Қонақ үй классификациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 15:57, лекция

Описание работы

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп тұрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты кызмет көрсету деңгейі алуан тұрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

Работа содержит 1 файл

Қонақ үй классификациясы.docx

— 25.79 Кб (Скачать)

       4 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сырткы атының жазылуы болу керек, демеушілердің жарнамасы. Қонақ үй көп қабатты, 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонак үйде жылдам лифті (2 жүк тасымалдауга және 45 адамдарға арналған) кем болмауы тиіс. Қонак үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалган, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемденген, жалпы жаксы жарықпен және радио-видео-телеаппаратураларымен жабдықталған. Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.

Бассейні қонақ  үйдің қасында орналаскан және бильярд  ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері — үлкен кіреберіс жиһаздармен және толық жиһазбен жабдыкталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемшек, қонак үй ішіндегі және кала бойынша телефон болады.

         5 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты казіргі заман талабына сай, кеп қабатты. Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері, кымбат соңғы үлгідегі қүрылыс материалдарынан салынған. Кіре-беріс есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген (төсеніштер, гүлдер, клумбалар т.б.), міндетті түрде туристердің және конак үйдің транспорты тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан

                                                      14

салынады және теңізге  шыга алады. Төбесі жабылған бассейн  қорғалмалы қакпамен салынады. Бассейн  жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар т.б. барлығы  да тегін. Бұл жерде-ақ, солярий (ауа  ваннасы) болуы мүмкін. Массаж т.б. қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы  түрде жүргізіледі. Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг-понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен катар, бильярд және гольф ойындарына арналган заддары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары; біреуі - холдың қасында орналасқан, барлығына да ашык. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірак, сахнасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін. Екіншісі - қымбат концерттерге, керсетулерге, шоу-багдарламаларға, лекцияларга арналган. Екінші концерт залы ақылы. Орталық холл өте үлкен (ол бүкіл қонақ үйді көрсетеді): кабырғалардың дизайны, жиһазы, жарықпен камтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі. Үлкен коридор, кіреберіс және нөмірлер дыбыстартқыш паласпен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшіктері төселген. Ванна, душ, дәретхана, биде, 3 орамал, бөлмеге киетін аяк-киім, халат, тіс пастасы, сабынсу — әрбір бөлмеде міндетті түрде бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    15

Информация о работе Қонақ үй классификациясы