Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа
Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.
КІРІСПЕ .......................................................................................
4
І
ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................
6
1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18
1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................
27
ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................
43
2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................
56
2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................
63
ІІІ
ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70
3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................
78
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................
89
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................
92-94
Екінші жағынан, кәсіпорынның белгілі – бір бағытта экономикалық дамуын, оның іс- әрекетін экономикадағы белгісіз, тұрақсыз жағдайларға бейімдеу арқылы қамтамасыз етуге болады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикада қарқыны жоғарылауды. Сонымен қатар шаруашылық үрдістің негізгі реттеуші механизмі ретінде бәсекелестікте жоғары қырқын алуда .
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күн көрісін қамтамасыздандыру үшін басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның істестерінің экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ, кәсіпорын қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.
Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақытты үнемдеу, қолда бар ресурстан барынша көп өнім алу.
Тиімділік мәселесі - бұл әр қашан таңдау мәселесі. Таңдау қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай көлемін тұтыну керек [21].
Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге әсер етеді.
Тиімділік латынның «effektus» сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.
Құрылыс саласы бойынша Кеңес өкіметінің тұсында жарық көрген оқулықтар, жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары құрылыс-монтаж жұмыстарының есебiн ұйымдастырудың сол кездегі талаптарына жауап бергенімен, аталмыш есеп жүйесінің осы күнгі нарықтық экономиканың талаптарына сай еместігін аңғартты және ел экономикасының қазіргі дамуына сәйкес құрылыс саласындағы бухгалтерлік есеп әдiстемесiн жетілдірудің, бухгалтерлiк есеп пен аудит тұжырымдамаларын дамытудың қажеттілігін туғызды. Осы мәселе құрылыс саласының ерекшеліктеріне негізделген есеп пен аудит әдістемесін жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді [22].
Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.
Құрылыстың ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі
Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына қосуға жатпайды [23].
Жабдық та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар қосылмайды.
Қосалқы мердігер бас мердігер үшін орындаған жұмыстар құны құрылыс өнімінің жалпы шығарылымына қосылмайды, бірақ бас мердігер орындаған жұмыстардың жалпы құнының бөлігі болып табылады.
Жүргізілетін есептеулерге арналған ақпараттық база құрылыс және инвестиция салалары бойынша кезеңділігі айлық және жылдық статистикалық байқаулардың нысандары, үй шаруашылықтарын іріктеме статистикалық байқаулар, сондай-ақ шығындар мен шығарылымдар және кедендік статистика кестелерінің деректері болып табылады.
Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.
Еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында құрылыс саласы көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол уақытта бұрынғы Кеңес Одағы тұсында қалыптасқан кәсіпорындардың бір-бірімен тікелей байланыстылығы бұзылып, соған сәйкес көптеген құрылыс нысандары тоқтап, нәтижесінде құрылыс саласы түбегейлі өзгерістерді бастан кешті. Ал сол қиыншылықтарды артқа тастап еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруымен қатар құрылыс саласы жаңа қарқынмен дами бастады.
Жалпы еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы құрылыс саласында орын алған бұл өзгерістерді сипаты бойынша үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Алғашқы кезең 1991-1995 жылдарды қамтиды, яғни еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы бес жылы. Бұл уақыт аралығында Кеңес Одағы ыдырап көптеген кәсіпорындардың жұмысының тоқтап қалуына байланысты республика бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі едәуір қысқарды. Басталған жекешелендіру үдерістері құрылыс индустриясы саласындағы алпауыт кәсіпорындардың тарап кетуіне немесе жабылып қалуына, шағын құрылыс ұйымдарының көбеюіне алып келді.
Екінші кезеңге 1996–1999 жылдар аралығын қарастыруға болады. Бұл жылдар еліміздің экономикалық қиын қыстауды басынан өткеріп, нарықты экономика жолына бет алып қайта қалыптаса бастаған уақытындағы кезең. Бұл уақыт аралығын еліміз экономикасының нарықтық жолға бет алып жекешелендіру үдерістері толығымен аяқталған кезең деуге болады. Сол қиыншылықтардың нәтижесінде мемлекеттік құрылыс ұйымдарының саны 1991 жылы 3008 болса, 1996 жылы 391–ге, ал 1999 жылы 88–ге дейін қысқарды. Негізгі үлес отандық жекеменшік ұйымдардың үлесіне тиесілі болды (1996 жылы – 69%, 1999 жылы – 95%) [25].
Ал соңғы мердігерлік құрылыс ұйымдарының белсенділігінің арту кезеңі 2000 жылдан басталады. Бұл уақыт аралығын біздің елімізді әлемнің барлық елдері мойындап, экономикамыздың жанданып дамушы елдердің қатарына қосыла бастаған тұсы десек болады. Біздің еліміздегі тұрақтылық пен ауыз біршілік, шикізаттың базасының үлкен қоры шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып ел экономикасының жаңа серпіліс алған кезеңі осы жылдардан бастау алады. Бұған бірден-бір дәлел ретінде еліміздің астанасының Алатау баурайынан Евразияның кіндігі болып табылатын Сарыарқа төріне қоныс аударып, бүкіл әлем халықтары қызығып тамсанатын алып шаһар елордамыз Астананың күн санап көркейуін және оның XXI – ғасыр талабына сай бой көтеруін, сондай-ақ бизнес орталығына айналған Алматы қаласындағы бой түзеген әсем ғимараттарды атап айта аламыз. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындары қарсаңында Астана мен Алматы қалаларында спорттық және басқада алып құрылыс кешендері бой көтеруде. Сондай-ақ ел басының халыққа жолдауында айтылған жүз мектеп және жүз аурухана, сонымен қатар соңғы жылдары жол картасы бағдарламасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде бой көтеріп жатқан ғимараттарды көре отырып еліміздің алып құрылыс алаңына айналғанын байқаймыз.
Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне құрылыс ұйымдары, оның ішінде тұрғын үй құрылысы саласы жатады. Оның тұрақты қызмет жүргізуі көп жағдайда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытудың басымдылықтары ретінде келесі: « ... жылжымайтын мүлік нарығын дамыту және тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу; жалға беру нарығын дамыту; жеке тұрғын үй құрылысын дамытудың кең масштабын құру ...» бағыттарын атап өтті [26]. Яғни, тұрғын үй кешенін қалыптастыру мен дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып, тұрғындардың өмір сүруі мен қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.
Құрылыс ұйымдары макроэкономиканың ұлғаймалы өндірісінің құрылымдық өзгеруі мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын есепке ала отырып, қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі тетік құралдарының бірі болуы тиіс. Ол барлық түрғындарды белгіленген уақыт мерзіміне қарай тұрғын үй құрылысы өнімінің қажетті көлемімен, құрылымымен, сапасымен қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған.
Құрылыс ұйымдары материалдық өндірістің бір саласы ретінде, басқа салаларға қарағанда көп белгілерімен ерекшеленеді. Мұнда қызмет өзінің арнайы, ерекшеленген заңдылықтары арқылы жүргізіледі, басқарудың түрлері мен әдістерін дұрыс таңдауда оны есептеу ең қажетті шарттың бірі болып табылады. Мұндай ерекшеліктер ретінде келесілерді көрсетуге болады: біріншіден, соңғы құрылыс өнімі қатаң белгілі бір аумаққа және көлікпен тасылмайды, яғни қоймаға қою үшін өндірілмейді. Құрылыс өнімдерінің басқа өнеркәсіп өнімдерінен айырмашылығы олар бір саладан екінші салаға қозғалып, қосылмайды. Ол - қозғалмайтын мүлік, тек сол салалардың өзінің ауысуымен сипатталады: күрделі құрылыс саласынан кейін дайын нысандар тұрғын үй құрылысы кешенінің негізгі қорлары саласына өтеді және тапсырыс берушілердің балансында есепке алынады; соңғы құрылыс өнімі (тұрғын үй) жоғарғы деңгейдегі еңбек сыйымдылығымен, материалдық сыйымдылығымен, нәтижеде капитал сыйымдылығымен сипатталады.
Құрылыс ұйымдарындағы дағдарыстың шиеленісуіне нарықтық қатынасқа өту барысында, оған белсенді әлуеметтік-экономикалық жүйе ретінде тұжырымдамалық-әдістемелік дайындықтың болмауы да себеп болды. Сонымен қатар, оған объективті себептер де әсер етті. Олардың қатарында: негізгі инвестициялық ағымдардың мемлекеттік саладан, әр түрлі бөлшектелген кәсіпорындарға ауысып өтуіне байланысты, инвестициялық белсенділіктің төмендеуін; мемлекеттік қаржылық қолдаудың қысқаруын; құрылыс саласында әрекет етуші кәсіпорындардың санының өсуін; құрылыстық материал өндіру мен құрылыспен шұғылданатын алаңда жобалық-ізденіс жұмыстарын тиісті сапада қамтамасыз етуге қабілетсіз шағын кәсіпорындардың болуын және меншіктік түрлері бойынша кәсіпорындардың әр түрлілігін бөліп көрсеткен дұрыс.
Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыстық ұйымдарында тұрақтылық беталысы қалыптасты. Құрылыс материалдары мен құрылыс қондырғыларының өндірісі және тұрғын үй құрылысының көлемі өсті.
Тұрғын үйге деген қоғамның бүгінгі үміті - қолайлы, әрі ыңғайлы тұрғын үймен тұрғындардың барлық әлеуметтік топтары үшін қол жетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыру. Ол үшін, тұрғын үй құрылысында бұрыннан қабылданған мемлекеттік мақсатты бағдарламаларда жасалынған шараларды дамыту үрдісі ойдағыдай және тиімді жалғасын табуы қажет.
Құрылыстық ұйымдардың қызмет етуінің болашаққа дамуына болжам жасау, оларға ұзақ мерзімге бәсекелестік үстемділікті қамтамасыз етеді. Ол, өз кезегінде, тұрғын үй құрылысы нарығындағы тұрақты жағдайдың қалыптасуына, өндірістік қуаттардың оңтайлы жұмыспен қамтылуы мен қажетті тиімділік деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.
Екіншіден, тұрғын үйді сату, негізінен, белгілі сатып алушыға оның дайындалуын бастамас бұрын тапсырыс берушіге және оның құрылысындағы технологиялық кешеніне өткізу болып табылады; дайын құрылыстық өнімді алуы мүмін болған тұтынушылар арасында инвестиция құюға мүмкіндігі бар инвесторларды іздеу құрылысты жобалау сатысында жүзеге асады. Бұл құрылыс саласында сұраныстың ұдайы өндіріс қызметінің, сұранысқа бейімделу қызметінен біршама жоғары екендігіне алып келеді; құрылыс өнімдері нарығы тұрғын үй құрылысы кешенінің барлық салаларын қамтиды.
Үшіншіден, құрылыс ұйымы сатылатын тұрғын үй мен алынатын табыстың қажетті көлемін өнімнің сапасымен өзара байланыста қамтамасыз ету арқылы өндірістік және құрылыс өнімін сату мәселелерін келіскен түрде шешуі қажет; құрылыс өнімдерін құру мерзімінің ұзақтығы және құруға көптеген маманданған тауарөндірушілерді тарту қажеттілігі инвестициялық-құрылыс үрдісін басқарудың қазіргі заманғы тиімді түрлерін, құрылымын және әдістерін қолдануды талап етеді.
Құрылыс ұйымдары саласының қызмет ету үрдісінде жобалық, бас мердігерлік және кіші мердігерлік құрылыс ұйымдары, құрылыс индустриясының кәсіпорындары және көлік ұйымдары инвесторлардың тапсырысы бойынша құрылыс өнімдерін жаратуға қатысады. Ақпараттық жарнама қызметін атқарушы ұйымдар, банктер, сақтандыру ұйымдары сатушылар (инвесторлар) мен сатып алушылар (мердігерлер) арасындағы мердігерлік қатынасқа, яғни құрылыс өнімдерін несиелеу және сақтандыру, келісім-шарттарды ұйымдастыру, жарнама жасау, кеңес беру т.б. жолымен қызмет көрсетеді [28].
Ұсынылған құрылымдық сызбада құрылыс кешенінің мердігерлік нарығында мемлекеттік реттеудің қызметтері бөлініп көрсетілген, ол инвестициялық-құрылыстық бизнестің шаруашылық заңдылықтары мен әкімшілік қадағалау арқылы салықтық міндеттемелерді және амортизация жарналары нормаларын, монополияға қарсы іс-шараларды, бюджеттік ассигнациялардың және субвенциялардың бөлінуін анықтау негізінде жүзеге асады (сурет 1).
Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру