Биоценоздың трофикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:25, реферат

Описание работы

Бір территорияда немесе акваторияда өмір сүретін әр түрлі түрлердің популяциялары табиғатта өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз өмір сүре алмайды, олар бір – бірімен үнемі байланыста болады.Бұл қатынас түрлері әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа ағзалармен қоректенеді. Біреулері бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте ұсақ микроағзалар өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде табиғатта ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе акваторияда тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді.

Содержание

І КІРІСПЕ..................................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................4
2.1 Биоценоз туралы түсінік.....................................................................................4
2.2 Биоценоздың құрылымы.....................................................................................7
2.3 Биоценоздың трофикалық құрылымы...............................................................7
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................13
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ

Работа содержит 1 файл

экол реф.doc

— 119.00 Кб (Скачать)

Биоценоздың экологиялық құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын  түрлі типтері ағзаның экологиялық  топтарының  қатынасы мен анықталады. 
 
 

2.3 Биоценоздың трофикалық құрылымы

    Түрлердің биоценоздағы ара қатынастары және белгілі бір экологиялық сатыда орналасуына қарап В. Н. Беклемишев терт типке бөледі: 1) трофикалық (қоректік зат арқылы) байланыс; 2) топикалық (мекендік) байланыс; 3) форитикалық (бір түрдің екінші түрдің таралуына тигізетін көмегі; 4) фабричные (өзінің мекенін құруда, басқа түрлердің өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы).

1. Трофикалық  байланыс — бір түр, екінші  түрмен қоректенуі. Бұл қоректенуде тірі особьтарды немесе өліп қалған қалдықтарын, немесе тіршілік қалдықтарымен де қоректенуі мүмкін. Мысалы, инеліктің басқа жәндіктермен қоректенуі, сасык қоңыз басқа түрлердің, әсіресе үлқен тұяқты сүтқоректілердің қиларымен қоректенуі, аралар гүлді өсімдіктердің шырынымен қоректенуі осы түрлердің арасындағы трофикалық байланыстың бір түрі деп айтамыз.

Кейбір  жағдайда бір түрмен екінші түрдің арасында қоректік заттарын пайдалануын  да жанама байланыстарда болады, оған мысал, көбелік құрты, шыршаның қабығын  жеп қоректенуінен басқа жәндік қабық кұртының тіршілігіне (осы  шыршаның шірінділерімен қореқтенеді) жанама көмек көрсетеді.

2. Топикалық  байланыс — физикалық немесе  химиялык факторлердің әсерінен  биоценоздағы бір түрдің тіршілік  жағдайының өзгеруі екінші түрдің  тіршілігінің өзгеруіне әсерін  тигізеді. Әрине бұл байланыстар  өте әрқилы, әртүрлі болады. Мысалы, бір түр, екінші түрдің тіршілік етуіне мекен ортасын құруға үлкен көмек керсетеді (мысалы, паразиттердің организмінің ішкі органдарында тіршілігі).

3. Форитикалық  (гандикап —вперед, Фора) байланыс. Бірінің екінші түрдің таралуына  тигізетін көмегі. Мысалы, жатырлардың көмегімен өсімдіктердің тұқымының, спораларының, заңдарының таралуын зоохория деп атайды. Немесе, май-өте кішкентай жануарлардын, таралуы —форезия деп аталады.

4.Фабрикалық  байланыс (лат. Дайындау, құс). Көптеген организмдер өздерінің мекенін салу үшін басқа организмдердің қалдықтарын, өнімдерін, кейде кейбір тірі-организмдерді де пайдаланады. Мысалы, құстар, өздерінін, ұясын салу үшін, ағаштық бұтағын, сүтқоректілердін, жүнін, өсідіктердің жапырағын, басқа құстардын, қауырсындарын пайдалана отырып жасайды. 

   Түрлердін, арасында қоректік негізінде басқада   ара-қатынастардың барын айта кеткен жөн. Оларға жататындар: жыртқыштық,—арамтамақтық     (паразиттер), комменсалдылық нахлебничество, жатып ішушілік), мутуализм —взаимный— ортақ іс, біріне көмек), нейтрализм—бір-біріне зиян келтірмеу, денсализм, конкуренция.

1. Жыртқыштық  пен құрбандық —екі түрдің  арасындағы байланыста біреуіне  жағымды болса екіншісіне жағымсыз. Жыртқыштық дегеніміз бір түрдің  екінші түрді ұстап алып өлтіріп  қоректенуі. Олардың өзіне тән жырқыштық қасиеті, мінез-құлықтары бар. Егер жыртқыш —бірінші консумент (жатар), ал құрбандыққа жататын —бірінші продуцент (өсімдік) иса, онда осындай ара қатынасты өсімдікпен қоректілік деп атайды.

2. Арамтамақтылық-паразиттік-түрлердің  арасындағы қарым қатынастың мекен тауып беру, басқаша айтқанда екінші түрге зиян катынастың бір түрі, организм -екінші түрдің өзінің қоректі заты есебінде пайдаланып қана қоймай, өзінің ететін мекеме түрінде пайдаланады. Мысалы паразиттік байланыстың түрі өсімдіктермен зиянды жәндіктердің арасындағы байланыстарды айтуға болады. Паразиттердің сыртқы типіне қарайтын болсақ ол, өздерерінің иелеріне қарағанда майда, кішкене болады.

    Паразиттік немесе арамтамақтың жыртқыштықтан айырмашылығы өзінің қоректік тамағына пайдаланатын организмдердің саны аз және арнайы анықталған түрлерден тұрады.

3. Комменсализм  бұл да бір екң түрдің арасындағы  биотикалық байланыстың белгісі. Бір түр екінші түрге қоректік заттармен мекен тауып беру, басқаша айтқанда екінші түрге зиян келтірмей бір түрдің өзіне қорек табу, мекен табу қасиетін алды. Бұған көп мысалдар келтіруге болады.

Мысалы, арыстан мен қорқау қасқырдың  арасындағы қатынас қорқау қасқыр арыстанның тастап кеткен жемінің қалдығымен қоректенуі.

4. Мутализм (симбиоз) екі немесе бірнеше  түрлердің, өте нақ біріне пайда  келтіре отырып тіршілік ету  ара қатынасын айтамыз. Симбиоздық  қатынас өсімдіктерде, жануарларда немесе өсімдіктер мен жануарларда, жануарлар мен өсімдік арасында болады. мысалы, бұршақ тұқымдастар мен бактерия арасындағы байланыс қыналармен мүктердің, су балдырлары арасындағы байланыс.

5. Нейтрализм  түрлердің арасындағы байланыстың  бір белгісі. Бірге қосылып  тіршілік ететін екі түр, бір  біріне зиян да, пайда да әкелмейді. Олар бір біріне тәуелсіз, бірақ оларды жағдайы, тіршілігі биоценоздағы басқа түрлердің жалпы жағдайына байланысты.

6. Конкуренция  популяцияның барлық мүшелері  бір ортада мекендегеннен және  қоректік заттары бір жерде  болуына байланысты олардың арасында  бәсеке болады. түрлер арасындағы бәсекелік әртүрлі болуы мүмкін, сондай бір бірімен күш арқылы бәсекелесуден, бір бімен бейбітшілік жағдайында да тіршілік ету түрлері де болады.

    Көптеген түрлердің өкілделдері кейде өзін мекендеген территорияны меңгеругеде таласады. Ал территорияда сол түрге керекті мекендік орын қоректік зат тағы басқа бар. Оған мына мысалды тіршілік ететін ондатраның популяциясының биологиясын 25 жыл бойы зерттеп, бақылап, мынандай тұжырымға келді. Көлемі 100 гектар батпақты көлде төрт жүзге жақын ересек ондатралар тіршілік етті. Оның ішінде жүз сексенге жуығы аталықтары, территорияны меңгеруге бір бірімен бәсекелеседі. Ал оның ішінде осы территориядан өзіне ыңғайлы, құнарлы жер ала алмаған түрлері, көбінесе осы территорияның құнарлығы нашар, шет жерлерде, тіршілік жасап, көбінесе осы территорияның құнарлығы нашар, шет жерлерде, тіршілік жасап, көбінесе өздерінің жауларының тырнағына оңай түсіп, жиі жиі өлімге дұшар болып, саны азайып отырды. 

   Қандай бір системаны алсақ та олардық арақатынасына және бірі-бірінің арасында белгілі бір заңдылықтар бар. Биоценоздың құрылысы өте күрделі, сондықтанда оны зерттегенде бірнеше бағыттарға, бірнеше салаларға бөліп қараған   жөн.

    Биоценоздың түрлік құрылысына тоқтағанда ондағы түрлердің әртүрлілігін және санын немесе массасын зерттеп түсінген дүрьіс. Сондықтан да биоценоздағы түрлер көп те болуы мүмкін, кейде ете аз да болуы мүмкін. Мысалы, Арктикада және солтүстік тундрада, сол жердің ауа райының қаталдығына, қоректік заттардың кемшілігіне байланысты осы биотоптарда тіршілік ететін түрлердің саны да, сапасы да аз. Бұл жерге тек жоғарыда айтылған қиын әсерлерге бейімделген организмдер ғана мекен етеді. Ал, керісінше ортада абиотикалық факторлар өте ыңғайлы болғанда организмдердің саны да, сапасы жағынан да өте бай, көп болатынын көреміз. Мысалы, тропикалық, субтропикалық ормандарда, өзен жағаларында, кораллды рифтерде. Биоценоздың түрлерінің құрамы, оның тіршілігінің қаншама ұзақтығына да байланысты. Жаңадан пайда болған биоценоздағы түрлер жас болса, оның түрлерінің құрамы да аз болады. Адамның немесе жасанды биоценоздың да (дала, бау-бақша) құрамында түрлердің саны аз болады. Көптеген құрлықта және судағы биоценоздың кұрамында бірнеше организмдер (өсімдіктер, микроорганизмдер, жан-жануарлар, насекомдар) топ құрып отырса, кейбір жағдайларда әсіресе сулардын, төменгі жақтарында немесе жер үңгірлеріндегі биоценоздарда өсімдіктер кездеспейді. Сондықтан өте бай, әртүрлі организмдерден тұратын биоценоздардың құрамындағы түрлерді санау өте қиынға соғады.

    Осыған байланысты биоценоздың құрамын ондағы түрлердің санын, сапасын зерттеу үшін бірнеше әдістерді қолдана отырып қорытынды жасауға болады. Осылардың бірі сұрыптау, іріктеу әдісі. Ол үшін биоценоздағы организмнің тек бірнеше топтарын ғана олардың дене мөлшеріне қарай және систематикалық орнына қарай сұрыптауға болады. Сұрыптау организмді сандық бірлікпен белгілеу басқаша айтқанда бір (орында) алауда немесе бір судың көлемінде қаншасы кездесетінін білу керек. Жануарлар санын білу үшін сол жерде өсетін өсімдіктердің сипаттамасын білгенде жен. Шөптесін жерлердің типін анықтаса, орманды жерде әртүрлі ярустан жануарлардың санын байқап білу қажет. Топырақты топтардың құрамын, санын аяықтағанда топырақтын, әрбір 5 см тереңдіктен сынауға алып тексерген жөн. Әрбір сынауға алынған үлгілердің сыртына аттарын жазып, өсу жолдарымен әдістерін жазып қойған жөн.

    Тексергенде, әсіресе зерттеу далада болатын болса, әрбір сұрыптап алынған сынаулардың құрамына кіретін түрлердің санының, сапасын көрсеткен дұрыс. Осындай алынған материалдар биоценоздың құрамын білудің ең негізі болып табылады. Осындай сұраптау кезінде, кейбір түрлер тұрақты кездесіп отырса, кейбір түрлер кейде кездесіп кейде кездеспеуі мүмкін. Сондықтан жиі кездесетін түрлер осы биоценозға сипаттамалы түрі болып табылады.

    Биоценоздың құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын біліп қана қоймай, әр түрлердің, жеке түрлердің мөлшерінің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.

    Егер бес түрдің әрқайсысы 20 особьтан, 100 ге тең болса, биоценотикалық тұрғыдан қарағанда бұндай арақатынасты біркелкі деп санауға болмайды. Егер группада 96 особь    бір түрге жатып, ал қалған 4 түр бір бір особьтан тұратын болса, бұндай топтарды біркелкі, бірыңғай топтардан тұратын биоценоз деп айтуға болады.

Мысалы, шыршалы орманды биоценозда көпшілік орында «шырша болса, шөптесін жерлерде артық доминантты түрі, үшқұлақ немесе қымыздық болады, ал құстардың топтарында — шымшық (зарянка), көмір тышқандардың топтарында —сары және қызыл сұр тышқандар доминантты түрлерге жатады. Сондықтан биоценоздың ең басты қоры немесе доминанты немесе «түрдің ядросы» деп атауға болады. Бірақ-та тағы бір айта кететін жәй, сол айтып отырған доминанты түрлердің бәрі бірдей биоценозға әсер етеді деп айтуға болмайды. Олардың ішінен кейбір доминантты түрлері өзінің тіршілік қызметі арқылы топтардың мекендік ортасынын, бір қалыпты, басқа түрлері ыңғайлы жағын жасауға қызмет ететіндігін байқауға болады. Ондай түрлерді эдификатор немесе (латынның эдификатор— құрлысшы деген сөзі).

    Егер биоценоздан эдификаторлық түрді алып кетсек, биоценозда әртүрлі, әсіресе осы ортаның физикалық құбылыс қасиеттері өзгеріп биотоптағы микроклиматқа әсерін тигізуі мүмкін. Құрлықтағы биоценозда негізгі эдификаторымыз өсімдіктердің кейбір түрлері болуы мүмкін, мысалы шыршалы орманда — шырша, қарағайлы орманда —қарағай, далалы шөптесін өсімдіктерде—шымды өсімдіктер (ақ селеу, кеделер). Ал   кейбір жағдайларда эдификаторлар, жан-жануарларда болуы мүмкін. Мысалы сарышұнақ тышқандардың мекендейтін территорияда, олардың ін қазу қабілеттілігіне байланысты, сол жердің көрінісін, микроклиматын және өсімдіктердіц өсуіне үлкен әсерін тигізеді. 

    19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоология зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геолологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогрграфиялық тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогрграфиялық аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса). Қазақстанда қазір жан-жануарлар мен құстардың - 178 аң мен 512 (кей деректерде 505 деп те айтылады) құстың түрі тіршілік етеді.

    Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады. Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.

Информация о работе Биоценоздың трофикалық құрылымы