ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:10, реферат

Описание работы

Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?
Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.
Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.

Содержание

КІРІСПЕ

I бөлім. Туристік қызметтің әлемдік экономикалық негіздері
Туризмнің экономикалық мазмұны
1.2. Туристік нарық әлемдік экономикалық қатынастың көрсеткіш саласы ретінде

II бөлім. Қазіргі туризм әлемдік экономиканың басты дамытушы факторы
2.1. Қазіргі туризмнің экономикадағы ролі
2.2. Туризм қызметінің Қазақстан экономикасына әсері 2.3. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері

III бөлім. Туризмнің экономикалық даму болжамдары
3.1. Әлемдік нарықтық технологиялар эволюциясы
3.2. Қоршаған орта және оның туристік нарықтың дамуына әсері
3.3. Халықаралық туризмдегі ақпарат көздері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

әлемдік экономикадағы қазіргі туризм.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді.

Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың  бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен  бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайтуымыз керек.

Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар  бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру  мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет.

Сонымен, Қазақстанда туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.

2008 жылы туристерге    көрсетілген қызметтің жалпы  көлемі —16599,9 млн. теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың  көрсеткен қызметінің соммасы  — 1093,7 млн. теңге, қонак үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметі — 2675,7 млн. теңге, санаторий- курорттық       мекемелер      қызметі — 4729,6 млн. тенхе, театрлар қызметі — 2863,7 млн.  теңге, мұражайлар      қызметі — 2435,8 млн. теңге, кинотеатрлар қызметі — 1619,1 млн. теңге, табиғи         қорықтар,    мемлекеттік        ұлттық табиғи парктер     мен резерваттар        және хайуанаттар        паркінің қызметі — 733,3 млн. теңге, жәрменкелер  мен ойын-сауық парктерінің қызметі — 449,0 млн. тенге болды.

Меишік нысандары бойыпша алып қарағанда, туризм саласында 2008 жылы қызмет істейгін 2,7 млн. адамның жеке-меншікте істейтіндері 2,5 млн. адам, калған 0,2 млн. адам өзге мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігінде.

Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен Қазақстанда 2008 жылы 51 жоғары оқу орны және 10 орта кәсіби оқу орын шұғылданады екен, олардың тиісінше 18 және 3 оқу орны мемлекет меншігінде, қалған 33 және 7 оқу орны жеке-меншік нысанында екен. Жоғарыдағы 51 жоғары оқу орны 2008/09 оқу жылы басында 1051 студент қабылданты, оның 388 студенті мемлекеттік оқу орын-арына. 663 студент жекеменшік оқу орындарына қабылданған.

Қазақстандағы туристік фирмалар мен агенттіктердің жалпы саны 2008 жылы 713-ке жетсе, соның 494-і Алматы қаласында, 37-і Астана қаласында, 29-ы Алматы облысында, 25-і Қарағанды, 25 Павлодар, 22-і Шығыс Казақстан облыстарында екен.

2008 жылы Қазақстан Республикасында  туристік фирмалар және агенттіктер  қызмет көрсеткен туристер саны  барлығы 229,0 мың адам болды,  одан туристердің келуі бойынша 45,0 мын, шығу туризмі бойынша 94,7 мың, ішкі туризм бойынша 89,3 мын адам болды. 2008 жылы барлығы 86,4 мың туристік жолдама 2447,1 миллион теңгеге сатылды, соның ішінде 3,9 мың жолдама 110,3 миллион тенгеге келу туризмі бойынша, 44,6 мын жолдама 1997,9 миллион теңгеге, шығу туризмі бойьшша 38,0 мың жолдама 338,9 миллион теңгеге ішкі туризм бойынша сатылды.

2008 жылы Қазакстан Республикасы  бойынша — 229,0 мың туристке  қызмет көрсетілсе, Алматы каласы  бойынша — 100,2 мың адамға (барлық туристің 43,8 пайызы), Астана қаласы бойынша — 39,5 мың адамға (17,2 пайыз), Алматы облысы бойынша — 21,3 мың адамға (9,3 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 17,6 мың адамға (7,7 пайыз), Ақмола облысы бойынша — 14,1 мың адамга (6,3 пайыз) қызмет көрсетіліпті.

Көрсетілген туристік қызметтер  көлемін алып қарасақ 2008 жылы туризм құнына кірмейтін визальтқ, экскурсиялық және өзге қызметтер көлемінің республика бойынша жалпы сомасы 1112,5 млн. теңге  болыпты (2001 жылы 878,5 млн. тенге), жекелеме өңірлер бойынша леректерге назар аударсақ, бірінші орында Алматы қаласы, оның үлесіне 968,2 млн. теңге немесе барлық соманың 87 пайызы келеді, Астана қаласының үлесіне, тиісінше 66,8 млн. теңге немесе 6 пайыз, Қарағанды облысының үлесіне — 20,3 млн. теңге немесе 1,8 пайыз, Батыс Қазақстан облысының үлесіне—14,6 млн. теңге немесе 1,3 пайыз, Павлодар облысының үлесіне — 13,6 млн. теңге немесе 1,2 пайыз келеді.

Туристік фирмалар мен агенттіктер табысы, туристердің  саны басқа кейбір елдерге қарағанда  бізде аз болып корінгенімен, тіпті  нашар деуге келмейді. Туристерге жасалған жұмыстар мен көрсетілген  қызметтен алынған табыс көлсмі республика бойынша — 2003 жылы 3498,3 млн. теңге болды, одан 2724,9 млн. теңгесі (77,9 %) Алматы қаласының, 354,6 млн. теңге (10,1 %) Астана қаласының, 168,5 млн. тенге (4,8 %) Қарағанды облысының, 85,1 млн. теңге (2,4 %) Шығыс Қазакстан облысының үлесіне келеді.

Туристік қызметтен түскен табыс көлемі республика бойынша 2008 жылы 1716,1 млн. теңгені құраса, одан Алматы қаласында 1076,2 млн. теңгені (62,7%), Астана қаласында 424,1 млн. тенгені (24,7%), Шығыс Қазақстан облысында 56,5 млн. теңгені (3,3 %), Алматы облысында 33,5 млн. теңгені (2,0 %) құрады.

Қазақстанда туристерді орналастыруға  арналған объектілер саны 2008 жылы 44 болды, олар 24,1 мың туристке қызмет көрсетті. Туристерді сапар мақсаттарына қарай  боліп қарасак, онда 2008 жылы барлық туристін саны (ішкі туризмді қоспағанда) 139,7 мың адам болса, 42,4 мыңы жұмыстан бос уақытын пайд-лану, тынығу (денсаулығын қалпыпа келтіру) және демалысын өткізу мақсатында, 29,1 мыны таныстары мен туысқандарына баруға, 20,6 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен, 1,5 мыны емделу мақсатымен, 0,8 мыны дін, қаржылық мақсатпен, 40,9 мыңы коммерциялық (шоп-турлар), қалған 4,4 мыңы өзгедей мақсатпен шұғылданған екен.

Осы туристік сапарды екіге  бөліп келу туризмі және шығу туризмі  деп қарайтын болсақ келу туризміндегі 45,0 мың адамның өз мақсаттары бойынша  бөлінісі келесідей: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу 8,3 мын адам, туысқандарға келу — 19,9 мын, іскерлік және кәсіби мақсаттар — 15,8 мын, коммерциялық — 0,4 мың өзге мақсаттар бойынша — 0,7 мын адам. Шығу туризмі бойынша барлығы 94,7 мың адамның мақсаттар бойынша болінісі: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу — 34,1 мың, тапыстар мен туыстарға бару — 9,3 мың, іскерлік және кәсіби мақсатпен — 4,8 мын, дін, қажылық — 0,8 мың, коммерциялық мақсатпен — 40,5 мың, өзге мақсаттармен — 3,7 мың адам.

Сөйтіп, келушілердің көбі негізінен Казақстанға екі түрлі мақсатпен келеді екен; олардың 44,2 пайызы туысқандарына келеді, 35,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен. Ал бізден шығып басқа елдерге туристік саяхат жасайтындардын 42,8 иайызы коммерциялық мақсатпен, 36,0 пайызы демалуға, 9,8 пайызы туыстары мен таныстарына, 5,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен барады екен.

Туристердік емдік санаторийлерде, пансионаттарда, санаторий-профилакторийлерде орналасу жағдайына келсек, Қазақстанда ондай мекемелердің саны 2008 жылы 106 көрінеді, оларда науқастардың ең көп орналасқан айдағы төсек саны 15,1 мың, емделген адамдар саны 134,4 мың екен. Ал демалыс үйлері мен базалардың пансионаттардың біздегі жалпы саны — 13, олардағы науқастардың ең көп емдслген айдағы төсек саны 7,1 мың, демалғандардың саны 17,9 мың адам. Бұл келтірілген екі деректен байқайтынымыз санаторийымыз да, демалыс үйіміз де аз, және ондағы төсек саны да аз.

Жыл сайын көрме  алаңдары ұлғаюда, республиканың туристiк  ұйымдарының өкiлдiктерi кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнiмнiң сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнде (Лондон қ.) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бiрiншi туристiк өкiлдiгi ашылды. 
      Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF - Қазақстан халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы қаласында, "Белуха" халықаралық туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiледi. 2007жылы KITF жәрмеңкесiне әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам компания қатысты, ал 2008 жылы оның экспоненттерi 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң орталық және солтүстiк өңiрлерiне тарту, ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық қаласы ретiнде имиджiн қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық қазақстандық туристiк көрме жыл сайын өткiзiлiп тұрады. 
      Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.  
      Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2008 жылдан бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы шешiм қабылданды. 
      Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi сияқты басым бағыттары айқындалды.  
      Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi жеткiзушiсi туристiк ұйымдар болып табылады, оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристiк ұйым мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi туристiк фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристiк қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсiби гид пен экскурсияшы жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-iн шағын кәсiпорындар (жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн) бiлдiредi. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсiпорындар 1,3%-тi, ал iрiлер 0,4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк ұйымдардың көпшiлiгiн шағын және орта кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң көбiнде инновацияларға негiзделген экономикалық өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады. Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс iстейдi. 
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3  Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері

 

Туризм бұл  қазіргі кездегі экономиканың басты  дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі  немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында қазіргі таңда ең көп инвестициялар құйылып жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы бойынша машина жасау немесе мұнай өндіру салалары  экономиканың ең маңызды салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші ғасырда туризм саласы ең маңызды сала болып табылады.

Қазақстан аумағында  туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек  жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде туризмнің экстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді.

         Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.

Қазақстан аумағында атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына жұмсар еді.

Қазақстан тәуелсіздік  алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық салалар секілді жоғарыдан қатты  шектеулі болатын. Толықтай тарихи архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз  тар-тар ескерткіштері жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазакстанда туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени-таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ болып келді.

Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді.

Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың  бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен  бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.

Қазақстан тәуелсіздік  алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайтуымыз керек.

Қазақстанның  туристік нарығы әлемдік және халықаралық  стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті  емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру  мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет.

Ең бастысы, келу туризмін белсеңділендіру үшін елдің үлкен сеніміне нек артуымыз керек. Бұл туризмнің өн бойын  қалыптастыратын туристік индустрияның "Клондайғы"  болып табылады.

Нақ осы сәтте Қазақстан Республикасында 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жұмыс істейді. 2008 жылдың басынан 107,2 мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілген. Бұл қызметтен            кірген кіріс 1 млрд. 156,8 млн. теңгені            құрай отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейген . 1-сызбада Қазақстанға шетел туристерінің     келуі және Қазақстан азаматтарының шетелге шығу динамикасы көрсетілген. Берілген сызбаға сәйкес, 2007 жылы Қазақстанға келген шетел              туристерінің саны 2 692 590 адамды құрайды. Туристердің келуінің ең жоғары көрсеткіші 2002 жылы байқалды. Соңғы 2008 жылы            шетел туристерінің біздің            елге сапарының құрт төмендеп кеткенін байқаймыз. Осылайша,    2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы          келген туристердің саны 1 млн. адамға көбейген, ал өз кезегінде 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда адам саны жарты миллионға кеміген. Мұндай көрсеткіштер 2007 жыл жалпы әлем практикасында туризм үшін қиын болғандығын көрсетеді. АҚШ-тағы 11-қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттің    салдары барлық әлемге, Азия аумағына, мұсылман елдеріне кіретін Қазақстанға да          әсерін тигізді. 2008 жыл, керісінше Қазақстанның туризм саласына жақсы болды, өйткені біздің елімізге келген туристердің ең көп көлемі осы жылы байқалды.

Информация о работе ТМД және Қазақстан елдеріндегі туризмнің дамуы