Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:45, реферат
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................................2
1. Салықтардың сипаттамасы
1.1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................6
1.2. Жанама және тікелей салыққа сипаттама.......................................................11
Негізгі бөлім
2.Салық алу
2.1. Салық өндіруді ұйымдастыру.........................................................................14
2.2. Салық жүйесі...................................................................................................15
3. Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасы және оның даму жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әері............................................19
3.2. Салықтық реформалар және салық салу келешегі...........................21
ҚОРТЫНДЫ.............................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................26
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері — әкелем, әкеттілім, сондай – ақ транзит тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі. 3
Негізгі бөлім
2. Салық алу
2.1. Салық алуды ұйымдастыру.
Салық алуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атаулары, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды. Салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі , салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салық пұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін сакциялар және басқалары. Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизімі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға салық салушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар-нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері, және салық салуға байланысты объектілер болып табылады. Олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объекктісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтардың, кеден баждарын кіріктіреді;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық өлшемі-есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (теңге, табыс, айналым, т.б. , жердің бір гектары, тауарды өлшеу бірлігі және тағы басқалар).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесе салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютік соммамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады: тұрақты
прогресивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абссолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі,ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі. 4
2.2. Салық жүйесі.
«Салық ұғымымен» «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатынсалық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетің салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1994-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
Салықтардың , оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
пайдалану тәртібі бойынша;
объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар . олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с)салынады. Жеке тура салықтар- бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фиксалдық мүдделерін білдіреді.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кіріктіріктілігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыраттады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жапы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғыр-ландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көтере отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.