Қонақ үй классификациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 15:57, лекция

Описание работы

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп тұрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты кызмет көрсету деңгейі алуан тұрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

Работа содержит 1 файл

Қонақ үй классификациясы.docx

— 25.79 Кб (Скачать)
    1. Қонақ үй классификациясы

  Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп тұрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты кызмет көрсету деңгейі алуан тұрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

      Қазіргі  қонақ үйлерді классификациялау  жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық  қонақ үйлер ассоциясының үлгісі  бойынша және сертификациялык  ережелерінің заңдастыру материалдық  базасының сандык сипаты, сервистік жағдайға, кызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.  Қонақтарды қабылдау орнындағы жихаз, жаңа технологияға қарай оның қандай қонақ үй түріне жататынын біле аламыз.

      1, 2, 3 қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы,  ассортименттері және қызмет  көрсету бағасының әртүрлігі.

     Ассортименттері  мен қызмет көрсетулердің бағасы  бойынша, қонақ үй шаруашылығьн  бірнеше типтерге бөлуге болады:

• Арзан конақ  үйлер немесе қызмет көрсету сервистерімен  шектелген (мотельдер, үнемдеу класына  жататын қонак үйлер және т.б.) — қызмет көрсетудің кейбір түрлері  ғана ұсынылады. Кейде, кейбір қонақ  үй шаруашылықтары, кызмет көрсету  тұрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ  орташа деңгейде.

• Орташа деңгейдегі қонақ үйлерді (курорттық қонақ  үйлер, жекеменшік қонақ үйлер және т.б.) — кез-келген әлеуметтік деңгейі  орташа туристер тобы тандай алады. Бұл  жерде қызмет көрсету түрлері  орташа.

• "Люкс" отельдер (толық қызмет көрсететін қонақ үй тұрлері, жоғарғы класты конак үйлер  және т.б.) — фешенебельді декормен, жоғаргы деңгейдегі жиһаздармен  жабдыкталған, қоғамдык бөлмелерімен

                                                    8

қамтамасыз етілген, салондары жақсы жабдыкталған. Жоғарғы  деңгейдегі

 конак үй шаруашылығында, нөмірлердің салдарына (кейбір  кездерде, олар бір-біріне сәйкес  келеді) байланысты қызмет көрсетушілердің  пайызы жоғары.

    Люкс-отельдерде 100-ден 400-ге дейін нөмірлер бар. Қаланың ортасында орналасқан, жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетумен сипатталады, бағасы жоғары, туристтердің құрамында лауазымды адамдарга арналған, қымбат бөлмелері бар және қонақтардың тұрақтауы үшін элиттік деңгейдегі жағдай жасалынған, негізінен ірі мекемелердің жетекшілері, жоғарғы деңгейдегі кәсіби мамандар, конференцияға қатысушылар үшін арналған.

    Курорттық  қонақ үйлерде 100-ден 500-ге дейін  нөмірлер болуы мүмкін, олар теңіздерге, мұхитқа, көлдерге, тауларға жақын орналасқан, қала маңында, қызмет көрсету түрлері ұсынылады, қалалық қонак үйлерден қымбаттырақ. Саны жағынан, спорттык кешендер көбірек, қымбат мейрамханалары,банкет залдары, кездесулерге арналған жолдары және туристердің категориясына байланысты салынған.

    Үнемдеу  класына жататын қонақ үйлерде  нөмірлік фондына немесе қорына  байланысты 10-нан 150-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, қалаға жақын арада орналасқан, кішігірім қызмет көрсетушілер штаты бар, қазіргі заманға сай орташа баға ұсынылады, нөмірлері жақсы жиһазбен жабдықталған, бірақ тамактандырусыз. Тұрғындары негізінен жұмыс бабымен келгендер және туристер.

     Комфорттылық  деңгейі, тек қана қонақ үйлердің  базасының тұрмыстық жағдайына  байланысты ғана емес, сонымен  қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің  жұмыс сапасына да байланысты  болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әртұрлі классификациялар бар. Дүниежүзіндегі қонақ үйлерге бірдей классификацияны енгізуге, мемлекеттердің тарихи-мәдени дамуына байланысты кейбір факторлар әсерін тигізеді. Сонымен қатар, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, қызмет көрсету сапасына және т.б. бағалау сапасына байланысты болып келеді. Төменде әртүрлі елдердегі берілген классификацияларының ерекшеліктері қарастырылады. 

                                                           9

     Жұлдыздық  жүйе. Көбінесе кездесетін қонақ  үйлердін классификациясы француз ұлттық классификациясы болып табылады. Барлық дерлік қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір "жүлдыздар" саны да бірқатар көбейеді.

      Қонақ үйдің орналастыру бөліміне нөмірлер, баспалдақтар мен лифтер кезекші персонал бөлмелері кіреді және ол түрлі формада болып онда бір немесе бірнеше коридорлар болуы мүмкін. Нөмірлерге жалпы тұрғын бөлімнің 54-70 %, ол коридорларға 13 тен 22 % дейін көлемі келеді. Нөмірлер орын санына бөлмелер санына көлеміне және жабдықталуына қарай бөлінеді. Қонақ үйлердің нөмірлерінің көпшілігі, дүние жүзілік тәжірибе бойынша, бір орындық және бір бөлмелік болып келеді. Бөлме кеңістігі бірнеше функциональдық бөлімдерге бөлініп, бір бөлмелі нөмірдің 70 % тұру бөліміне 14 % кіре беріске, 20 % санитарлык торапқа тиесілі болады. Жалпы көлемі бұндайда 7 ден 14 кв. м дейін қазіргі заманғы талаптар бойынша бұл көрсеткіш 14-18 кв. м 20-21 кв. м дейін болады.

       Қызмет етушілердің алыста болуы қызмет сапасын төмендетіп, колайсыздык тудырады, сондықтан қызмет етушілердің бөлмелері әр қабатта орналасқаны дұрыс. Нөмірлердегі тазалау үш түрде болады: күн сайынғы, тұрушының кетуінен кейінгі және толықтай тазалау. Тазалауды тұратын адамның рұқсатымен не ол жоқта жасау керек. Нөмірлердегі қызмет етушінің міндеттеріне бөлмелерді желдету, ыдыс жуу, төсек жинау, шаң сүрту, төсек жабдыктарын ауыстыру т.б. жатады.

       Қонақ үй әр түрлі инженерлік жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оны жұмыс жағдайында ұстау керекті технология мен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау сақталынуы керек. Сумен жабықтау: ыстық сумен, өрт сендіретін сумен, тамақка пайдаланатын және тұрмыстық қызметке қажет сумен қамтамасыз етеді. Ауа тазартқыш жылу беретін жүйелер де, сондай-ақ өрт сөндіру жүйесі қалыпты жұмыс істеуі керек.

      Қонақ үйлердегі қызмет түрлері үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты.

                                                10    

Қызмет көрсету  түріне қарай қызметкерлердің жұмысын  анықтайды, белгілейді.Негізгі қызмет түрі:

- әкімшілік басқару қызметі;

- қабылдау және  орналастыру қызметі;

- нөмірлік қор қызметі;

- қоғамдық тамақтандыру;

- коммерциялық;

-инженерлік-техникалык;

- қосымша және  көмекші қызмет.

      Қонақ үй қызмет түрлері жоғарыдағы схемада түсінікті берілген Біз өзіміз білетін қонақ үй негізінде «Амбасадор» қонақ үй қызметіне тоқталып өтуді жөн көрдік.

      Әкімшілік қызмет міндеттеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлім қызметіне жауапты. Қаржы мамандармен қамтамасыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуге жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, қауіпсіздікті сақтау, өрттен сақтану және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды камтамасыз етеді. Қызмет құрамы: хатшы, кадр, қаржы, инспекторлар (өртке карсы кауіпсіздік, техникалық кауіпсіздік).

      Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды брондау (сұраныс беру) конақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарында, бөлмелерде қызмет ету, сонымен қатар қонақтарға үйлеріне шығарып салумен айналысады. Қызмет құрамында: директордың орынбасары (менеджер түрлері), әкімшілік кызметкерлері, портье, есептеу операторлары, төлқүжат және анықтама қызметкерлері, швейцарлар, жүк тасушылар, кауіпсіздік кызметкерлері т.б. болады.

      Нөмірлік қор кызметкерлері қонақ үй тазалығынан бастап тұрмыстық қызмет керсетуді қамтамасыз етеді. Оның құрамында: менеджер (директордың орынбасары), қабаттағы қызмет көрсетушілер, үй тазалаушылар, кезекшілер, кастелянша, кір жуу қызметкерлері.

                                                      11

      Тамақтану қызмет орны (ресторан) мейрамхана, кафе, барларда

презентация, банкет, тамақтануды үйымдастырады. Бүл  жерлерде менеджерлерден баска асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторы жұмыс істейді. Коммерциялық қызмет конақ үйдің оперативті стратегиялык жоспарлау мәселелерімен және қызмет көрсету түрін оңтайландырумен қонак үй сұранысы сараптап үнемі жүзеге асырып отырады.

     Коммерциялық қызмет тобында - директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері жұмыс істейді. Қаржы қызметі қонақ үйдің қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп, қадағалап қаржыландырып отырады. Бұл сала өте жауапты және қомақты жұмыс істейтін бөлім.

Инженерлік-техникалық қызметкерлердің негізгі міндеті: электр, санитарлық-техникалык жүйені қадағалау, жөндеу құрлыс жұмыстарын үйымдастыру, байланыс телекомуникация жұмысының дұрыс болуы, Қазақстан қонақ үйлерінің көпшілігі ескі ғимараттарда, сондықтан да күрделі жөндеу,технологиялық өзгерістер қажет етеді. Ал ірі қонақ үй шаруашылығы, кейінгі салынғандары Европалық стильде, қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары болуына әкеліп соғатынын корсетуде.

     Желдеткіш салқындатқыш қондырғыларының дүрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.Көмекші қызмет тобы түрмыстық қажет жұмыстарын реттеп отыратын конақ үй кешенінің бір бөлімі.Оған кір жуу, химиялық тазарту, аяк киім жөндеу т.б. жаткызамыз.Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталык, спорттык-шыныктыру орталығы, шаштараз, сүлулык салондары, магазин т.б. жатады.

     Қызмет түрлерінің ортақ моделі кездеспейді. Олардың әр түрлі конақ үй статусына тікелей катысты. Қонак үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Оған төмендегілер сәйкес келуі тиісті:

1. Басқару органдарының  көп болмауы;

2. Қызмет белімдері  ықшам, мамандармен қамтамасыз  болуы;

                                                 12

3. Қызмет көрсету  және барлык жұмыстарды түтынушы  сүранысына сәйкестендіру керек.

       Қонақ үй шаруашылығының осындай моделді мекен жайларының қызмет көрсету жүйелігі, әрқашанда өзінің сапалы дәрежелі денгейін көрсетеді. Ол мынандай қонақ үйлердің жұлдыздық жүйелігіне сай болуы қажет.

      1 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты ескі, 1-2 қабатты, бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, едені ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет тұрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан (әрбір қабатында бір-бірден немесе сыртта), асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортак. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындыктары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жок, электр жүйесі ортақ, тесек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік тек қана күндіз, күзеті жоқ.

      2 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған. 1 -3 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджиясы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсак жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналган лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен бірге орналаскан. Тесек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады; ыстық елдердегі конак үйлерде кондиционері бар; 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындыктар, тоңазыткыш, телевизор, конак үй ішіндегі телефон, кала бойынша телефон кезекшіде ғана бар; элекір жүйесі ортак. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй бойынша тәулік бойығы кезекшілік жүргізіледі.

     3 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған; 2-7 кабатты ғимарат, қонак үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңгайлы жұмсақ креслолары бар. Қабаттардың бірінде, тәулік бойы, бары жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген;

                                                                 13

жылдам лифті (жүк  және адам тасымалдауга) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына  аты жазылады. Бөлмелер кішігірім  жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Тесек орны бар; электр жүйесі белме бойынша барлығына да ортак. Терезелері ашылады, балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонак үйдің қабырғалары суреттермен әшекейленген, телевизорды пультті; кондиционер; тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек кана "люкс" нөмірлерінде); қонақ үй бойынша телефон тегін; ал қала бойынша ақылы; дүние дәретханасымен бірге орналасқан; дәретхана қағазы, орамал (қол сүртетін және моншалык), сабын (күнделікті ауыстырылады).

Информация о работе Қонақ үй классификациясы