Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету. Кәсіпорынның құқықтық формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 21:03, реферат

Описание работы

Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді.Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 %-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.

Работа содержит 1 файл

1,3.docx

— 43.88 Кб (Скачать)

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:

құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу;

шаруашылық серiктестiктiң  қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;

шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға құқылы.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:

құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.

Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.

 


Информация о работе Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету. Кәсіпорынның құқықтық формалары