Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті ұйымдастыру мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 08:28, доклад

Описание работы

Қазақстандағы туризмді ұйымдастыру ерекшелктері, қиындықтары, статистикалық мәліеттер. Туристік индустрияны дамыту алғышарттары.

Работа содержит 1 файл

БАЯНДАМА.doc

— 125.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ  атындағы Еуразия Ұлттық университеті 

Халықаралық қатынастар факультеті 
 
 
 
 
 
 
 

Баяндама 

Тақырыбы: 

Қазақстан Республикасындағы    туристік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселесі 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                    Орындаған: Дуйсенова П.А.

                                                                                                 ХҚ-41 тобы студенті

Қабылдаған: Бержанова А.М. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АСТАНА 2011

      Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты  саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл  бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.

     Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпанындағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді. 

      Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы  Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасында  туристік қызмет туралы» Заңының  шығуы бұған дәлел болады.

     Бүкіләлемдік  туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.

     Қазақстан республикасы Президентінің халыққа  жолдауында экономиканың басым секторларын  кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді  дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады. 

    Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа  да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда  жақында басталды. Туристік қызметтік  жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның тақырыбын таңдауға себеп болды.

     Туризм  көптеген дамыған және дамушы елдер  үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де

бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

     Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді (сурет 1). 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 

 
 

 
 
 

Сурет 1 -  Туризмнің экономикадағы ролі 

 Ескерту:  Зерттеу мәліметтері негізінде  автор құрастырған. 

    Туристік  қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.

    Өкінішке  орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.

    Көптеген  туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады.

    Туризм  саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды  жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

    Туризм  индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.

    Туризм  саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың  пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: «Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді» - деп тұжырымдауға болады.

    Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы  шет елдік тәжірибеге талдау жасай  отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін  бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.

    Туризмді  ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде  қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.

      Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік  туристік әкімшілік  жергілікті басқару  орындарымен және жеке бизнеспен  бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.  Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке)  меншікті институттарды алуға болады.

      Туризмді  басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы  туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі  туризмнен келетін кірістер бюджеттің  маңызды баптарына кіреді.

      Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.  

      Туристік  индустрияны ұйымдастырудың азиялық  үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 1). Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда. 
 
 
 
 
 

Кесте 1 - Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері 

Туризмді  ұйымдастырудың үлгілері Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер Реттелу ерекшеліктері Қаржылану жағдайы
Еуропалық Италия, Испания, Франция және т.б. Мемлекеттік рет-теу  институттары, жеке реттеу инс-титуттары Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Азиялық Түркия, Египет, Тунис, Марокко, Қытай және т.б. Басым түрде  мем-лекеттік реттеу институттары Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Қазақстандық Қазақстан Республикасы Басым түрде  мем-лекеттік реттеу институттары Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде  автор құрастырған
 

    Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік  туристік қауымдастықта өз орнын  табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы  ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

    Сапалы  туристік қызметтерді ұйымдастыру  мен туризм саласын реттеу мақсатында мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар 2007-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған. Қазақстанда 2008 жылдың өзінде сыртқы туризм 2 есеге өссе, ішкі туризм 2005 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, жалпы түсімі 6,5 млрд теңгеге жеткен.

    Негізгі туристік ресурстар бойынша да оң өзгерістерді байқауға болады. Олардың  көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 11 пайызға  артқан (кесте 2).

    Туризмді  реттеу бағытында да біраз іс-шаралар  жүзеге асырылды. Мысалы, 2001 жылдың 13 маусымында № 211-11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы шықты.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кесте 2 – Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері  

Негізгі көрсеткіштер 2005ж 2006ж 2007ж 2008ж 2008-2011 жж. салыстыру,%
Қызмет  көрсетілген келер-мендер саны, мың адам 10649,0 11889,6 13787,6 14101,7 130
Келу  туризмі, мың адам 4365,0 4706,7 5310,6 5441,3 122
Шығу  туризмі, мың адам 3004,0 3687,9 4544,4 4598,5 166
Ішкі  туризм, мың адам 3280,0 3495,0 3932,6 3981,1 121
Туристік  фирмалар саны, бірлік 846 921 1007  
1163
145
Туристік  қызметпен шұ-ғылданатын жеке кәсіпкер-лер  саны, бірлік 30 41 51 58 170
Негізгі туристік ресурстар, барлығы:

оның  ішінде:

6656 7109 7405 7463 112
Мұражайлар, бірлік 187 185 195 195 106
Театрлар, бірлік 51 53 55 56 108
Концерттік  ұйымдар, бірлік 66 61 67 69 110
Цирктер, бірлік 3 4 4 4 133
Клуб  үлгісіндегі мекемелер, бірлік 2409 2600 2824 2839 120
Кітапханалар, бірлік 3664 3848 3935 4067 5011
Киноқойылымды жүзеге асыратын ұйымдар, бірлік 120 194 149 154 133
Луна-саябақтар  мен дема-лыс саябақтары, бірлік 50 53 63 66 126
Хайуанаттар саябақтары, бірлік 4 4 4 4 100
Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар, бірлік 102 107 109 109 108
Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде  автор құрастырған

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті ұйымдастыру мәселесі