Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:45, реферат
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Кіріспе.....................................................................................................................2
1. Салықтардың сипаттамасы
1.1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................6
1.2. Жанама және тікелей салыққа сипаттама.......................................................11
Негізгі бөлім
2.Салық алу
2.1. Салық өндіруді ұйымдастыру.........................................................................14
2.2. Салық жүйесі...................................................................................................15
3. Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасы және оның даму жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әері............................................19
3.2. Салықтық реформалар және салық салу келешегі...........................21
ҚОРТЫНДЫ.............................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................26
Жоспар:
Кіріспе.......................
1. Салықтардың сипаттамасы
1.1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................6
1.2. Жанама және тікелей салыққа сипаттама.....................
Негізгі бөлім
2.Салық алу
2.1. Салық өндіруді ұйымдастыру...................
2.2. Салық жүйесі........................
3. Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасы және оның даму жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әері..........................
3.2. Салықтық реформалар және салық салу келешегі......................
ҚОРТЫНДЫ......................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз жағдайларын реттеуде кең түрде қолданады. Салықтар да салық жүйесі секілді нарықтық жағдайдағы экономиканы реттеуші күшті құрал болып саналады. Халық шаруашылығының тиімді қызмет жасауы салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылғанына тәуелді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тиімді осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып айқындалады.
Көптеген мемлекеттердің әлеметтік экономикалық даму жолдары мыналармен түсіндіріледі:
Мемлекеттік басқарудың жетістігі бюджеттік кездейсоқ, қиын мәселелерді шешулерге тәуелді. Себебі бұл жерде барлық уақытта басты құрал болып салық саналады.
Осыдан салық салу теориясы мен тәжірибесінің одан әрі жетістікке жеу мәселелерін салық қызметшісі және талдау жасаушы мамандары көңіл аударуда.
Салық реформасы өткенде болған салық жүйесінің қайта құрылуы бір уақытта салықты басқару жүйесінің бұрынғы механизмінің пайда болуы нәтижесінде болған. Салық қатынастарының толық және жеке өзгерістерін білдіреді яғни экономикалық жүйесін.
Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
-Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
-Салық түрлері
-Салық құрылымының реформалануы;
Ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету ретінде курыстық жұмысқа Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметін реттейтін заңды және нормативтік актілер, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің статистикалық материалдары қолданылады.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болыр табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс ( әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталған қағидат);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А.Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасуға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) «деңгейлес теңдікке» жету – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) «сатылас теңдікті» сақтау –жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсз әрі күрделі болмауы керек.
3.Салықтардың анықтығы- алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің аз саны . жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптылығы. Салықтар экономиканың
6. Экономикалық қатынастар бойыншаосы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемесінің салыстырмалылығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және бнлгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтардың сипаттамасы
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;