Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:49, реферат
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болып табылады. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз.
Кіріспе
Қонақ үйлердің жіктемесі.
Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға ұсынылған қонақүйлердің стандартты жіктемесі АҚШ және Еуропа елдері мысалында.
Әр түрлі категориядағы орналастыру орындарына қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болып табылады. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.
Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының феноменальді кеңеюіне айқын тенденция байқалуда. Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді.
Қонақ
үй қызметтерінің сапасы өндірістік
фирмалардың сапасынан шұғыл
ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ
үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта
өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер
сапаны қонақ үміттерін
Қонақ үйлерді олардың алуан түрлілігіне байланысты жіктеу қиын. Қонақ үйлердің негізгі жіктеу белгілері:
Әлемдік
саяхаттау ұйымымен қолданылуға
ұсынылған қонақ үйлердің стандартты
жіктемесі 1-кестеде көрсетілген.
Категориялар | Разрядтар | Топтар |
Орналасудың ұжымдық стандарттары | 1.Қонақүйлер
мен оған ұқсас орналасу |
1.Қонақүйлер
2.Соған ұқсас орындар |
2.Арнайы орындар | 1.Сауықтыру
орындары
2.Еңбек пен демалыс лагерьлері 3.Қоғамдық көлік орындары 4.Конгресс-орталықтар | |
3.Басқа да ұжымдық орындар | 1.Демалуға арналған
орындар
2.Кемпингке арналған алаңдар 3.Басқа да ұжымдық орындар | |
Орналастырудың жеке дара орындары | Орналасудың жеке дара орындары | 1.Өзінің меншікті
орындары
2.Жанұялық
үйлердегі жалға алынатын 3.Жеке
тұлғалардан немесе 4.Таныстармен немесе туысқандарымен тегін ұсынылатын орындар 5.Жеке
дара негіздегі басқа да |
1-кесте.
Әлемдік саяхаттау ұйымымен
Қонақүйлерді сонымен қатар бағыныштылық белгісіне қарай тәуелсіз коммерциялық кәсіпорындар немесе белгілі бір артықшылықтарды ұсынатын қонақүй тізбегіне кіретіндер деп бөлуге болады.
Қонақүйлер қызметінің тәжірибесінде сонымен қатар шартты жіктемені қолданады, оған сәйкес қонақүйлерді 2 түрге бөледі:
Жаңа дизайнды, спутникті теледидармен, телефонмен жабдықталған екі орынды, орта деңгейлі қазақстандық қонақүйлердің құны 90-120 АҚШ долларына дейін жетеді.
Әр түрлі елдерде қонақ үйлерді жіктеудің әр түрлі жүйелері қолданылады, дегенмен айрықша таралғаны француздық бес жұлдызды жіктеме болып табылады.Бес жұлдызды жіктемеге бағыттала отырып, Қазақстанда қонақүйлер «бес жұлдыз», «төрт жұлдыз», «үш жұлдыз», сияқты категорияларға жіктелген.
1998
жылы Қазақстандық қонақүйлер
және мейрамханалрадың
Бизнес нысанына байланысты қонақүйлер тәуелсіз, франчайзингтік, сонымен қатар басқаруға деген контрактілерді қолданып, қонақүйлер жүйесіне бірігуі мүмкін. Қонақүй тізбектері – бұл контракт бойынша басқаруға негізделіп, жұымыс істейтін қонақ үйлердің бірлестігі.
АҚШ-та 25 негізгі қонақ үй тізбектерін шамамен номерлердің барлық қорларының 50%-дан астамы біріктіреді. Негізгі жетекші компаниялары «Холидей Корпорейшн», «Бест Уэстинг».
Қонақ үй тізбектерінің пайда болуы, ең алдымен басымды бәсекемен және төмен баға бойынша тапсырыс беру қажеттілігімен байланысты. Бұл тізбектер өздерінің мақсаттарына жету үшін компьютерлік және ақпараттық қамсыздандырудың әр түрлі типтерін қолданады.
Тәуелсіз
кәсіпорындардың келесідей
Тәуелсіз қонақүйлердің кемшіліктері:
Отельдердің халықаралық жіктемесі:
1 жұлдызды | Негізгі жол жағынан ғимаратты қарапайым рәсімдеу. Отель айналасындағы учаскені қарапайым рәсімдеу. Негізгі холдың, яғни резервтеу орны мен тіркеу бағанасының көлемі жеткілікті. Холда демалыс орындарының саны шектеулі, қабырғадағы картиналар саны аз. Қонақтардың нөмірлері саланың қазіргі стандарттарына толық сәйкес келмеуі де мүмкін. Базалық қызмет көрсету. |
2 жұлдызды | Негізгі жол жағынан ғимаратты рәсімдеу сапасы орташа, отельайналасындағы учаске біршама рәсімделген. Негізгі холдың, яғни нөмірлерді резервтеу орын мен бағанасының көлемі орташа. Холдағы демалыс орындары шектелген, еденде кілем төселген, үстелдерде қарапайым көркем заттар , біршама өсімдіктер бар. Нөмірлер жалпы саланың қазіргі стандарттарына сәйкес келеді. Қызмет көрсету біршама жақсы. |
3 жұлдызды | Негізгі жол жағынан ғимаратты рәсімдеу өте жақсы. Отель айналасындағы ғимарат жақсы рәсімделген. Негізгі холдың, яғни резервтерді резервтеу орны ымен тіркеу бағанасының көлемі үлкен. Бірнеше орындарға топтастырылған демалысқа арналған орындар саны жеткілікті, еденде кілем төселген, көркемдік жағынан безендірілген әдемі армкадағы және жақсы сападағы көркем заттар, тірі өсімдіктер, жүкті тасымалдау үшін арбалар, әрбір қабатқа жауап беретінқызметкерлер үшін жеке оырн бар. Қоанқтардың нөмірлері осы сала бойынша қазіргі талаптарға толығымен сай. Отельде көрсетілетін қызмет түрі жоғары. |
4 жұлдызды | Негізгі жол жағынан ғимарат өте жақсы рәсімделген, отель айналасындағы учаске кәсіби түрде дайындаоған. Негізгі холдың көлемі үлкен, онда тарихи құндылықтары бар атрибуттар бар: нөмірлерді резервтеу орны мен тіркеу бағаанлары үлкен көлемді және мрамордан немесе ағаштың құнды түрлерінен жасалған, Кең учаскеде бірнеше орындарда топтастырылған демалысқа арналған орындар саны жеткілікті, ағаштан жасалған немесе кілем төселген еден, қымбат шамдар, жоғары сапалы көркем суреттер, тірі өсімдіктер саны көп, жайлы музыка, келушілер мен қайтатындарға арналған жеке орындар , әрбір қабатқа жауап беретін қызметкерлерге арналған жеке орындар.Қонақтарға арналған нөмірлер осы саладағы қазіргі стандарттарға толығымен сай және бірнеше қосымша жағдайлар жасалған. Қызмет көрсету жоғары сапада жүргізіледі. |
5 жұлдызды | Негізгі жол жағынан ғимарат өте жақсы рәсімделген, отель айналасындағы учаске кәсіби түрде рәсімделген, ағаштар мен архитектуралық көріністер өте көп. Негізгі холдың көлемі жағынан үлкен және онда тарихи құнды атрубуттары бар, нөмірлерді резервтеу орны және көлемді тіркеу бағаны, олар ағаштың қымбат түрінен немесе мрамордан жасалған, кең учаскеде бірнеше орындарда топтастырылған демалушыларға арналған орындар орын көп. Қымбат шамдар, жоғары сапалы көркем суреттер, тірі өсімдіктер мен жаңа гілдер саны мол, жайлы музыка, келушілерге және қайтатандарға арналған жеке орындар, әрбәр қабатқа жауап беретін қызметкерге арналған жеке орындар, консьержді қызмет. |