардың өсу саны авиатранспорға шамадан артық тиелуіне себебін тигізеді.әлемнің барлық аймақтарында өз кезегінде көп қаржыны  қажет ететін транспорттық қайта қалпына келтіру болады.  Транспорттық инфрақұрылымның жақсаруы туристік маршруттарды әр түрлі әрі арзанырақ етеді.

Саяхаттың қауіпсіздігі. Туризмнің дамуымен қатар туристік қауіпсіздік мәселесіде ерекше маңызды  болады.  Туризмнің қауіпсіздігін  қамтамасыздандыратын басты тиімді құрал осы бағыттағы туристік ұйымдардың басшыларының ақылдасып атқарылған жұмыстары болуы тиіс.

Нарықтың ресурстары. Өз таңдауы бойынша саяхаттың  маңызы артып келеді.  Бұл анағұрлым  қызықты, әрі тартымды туристік өнімге деген қажеттілікті тудырады. 

Нарықтың сегменті. Халықаралық қатынастың дамуы туристік нарықтың сегментінің өсуіне алып келеді. Келесідей туристік нарықтың сегменттерінің кеңейюі болады деп жоспарлануда:

  • Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдерінде және тағы басқа аймақтарда ішкі өңірлік туризм;
  • Алыс аймақтарға саяхаттар;
  • Демалыс уақытында және демалыс мақсатында саяхаттар;
  • Тартымды ( қоршаған ортамен байланысты екі немесе одан да көп элементтерімен қанағаттандыратын) туризм;
  • Үйден тыс жерде ұйымдастырылған қысқа уақытты демалыс.

 

      "IРК International" компаниясының  туристік нарықтың туристiк әлеуетiн  бағалау бойынша жүргiзген зерттеулерiнiң  қорытындысы және оны ұзақ  мерзiмдi кезеңге одан әрi дамыту  жөнiндегi ұсынымдары туристiк саланы  одан әрi дамыту мақсатында әлемдiк  практикада пайдаланылатын жаңа технологияларды қолдана отырып, дамуды ақпараттық көрсетудiң жүйелi тұжырымдамасын жасауды көздейдi. Бүгiнгi таңда жаhандану, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу ғасырында аталған мәселенi шешуге жаңа қағидат қажет. 
      Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туризм нарығының туристiк мүмкiндiктерi туралы барлық қажеттi ақпаратты, оның iшiнде туризм объектiлерi, авиа билеттер мен қонақ үйлердегi орындарды брондау, клиенттiң тiлегi бойынша туристiк қызмет көрсетулер пакетiн қалыптастыру туралы барлық қажеттi ақпаратты тұрақты негiзде ұсынып отыруға мүмкiндiк бередi. Әлемдiк туризмде виртуалды туризм деп аталатын бағыт пайда болды. Толыққанды ақпарат алу мен оны әлемнiң кез келген нүктесiндегi әлеуеттi туристке дейiн жеткiзуде қазiргi заманғы технологиялар мүмкiндiгi бiрегей де теңдессiз. Бұл ретте ақпараттық орталықтардың мүмкiндiгi туристiк қызмет көрсетулер нарығын дамытуды мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi шаралары ретiнде пайдаланылады. 
      Мұндай орталықтар туризм жай-күйiнiң көрсеткiштерi мен оның дамуының әлеуеттi мүмкiндiктерiн жүйелеу, туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығындағы отандық туристiк өнiмнің тұтынылуы үшiн сұраныстарды зерделеу мен ұсыныстар қалыптастыру, туризм индустриясына жаңа технологиялар мен ғылыми әзiрлемелер енгiзу, мемлекеттiң тартымды туристiк имиджiн нығайту мақсатында iрi халықаралық iс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру жөнiнде қарқынды жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бередi.  
      Әр елде туристiк саланы ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет: 
      "Ақпараттық туристiк орталық" акционерлiк қоғамын құру; 
      қажеттi көлiк жолдарының, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердiң болуын ескере отырып, ел өңiрлерi бойынша туристiк индустрия мониторингiнiң тетiгiн әзiрлеу; 
      ұқсас халықаралық желiлермен одан әрi оны кiрiктiру мақсатында елдер аумағында бiртұтас туристiк-ақпараттық желi құру; 
      Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның ресми тiлдерiнде берiлетiн қажеттi ақпаратты орналастыра отырып, елдiң туристiк әлеуетi, мәдениетi мен тарихы, туристiк ұйымдар мен қонақ үйлiк қызмет көрсетулер, көлiктiк коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртiбi, тiркеу және әкiмшiлiк рәсiмдерi туралы жаңартылып отыратын деректер банкi бар бiртұтас Интернет-портал ашу. 
      Сонымен қатар туризм нарығының тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру мақсатында шетелдiк, республикалық және өңiрлiк жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-жарнамалық науқанды қамтамасыз ету қажет. Мiндеттiң маңыздылығын ескере отырып, тиiстi мемлекеттiк тапсырысты орналастыру арқылы әр ел туризмдi дамытуды жүйелiк ақпараттық қамтамасыз ету практикасын пайдаланған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Қоршаған  орта және оның туристік нарықтың  дамуына әсері

 

Туризм базасы ретінде қоршаған ортаның маңыздылығы  артуда. Бүкіл әлем халқы экологияның бұзылуына қорқынышпен қарауда. Бұл Оңтүстік – Шығыс Азиядағы өрттер мен тұмандар, суды қолдану үшін қажетсіз әлемдік қалдықтың көбеюі. Туризмді дамыту үшін табиғат ресурстарын қорғау және көбейту өте маңызды. Туристік индустрияның дамуында қоршаған ортаның жағдайы үлкен роль атқарады.

Индустриалды  дамыған мемлекетттерде ұлттық саябақтар, қорықтар, отельдердің аумағын көгалдандыру қажеттігін түсінді.бұрынғыдай, туризм үшін қауіпті жерлерді пайдалану, туристік объектілерді қауіпті өндірістердің ( мысалы, химиялық)  жанында құру мүмкін емес.

Материалдық базаны рекреациялоық жобалау аумақты  орналастыру бойынша жалпы жоспардың  бөлігіне айналу керек. Жаңа туристік кешеннің құрылысын бастар алдында  оның аймақ экономикасына және табиғатына әсерін толық зерттеп алу қажет. Бұл жергілікті өкімет органдарының қоғамдық саясатының бір бөлігіне айналу керек. Жаңа туристік жобаның жүзеге асуына маңызды шарт – қалдықтарды пайдалану бойынша санитарлық рұқсат алу болып табылады. Жаңа жобаның қоршаған ортаға теріс әсері – жергілікті администрациямен оның ауытқуына алып келетін маңызды себеп. Ауа, жер асты суы, жағажай, ормандар өздерінің алғашқы қалпында, яғни таза және қорғаулы болып қалуы керек. Туристік мақсатта жергілікті ландшафт және архитектураескерткіштерін дұрыс қолдана білу керек.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде  халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде  және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бұл мәселенің  шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты  жағдайын сақтап, оның ресурстарын  тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынынің артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай отыр.

Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының  маңызы өте зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат  байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші жалпы заңдылық, табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар

Табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану  бір-бірімен тығыз байланысты кешенді  мәселе және олардың жиынтығын табиғат  пайдалану деп атаймыз. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады.

Сонымен, жаңа туристік жоба қоршаған ортаны қорғау және сақтау негізінде жоспарлану керек. Тек  сонда ғана адам табиғатпен қоғамды  да,  табиғатты да дамытуға мүмкіндік беретін қарым қатынас орната алады. Туристиік нарықтың эволюциясы туристік қызметтің барлық түрлерінің өзгерісіне ықпалын тигізеді.  Табиғатты қорғау ғылыми, саяси, экономикалық және мәдени жолдармен жүзеге асырылады. Дүниежүзіндегі табиғат қорғау жөніндегі басты ұйым – ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы). Бұл ұйым жеке мемлекеттер үкіметі арасындағы табиғат қорғауды үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде 1946 жылы құрылды. Табиғатты қорғаумен бүкіл дүниежүзі шұғылданады. Өркениетті мемлекеттер барлығында табиғатты қорғауға бақылау жасайтын арнайы министрліктер мен жергілікті органдар бар.

БҰҰ Бас Асамблеясының  шешімімен 1973 жылы арнаулы бағдарлама жасалып, ол ЮНЕП (қоршаған орта жөніндегі  БҰҰ – ның үкіметаралық бағдарламасы) деп аталды. Бұл бағдарламаның мақсаты – бүкіл ғаламшар тұтасымен алғанда немесе ірі аймақтарға қатысты табиғат қорғаудың кезек күттірмейтін және ең маңызды проблемаларын шешу. Бұл проблемеларды шешу үшін үкіметаралық конвенциялар, шарттар, келісімдер жүзеге асыруда.    Табиғат күштерінің басым көпшілігі (зілзаладан басқасы) адам мен қоғамның әрекеттерінен болады. Болашақта жер шарында қандай ғаламдық апаттар болуы мүмкін (мысалы, ауадағы өттегінің азаюы, озонды қабаттардың бүлінуі, ғаламшардағы ауаның жылынып кетуінен мұхиттар мен өзен суларының тасуы және космостық апаттар)

Информация о работе ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы