Бюджет саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:14, реферат

Описание работы

Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын шешімдердің жиынтығы. Бюджет саясатының мазмұны алуан қырлы және оны әзірлеу кезеңдерінің тізбектілігін ғана емес, сонымен бірге оның атқарымдық және уақыттық жақтарын да қамтиды.

Работа содержит 1 файл

Экономика.doc

— 89.00 Кб (Скачать)

     Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын шешімдердің жиынтығы. Бюджет саясатының мазмұны алуан қырлы және оны әзірлеу кезеңдерінің тізбектілігін ғана емес, сонымен бірге оның атқарымдық және уақыттық жақтарын да қамтиды. Мемлекеттің қаржы саясатының бір бөлігі ретінде Бюджет саясаты экономикалық саясаттың түп қазығы, ұйытқысы және мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Нарық жағдайында бюджет саясаты — мемлекеттің қоғамдық өндіріске экономикалық ықпал етуінің негізгі бағыттарын айқындаудың басты тұтқасы. Бюджет саясатын әзірлеуге заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар қатысады. Қазіргі Қазақстанның конституциялық құрылымы бойынша бюджет саясатын әзірлеуде Қазақстан Республикасының Президентіне басымдық беріледі, ол өзінің жыл сайынғы жолдауында бюджет саясатының ағымдағы жылға арналған және келешектегі негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындап береді.

     Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпыұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси,экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.

 

Мемлекеттің салық  саясаты және қазіргі салық саясатының ерекшеліктері  
  Салық жіктемесі 
  Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары.                      Салық жіктемесі 
Барлық  өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі: 
-   салық салу объектілері бойынша; 
-   салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай; 
-   пайдалану тәртібі бойынша; 
-   объектінің экономикалық белгісі бойынша; 
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. 
Тікелей салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен алынатын салықтар. Тікелей салықтардың ең соңғы төлеушісі (салық салынушы) болып мүліктің (табыстың) иесі табылады Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.б.) салынады. Жеке тікелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді. 
Жанама салықтар – бағаға не тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. 
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады. 
Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. 
Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай төмендегіше бөлінеді: 
Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады; 
Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады; 
Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады. 
Кедендік баж – экспортты-импортты операциялар жасау кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады. 
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай  салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. 
Жалпы мемлекеттік салықтар – барлық элементтері мемлекеттің заңдарымен анықталатын және сол елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын – Парламент. Бұл салықтар ірі деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.  
Жергілікті салықтар – мемлекеттің заңдарына сәйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады. 
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және арнаулы болып бөлінеді.  
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық). 
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.  
     Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары 
Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді. 
Шаруашылық жүргізудің нарықтық  кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макро деңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді. 
    Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты. 
    Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі. 
    Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. 
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. 
Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпы мемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады,  яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді. 
ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру. 
Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді. 
Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді. 
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады. 
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады: 
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; 
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау; 
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу). 
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға  мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. 
ТҮЙІН 
Барлық  өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі: 
-   салық салу объектілері бойынша; 
-   салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай; 
-   пайдалану тәртібі бойынша; 
-   объектінің экономикалық белгісі бойынша; 
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі. 
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. 
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

 

     Бюджет-салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мәні

1.1 Фискалдық  саясаттың түсінігі мен мәні 
Салықтар, белгілі болғандай, мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарының қаржыландыру көздерінің бірі және мемлекеттік басымдықтарын өтеудің экономикалық құралы. 
Салықтар - мемлекеттік егемендіктің ықылас білдіруінің бірі. Осынысымен олар мемлекеттік мүліктер мен қарыздардан алынатын табыстардан ерекшеленеді. Мемлекеттің егемен құқығы болып әрқашанда салықты өндіріп алудың құқығы тиынды шығару және әділ сотты жөнелту сияқты, соған орай, салықтар біржақты тәртіпте белгіленген. Салықтар және олардың қызметтері нақты базисті көрсетеді, яғни салықтық саясатта мемлекетпен қолданылатын салықтық қатынастардың жылжуының   объективті заңдылықтары. 
Салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы қолданылуды анықтайтын үкімет органдарының және басқарудың құқықтық қызметтердің кешенінің ұсынушы болып есептеледі. Бұл көзқарастан, халық аймағындағы саясат - бұл сонымен қоса мемлекеттік табысты реттеу, жоспарлау және бақылау кезінде салықтық техниканы жүзеге асырудағы құқықтық нормалар. 
Қазіргі экономистердің анықтауы бойынша, салықтық саясат қаржылық саясаттың бөлігі болып табылады. Салықтық саясаттың мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік- экономикалық құрылым мен үкімет басындағы тұрған әлеуметтік топтармен шарттасылған. Экономикалық негізделген салықтық саясат салықтық жүйе арқылы орталықтанған құралдарды оптимизациялаудың мақсатының ізіне түсуде. Батыс экономистері салықтық саясатты бөлек бөлмейді және мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін орындауын салықтар арқылы жүзеге асырудың қаржыландыруын түсіндіруімен, мемлекеттік шығындардың жағдайларын зерттеуінсіз салықтардың әсерін қарастырмайды. 
Жұмыспен қамтылу, өндіру көлемдерінің және инфляция қарқынының өзгеру деңгейіне бағытталған үкіметтің арнайы шешімдерінің нәтижесінде мемлекеттік шығындардың, мемлекеттік бюджеттің, салықтарының және сальдо мөлшерлерінің «мақсатты бағытталған өзгерулері» ретінде анықталатын бұндай саясатты дикрециялы фискалды деп атайды.                                            
Дискрециялық емес фискалды саясат - бұл сондай-ақ жалпы табыстың циклдік ауытқудың нәтижесінде айтылған мөлшерлердің автоматикалық өзгеруі. Мұндай саясат тұрақтандырылған ықпал көрсететін ЖҰӨ өсу (кему) мерзіміндегі мемлекеттік бюджетке таза салықтық түсімдердің автоматикалық көбеюін (азаюды) болжайды. 
Нақты жағдайда таза салықтық түсімдер бюджетке салықтық түсімдердің мөлшерінің және үкіметтің төленген трансферттер сомасының арасындағы айырымын айтады. 
Мысалы, Юткина Т.Ф. салықтық саясатты «салықтық заңдардың мақсатты бағытталуын айқындайтын үкімет органдарының және басқарманың құқықтық қызметінің кешені» деп анықтайды. 
Салықтық саясат үкімет органдары мен басқарманың ғылыми негізделген және экономикалық мақсатқа сай тактикалық және стратегиялық құқықтық қызметтерінің жиынтығы ретінде анықталады. 
Салықтық саясатты жүргізудегі бастапқы нұсқама болып тек қана құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету емес, сонымен қоса салық салудың ықпалының астында жиналған шаруашылық - экономикалық қатынастарды бүкілжақты бағалауды жүргізу. Сондықтан, салықтық саясат - бұл салықтық заңдардың үйғарымның автоматикалық орындалу тиіс, оларды жетілдіру. 
Салықтық саясат келешекке есптеумен жүргізілген салықтық стратегия, ал нақты мерзімде - салықтық тактика. Тактика және стратегия айырылмас, егер мемлекет қоғамдық, корпоративтік және жеке экономикалық ынталарды келістіруге ұмтылады. Жиі, мемлекеттің басқарушысымен әрекет қылған нақты кезеңде салық салудың координациясы бойынша тактикалық қадамдар экономикалық дәлелденбеген. Бұл тек қана салықтық стратегияның өткізуіне кері әсер келтірмей ғана қоймай, сонымен қоса мемлекеттің экономикалық бағытын деформациялайды. Салық саласындағы Ресейдің әйгілі экономисті Черник Д.Г. «салықтық саясатты экономикалық мемлекеттік реттеудің негізгі құрамы болып табылады және жеке кәсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпалын көрсетеді» деп ойлайды. 
«Салықтық саясаттың қаржы құралдарының алымының формалары мен әдістерінің жиынтығы - қиын жағдай». Онда терең қарама - қайшылық шалғындық салынған: бір жағынан, экономика субъетілерінен жеткілікті қаржы ресурстарын айыруды қамтамасыз ету, екінші жағынан - бұл жағдайда олардың іскерлік активтілігінің төмендеуін ұйғармау. Бұл парадоксты шешу орынды компромисс есебінен қамтамасыз етіледі - деп, өз жұмыстарында Соколинский В.М. белгіледі. 
Экономикалық сөздіктерде берілген анықтама келесі түрде жинақталған: «салықтық саясат - салық салуда тікелей немесе жанама қатынасқа ие, қандай да бір мемлекеттің конституциясымен салықтық заңдардың жиынтығы және басқа заңды актілерде анықталған салықтық қатынастардың қатысушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерінің орындалуындағы стратегиялық бағыт және тактикалық іс - әрекет». 
Бірақ ең қысқа анықтама «дамыған елдердің салықтық жүйесі» сөздігінде берілген, ол «салықтар аймағында мемлекетпен өткізілетін шаралар жүйесі» ретінде салықтық саясатты сипаттайды.


Информация о работе Бюджет саясаты