Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

- жер қойнауын пайдаланушылар;

- банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

- қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

- астық қабылдау кәсіпорындары;

- сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

- инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

мақта өңдеу ұйымдары [4].

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары жатады.

Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді [5].

               Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган:

1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;

3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;

4) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді;

8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;

9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

13) кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды;

14-1) аудиторлық ұйымдардың заңсыз жол­мен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;

16) басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді [6].

               Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

              Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

               Аудитор

1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады [7].

               Аудиторлық ұйым

1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.

3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.

5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.

6. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.

8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

Аудит жүргізу шарты [8].

1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.

2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.

3. Міндетті аудит және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметін жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

4. Аудитордың және (немесе) аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтері коммерциялық құпияны құрайды. Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сақтау міндеттерін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады [9].

               Кесте 1 - Бағалы қағаздар аудитін жүргізу әдістері

 

Әдістің аты

Қысқаша мазмұны

1

Талдау әдісі

Кәсіпорынның бағалы қағаздармен жүргізген операцияларының талдауын болжайды, оларды есепте жүргізеді. Бұл әдіс бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша аранайы аудиторды дайындауды талап етеді.

2

Статистикалық әдіс

Салыстырмаларды, топтауды, таңдауларды қолдануға, фактіленген индекстелген бағдарларға негізделген. Бұл әдіс айтарлықтай қарапайым және арнайы әдебиеттерде жеткілікті қарастырылған соң тәжірибеде кеңінен қолданылады.

3

Нормативтік әдіс

Бағалы қағаздармен қандайда бір операциялардың қолда бар оңтайлы нормативтерді қолдануда тұрады.

4

Сараптамалық әдіс

Кәсіпорындағы бағалы қағаздарды есепке алудағы күрделі жағдайларда қолданылады. Бұл операциялардың нақты құрамын анықтау кезде арнайы сараптама қажет болса.

5

Нақты тексеру әдісі

Аудитор нақты бағалы қағаздардың болуын, бағалы қағаздар жылжу есебін, бағалы қағаздар операцияларының бухгалтерлік есебін тексереді

Ескерту – автормен құрылған

 

Аудиторлық есеп

1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.

2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады. Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі. Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады [10].

Өнім шығарылымы – бұл экономикадағы белгілі бір кезеңде рыноктық және рыноктық емес сипаттағы барлық өндірілген  тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жиынтық құны.

Бас мердігер – иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар – қосалқы мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін, олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты орындаушысы.

Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) - күрделi құрылысты жүзеге асыруға қаражат бөлінетін немесе осы мақсатқа меншiктi қаражаты бар және мердiгерлiк ұйыммен күрделi құрылысты жүзеге асыруға мердiгерлiк шарт жасасатын ұйым, кәсiпорын немесе мекеме.

Инвестициялық ресурстар –құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланатын құрылыстық және басқа да материалдар, сондай-ақ машина жасау өнімі (негізінен азаматтардың жеке пайдаланатын заттары ретінде тұтынылатын оның жеке түрлерінсіз, мысалы: мотоциклдер, велосипедтер, жеңіл автокөліктер және с.с.).

Құрылыстағы баға индексі – құрылыс жұмыстарына бағалар деңгейінің сол уақыттағы өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Құрылысқа жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, күрделі жұмыстар мен шығындар) жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.

Ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттарды салу, қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны [11].

Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.

Құрылыстың мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.

Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар – құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж  ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар).

Жобалау-іздестіру жұмыстары – инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар [12].

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ұлғайту – қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттарды құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың аумағында немесе оларға жалғас алаңдарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (ғимараттардың) жанында қосымша өндірістер салу, сондай-ақ негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатымен жаңа цехтар мен объектілерді салу және жұмыс істеп тұрған кейбіреулерін кеңейту.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрылымдау – қазір жұмыс істеп тұрған цехтар мен негізгі, қосалқы және қызмет көрсететін объектілерді қайта құру, бұл әдетте, негізгі мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды кеңейтусіз, оның өндірісін жетілдіру мен техникалық-экономикалық деңгейін көтеруге байланысты және өндірістік қуаттылықты арттыру, сапасын жақсарту, әрі негізінен жұмыс істеушілер санын көбейтпей еңбек ету мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты жағдайларды жақсарта отырып, өнім номенклатурасын өзгерту мақсатында кәсіпорынды тұтастай қайта құрып, жан-жақты жобалау бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ қайта құруға белгілі бір мақсаттағы бөлек ғимараттар басқа мақсаты болуына байланысты қайта құру жұмыстары жатады.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру