Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 08:02, курсовая работа
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді.
Кіріспе
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді. Қазақстанда туристік орталық болу үшін барлық алғышарттар бар, атап айтқанда тарихи ескерткіштердің көптігі, еліміздің сұлу табиғаты, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген объектілері осының айғағы. Осыған орай, еліміздің бәсекелестік артықшылығын және кластерлік бастамашылығын ескере отырып, үкімет туристік индустрияны дамытудың ұзақ мерзімге арналған стратегиясын мақұлдады. Әлемдік стандарттар мен осы заманғы талаптарға жауап беретін дамыған туристік кешенді тез арада құру үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалуы қажет. Осы бағытта министрлік қандай жұмыстарды жүргізіп отыр? Республиканың статагенттігінің деректері бойынша былтырғы жылы туристер саны 16598,9 мың адамды құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артты. Өткен жылдың қорытындылары бойынша республикада шамамен алғанда 1273 қонақ үй шаруашылығы жұмыс істейді, олар былтырғы жылы 58,2 млрд. сомаға қызмет көрсеткен. Министрлік еліміздің ІЖӨ (ішкі жалпы өніміндегі) туризм үлесін арттыру үшін мынадай бағыттарда жұмыстар жүргізуде: шетелдік туристер үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту, туристік сала үшін халықаралық танымал кәсіптік стандарттар негізінде мамандар даярлау, авиатасымалдар тарифтерін төмендетуге бастамашылық жасау, туризм алуан түрлі салаларда қызмет көрсету мен өндірістің ауқымды спектрін қамтитын болғандықтан, ірі демалыс және ойын-сауық орталықтарын салуға инвесторлар тартуға ықпал жасайтын болады. Бүгінгі әлемде мемлекеттің табысты экономикалық дамуы көбінесе оның халықаралық аренадағы ұстанымына, оның мәртебесі мен рейтингіне және имиджіне байланысты болады. Қазақстанды әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік қандай шаралар қабылдауда, бұның өзі түптің түбінде шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді емес пе? Қазірде біз еліміздің ұлттық туристік брендін әзірлеуге қатысты жұмыстар жүргізудеміз, дипломатиялық корпусты тарта отырып, жұмыс тобын құрудамыз. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) шеңберінде еліміздің туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 4-жылдық салалық бағдарлама әзірленді. Бұл салалық бағдарлама ішкі және сырттан келетін туризмді дамытуға бағытталған. Салалық бағдарламаға сәйкес жаңа туристік инфрақұрылымдар жасалады, бұрынғылары қайта жаңартылатын болады, жаңа туристік бағыт ретінде Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін оның оң имиджі қалыптастырылады.
1. Қазақстан туристік индустриясы1.1 Қазақстан туристік индустриясының қазіргі ахуалы |
Туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар туризмі 22,3 %-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемінде және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін).
Негізгі көрсеткіштердің
төмендеуі әлемдік
Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейін немесе 18,9 %-га төмендеді.
Сырттан келушілер
туризмі статистикасының
2007 - 2010 жылдар ішінде
саланың дамуы Мемлекет
Бұл кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. 2008 жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) туризм мәселелері жөніндегі бұйрықтары бекітілді .
Министрлік имиджді
қалыптастыру жөніндегі, оның ішінде Қазақстан
туризмін шетелде ақпараттық насихаттау
жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде
жүргізіп отырғанын атап кету керек.
Негізгі бағыттары жарнамалық бейнероликтерді
жасау және әлемнің жетекші
2009 жылғы қазан
айында Астана қаласында
ЮНДТҰ Бас Ассамблеясы жұмысының қорытындысы бойынша әлемдік туризм үшін стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды:
1. Жібек жолында туризмді дамыту жөніндегі Астана декларациясы.
2.
Қазақстан Республикасының
Қабылдаған шаралардың арқасында зор туристік әлеуеті, бірегей табиғаты мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар ел ретінде Қазақстан туралы айтыла бастады.
Жергілікті жерде
туризмнің дамуын тежеп отырған
негізгі проблемалар мен
Мастер-жоспардың
ұсынымдары Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-
Туризмді дамытуда ұлттық кластер құру болжанып отырған, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жобасы ерекше орын алады. Осы мақсаттарда халықаралық көлік дәлізінің бойында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында үш санаттағы жол бойы инфрақұрылым объектілерін салу жоспарланып отыр. Мәселен, Ақтөбе облысында 5 жыл ішінде «Greenland», «Ырғыз керуен-сарайы» демалыс базалары тәрізді инвестициялық жобалар іске қосылып, Қызылорда облысында 2020 жылға қарай «Байқоңыр» туристік орталығы мен «Ғарыш айлағы» сауда ойын-сауық кешені, Қамбаш көлінде, киіз үй отелі, сондай-ақ «Қорқыт Ата» туристік орталығы салынатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында «Көне Түркістан», «Ежелгі Отырар» туристік орталықтарын құру болжанады, осылайша Ұлы Жібек жолының бойындағы барлық бағдарлар жасалатын болады. Аталған жобаларды іске асыру мемлекеттің белсенді қолдау көрсетуін қажет етеді, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың көлік дәлізінің бойынан жер телімдерін бөлуін, жаңадан құрылып отырған туризм индустриясы объектілеріне инженерлік-коммуникациялар жүргізуді, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша пайыздық ставкаларын субсидиялауды болжайды. Пилоттық жоба шеңберінде алғашқы кластерлік бастамашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету белгіленіп отырған жоспарларды іске асыру үдерісіне туристік саланың көптеген кәсіпкерлерін тартуға жағдайлар жасады. Бұған қазіргі бар жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі де әсерін тигізді және біртіндеп 2006 жылдан бастап елімізде қонақ үйлер салына бастады, өңірлерде туризм индустриясының ескі нысандары жаңартылды, жаңалары салына бастады.
Туризмді дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетумен қатар, отандық сондай-ақ шетелдік инвесторлар тартыла ма?
Біз жаңа туристік орталықтар құру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде жұмыстар жүргізудеміз. Бұл инвестициялар туризмнің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсету саласын дамыту үшін, бәсекелестікке қабілетті туристік индустрия құру үшін, спорттық ойын-сауық, ойын, көлік-логистикалық, сауда орталықтарын құру үшін қажет, туризм мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін қажет. Бүгінгі күні көптеген инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл «Бурабай» халықаралық туристік орталығының құрылысы, қазіргі таңда құрылыстың бірінші кезеңі аяқталуда, оған 402 орындық отель, СПА-орталық пен сауықтыру орталығы кіреді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында «Кендірлі» халықаралық курортын салу жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда ол бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халықаралық орнықты даму компаниясы» (SWDC) арасында осы туристік кешеннің және курорттық демалыс аймағының құрылысын салу бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы келісімге қол қойылды. Бұл, сондай-ақ, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығының жобасы. Үстіміздегі жылғы 6 маусымда Дүниежүзілік Ислам Экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Турим және спорт министрлігі мен «ALM Group Of Companies» компаниясы арасында осы жобаны іске асыруға 2 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялар тарту туралы ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстанның өңірлері бойынша басқа да барынша өзекті инвестициялық және коммерциялық жобалар пысықталуда, туризм инфрақұрылысын дамыту мақсатында инвестициялар тартуды көздейтін осы жобаларға Министрлік қолдау көрсетуде.Бұл жерде көп нәрсе жергілікті билік орындарының бастамашылығына, туризмнің осы өңірді гүлдендіру көзі екенін түсінуіне байланысты. Сонымен бірге, аса қуатты туристік орталықтар құру үшін мемлекет тарапынан да, отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан да ақшалай салымдар қажет. Қазіргі кезде бұл бағытта оң қозғалыстар бар екенін айта кету керек. Мәселен, 2010 жылы туристік саладағы инвестициялар көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 58,3 пайызға артты және 194,6 млрд. теңгені құрады.: Тау шаңғысы туризміне назар аударыла ма?
Әлбетте. Мәселен, Алматы
облысында инвестициялық
Бұл мәселе бүгінгі
таңда басты мемлекеттік
1.2
Туристік саланың күшті
және әлсіз жақтарын,
мүмкіндіктері мен қауіптерін
талдау
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
|
|
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
|
|
Информация о работе Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары