Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:14, реферат
Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын шешімдердің жиынтығы. Бюджет саясатының мазмұны алуан қырлы және оны әзірлеу кезеңдерінің тізбектілігін ғана емес, сонымен бірге оның атқарымдық және уақыттық жақтарын да қамтиды.