Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 08:28, доклад
Қазақстандағы туризмді ұйымдастыру ерекшелктері, қиындықтары, статистикалық мәліеттер. Туристік индустрияны дамыту алғышарттары.
Бұл Заңға қазіргі уақытқа дейін біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (кесте 3).
Қазақстанда әзірге дейін туризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.
Туризмнің
дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір
себебі – туризмді дамытуға қажетті
факторлардың ғылыми негіздемелерінің
жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз
туризм саласын дамыту мүмкін емес.
Кесте
3 - Қазақстан Республикасының «
№ | Заңның аталуы | Өзгертулер мен толықтырулар мерзімі | Номері |
1 | Қазақстан респуб-ликасындағы туристік қызмет туралы | 22 ақпан 2002 ж. | 296-II |
4 желтоқсан 2003 ж. | 503-II | ||
20 желтоқсан 2004 ж. | 13-III | ||
31 қаңтар 2006 ж. | 125-III | ||
12 қаңтар 2007 ж. | 222-II | ||
21 шілде 2007 ж. | 307-II | ||
5 шілде 2008 ж. | 59-IV | ||
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған |
Туризм саласындағы фирмалар елге ұлттық табыс ретінде валюталық ресурстарды тартатын болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.
Қазақстан жерінің таңғажайып табиғаты кез келген саяхатшының көзін қызықтырады. Қазіргі міндет барды ұқсатып, көрікті мекендердің сұлулығын жарнамалау арқылы туризмнің қазақстандық брендін қалыптастыру. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамыту.
Бұдан басқа, бүгінде шешілуі көзделген мақсатқа – Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талаптарға сай емес.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол жолаушы тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы едәуір проблемаға айналып отыр.
3.
Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың
және олардың біліктілігін
Туризмді
дамытуға кедергі жасайтын негізгі
проблемалардың бірі қызмет көрсететін
салада мамандандырылған туристік кадрлардың
болмауы болып табылады. Бұл туризм
индустриясы объектілерінде білікті
мамандардың болмауы
4.
Туристік индустрияда
Бұл проблема жоғарыда аталған мәселемен өзара байланысты, өйткені қызмет көрсету саласындағы төмен сапа туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұған басқа, бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу мерзіміне, шетелдік туристерді тіркеу рәсімдеріне, кедендік және паспорттық бақылауға қатысты.
5.
Туризм елі ретінде
Елдің оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың жұмыс істеу мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін растап отыр.
Ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейі сақталған жағдайда, отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі тұрмыс деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын арттыру, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдай жасау үшін жеткіліксіз болады.
Туристік
саланың дамуына негізінен
Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) («Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) негіз болып табылады.
ҮИИДМБ шеңберінде Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленді.
Сонымен қатар, саланың дамуына ішкі факторлар да әсер етеді, оған кадрлық саясатты (кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру) отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.
Бүгінгі күні туристік сала үшін кадрларды даярлау жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша 77 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.
Министрліктің
әлемнің жетекші
Сонымен,
Қазақстанның экономикалық дамуындағы
туристік қызметтердің ерекшеліктерін
сипаттайтын көрсеткіштерді және оны
реттеудің әдістемелік негіздерін зерделей
отырып, туризмді ұйымдастырудың ұтымды
бағыттарын айқындау және тетіктерін
белгілеу үлкен зерттеулік жұмыстарды
қажет ететін күрделі үрдіс екеніне көз
жеткізуге болады. Сондықтан, туристік
қызметтердің сапалылығы мен деңгейін
дұрыс бағалау заман талабы.
Қолданылған
әдебиеттер:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті ұйымдастыру мәселесі