Кәсіпорынға қысқаша сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 19:44, реферат

Описание работы

Мейрамхана бизнесі – тұтынушының жақсы демалуына қолайлы жағдай жасай отырып, сонымен қатар оның эмоционалды және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұтынушыға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі

Работа содержит 1 файл

кәсіпорынға қысқаша сипатама.docx

— 52.23 Кб (Скачать)

 

      Кәсіпкерліктің  мақсаты тауарлар мен қызметтер  нарығына өндіріс пен жеткізу  арқылы табыс алу. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

  • өзінің жеке пайдасы үшін тәуекелге бару;
  • басымдылық, дербестілік;
  • жаңашылдық.
 

      Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін  қалыптасқан батыстық дәстүр тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл-ой зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал кәсіпкерлік қызмет бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.

     Кәсіпкерліктің  қызметін дамыту түптеп келгенде тұрғындардың табыстарын, өмір   сүру деңгейлерін  көтеруге және әртүрлі әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз  оң  ықпалын  тигізеді.

      Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерлік  қызметтің  дамуын осы уақытқа  дейін төрт кезеңге бөліп көсретілген. Бірінші кезең-алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылғңа дейінгі аралық , бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.  Екінші  кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік рынокты «Экономика-деген  тұжырымдамалардың қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия» жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес»  деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі., сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің  нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.

      Үшінші  кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке  еңбек қызметі» туралы («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққаннан  бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады . Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына «жат әрекет» деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктерніне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарларм ен қызмтетерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.

        Төртінші  кезеңге 1991 жылдан бастап   қазіргі  уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға  болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз  Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады.

         Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерлік  қызметтің  дамуына жаңа көкжиектер мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық  сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық енжарлағына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскрелік түріне байланысты-өндірістік, қаржылық шаруашылық субьектілеріне байланысты ірі , орта және шағын меншікке байланысты мемлекеттік жеке ,ұжымдық, аралас, дара, ұйымдастырылуына байланысты жеке топтық, жеке-дара түрлерінде дамып отыр. Бір сөзбен айтқанда кәсіпкерлік экономикамыздың жаңа салаларын немесе әлеуметтік әлсіздігін қамти отырып өзінің қарқынын күшейтуде. Әрине, оның табысты дамуы еркін экономикалық  іскерлік арқылы ғана болатындығы шет ел тәжірибесімен айқын.

         Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қазіргі  анықтамасының  әртүрлі көзқарасы   бар. Көбінесе жалпыламасы – кәсіпкерлікті кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі (капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор ретінде қарастыру, онда ол өндірісті - өтімдік  факторларының жаңа  тиімді  комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік – бұл қатерлі инновациялық іс-әрекетке  негізделген шаруашылық  жүйесі, оның мақсаты – кәсіпкерлік табыс көру   және   де   қайта өндіру үрдісін, немесе оның жеке стадияларын (өндіру, тарату, алмасу және тұтыну) толық алып  тұру  болып табылады .

         Кәсіпкерлік экономикалық феномен ретінде категориясынан тарлау, бірақ шаруашылық тәжірибесінде оларды  жиі кездестіруге болады. Бірақ   олар синонимдер де, теңдіктер  емес, бірақ мағынасы жағынан жақын   ұғымдар.  

         Бизнес  кәсіпкерліктен гөрі кең мағынада, нарықтық экономикадағы   барлық   қатысушылар арасында болған қатынастарды алып  кетеді, онда  тек   кәсіпкерлер ғана емес, сонымен бірге тұтынушылар, жалданбалы   жұмыскерлер, мемлекеттік құрылымдар қатынасады .

         Кәсіпорынның  кәсіпкерлік іс-әрекеті – бизнестің динамикалық, элементі, бастамалы, өзіндік іс-әрекеті бар, өз қаупіне қарай және кіріс алу   мақсатында, өз мүліктік жауапкершілігіне қарай, азаматтарды өнім өндіру бойынша   бірлестіре отырып, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету іс -әрекетіне   арналған.

         Кәсіпкерліктің  іс-әрекетінің  философиясы  – ерікті   индивидуализм, оның  негізгі белгісі - өзіндік күшінің  арқасында  жеке өркендеуін   қамтамасыз ету, бірақ бұл   қоғам көзқарасына қарама- қайшы  емес. Біреулердің өркендеу мүмкіндігі басқалардың   әлсіздігіне тоқтату болмауы  тиіс. Тек  бай  адам  меценат, демеуші, мейірімді болуы қажет. Кәсіпкер  өзіне   пайда   әкеле   отыра, қоғам   пайдасына   да   іс-әрекет   етеді.

        Кәсіпкерлік – бұл   шаруашылықты   сапалы   да   жаңа   тиімді   типте   жүргізу, оған   прогрессивті   әдіс – тәсілдер, нақты   жеке   меншіктің, өндіріс   қожайынының   жүргізу   тәсілдері   қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік, экономикалық   категория, бизнес   элементі, шаруашылық   типі   және   өмір   сүру   дәрежесі  ретінде бейнеледі .

        Кәсіпкерлік – нарықтық   шаруашылықтың   бөлінбес   белгісі, оның   басты   ерекшелігі – ерікті   бәсекелестік . Кәсіпкерлік   тарихы   ежелден   келе   жатса   да, оның   қазіргі   ұғымы   капитализмнің   орнығу   және   даму   кезеңінде   пайда   болды, онда   ерікті   кәсіпкерлік   өз   өркендеуінің   негізі   мен   басы   болып    табылады.

         Кәсіпкерлік    белсенділіктің   мақсаты – нарыққа   сұранысы   бар  және   кәсіпкерлерге   кіріс   әкелетін   тауарды   өндіру. Пайда – бұл   нарыққа   тауарды   өндіруде   және   шығаруда  қабылдаған   кәсіпкерлік шешімді   жүзеге   асыру   нәтижесінде   алынған   ұтыстан   табыстың   көп   болуы.

         Бірақ   пайданың   болуы   кәсіпкерлікке   ғана   тән   емес, кез – келген   басқа іскерлік белсенділік формасына тән. Бұл байланыста көңілді   кәсіпкерлік пайда немесе кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық   категорияға бөлу  қажет. Инновациялық  іс - әрекеттегі   табыс , яғни   өндірісті ұйымдастырудың  жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуден кәсіпкерлік табыс құралады. Кәсіпкерлік табыс дегеніміз ең алдымен қосымша табыс, басқарудан , артықшылықтан пайда болған   табыс , яғни   кәсіпкердің   табиғи  немесе ерекше талдау  іскерлігіне , сыртқы  шарттарға   байланысты   өндіріс факторларын   жаңаша   комбинациялау . 

  
 
 
 
 
 

Кәсіпкерліктің  түрлері,  нысандары  мен  қызметтері

        Кәсіпкерлік  экономикалық  белсенділіктің  ерекше  формасы  ретінде

экономиканың  мемлекеттік  жағында  да, жеке  секторында  да  жүзеге  аса  алады. Осыған  сәйкес: 

     а) мемлекеттік  кәсіпкерлік;

     ә) жеке  кәсіпкерлік пайда болды.

      

    Мемлекеттік  кәсіпкерлік – кәсіпорын, құрылтайшы  етудің  атынан  экономикалық  белсенділікті  жүзеге  асыру  формасы  болып  табылады: 

     а) өкілетті  болатын  мемлекеттік  басқару  органдары  (іс -  әрекеттегі  заңдылықтарға  сәйкес) мемлекеттік мүлікпен  басқаруға (мемлекеттік кәсіпорын);

    ә) жергілікті  өзін - өзі басқару органдары (муниципальді  кәсіпорын).

      Кәсіпорынның   бұл  түрдегі  жеке  меншігі  мемлекеттік  бөлігінің  немесе  муниципальді  мүліктің, бюджеттік  қаражат  бөліктерінің, басқа қаражат бөліктерінің  сабақтасу формасы. Ондай кәсіпорындардың маңызды сипаты – олардың өз  меншігіндегі  бар міндеттеріне, яғни  тек өз  мүлкімен  жауап беретін жағдайдың болуы. (Олардың міндетері бойынша мемлекет  те  жауап бермейді, мемлекет  міндеттері  бойынша  олардың өзі жауап бермейді).

      Жеке  кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын  заңды тұлға Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында көзделген  ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады.  

  • жеке  кəсіпкерлік субъектілері:
 

     - шағын кəсіпкерлік субъектілеріне;  

     - орта кəсіпкерлік субъектілеріне;  

     -   ірі кəсіпкерлік субъектілеріне  жатқызылуы мүмкін.  

     Заңды  тұлға  құрмаған,  жұмыскерлерінің  жылдық  орташа  саны  елу  адамнан  аспайтын  дара  кəсіпкерлер  жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге  асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа  саны  елу  адамнан  аспайтын жəне жыл бойғы активтерінің  орташа  жылдық  құны  тиісті  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген алпыс  мың  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіштен  аспайтын  заңды  тұлғалар  шағын  кəсіпкерлік  субъектілері  болып табылады.

     Мыналарды:

    - есірткі заттарының, психотроптық  заттардың жəне прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

    - акцизделетін өнімді өндіруді жəне (немесе) көтерме сатуды;

     - астық қабылдау пункттерінде  астық сақтау жөніндегі қызметті;

     - лотереялар өткізуді;

     - ойын жəне шоу-бизнес саласындағы қызметті;

     - сертификаттау, метрология жəне  сапаны басқару саласындағы қызметті;

     - мұнай, мұнай өнімдерін, газ,  электр жəне жылу энергиясын  өндіру, қайта өңдеу жəне сату  жөніндегі қызметті;

     - радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

    - банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) жəне сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру

    - агентінің қызметінен басқа);

     - аудиторлық қызметті;

     - бағалы  қағаздар  нарығындағы   кəсіби  қызметті  жүзеге  асыратын  дара  кəсіпкерлер мен заңды   тұлғалар  шағын

     - кəсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

         Шағын  кəсіпкерлік  субъектілері  жұмыскерлерінің жылдық  орташа  саны  осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да  оқшау бөлімшелерінің  жұмыскерлерін қоса  алғанда,  барлық  жұмыскерлері  ескеріле  отырып, айқындалады.

         Заңды  тұлға  құрмаған, жұмыскерлерінің  жылдық  орташа  саны  елу  адамнан  астам  дара  кəсіпкерлер жəне  жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын жəне жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіштен  аспайтын  заңды  тұлғалар орта  кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.

        Жеке  кəсіпкерлікті жүзеге  асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа  саны  екі жүз  елу  адамнан  артық  немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың  еселенген  айлық  есептік  көрсеткіштен  асатын  заңды  тұлғалар  ірі  кəсіпкерлік  субъектілері болып табылады.

        Дара  кəсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен  кəсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

        Өзіндік  кəсіпкерлікті  бір  жеке  тұлға  өзіне  меншік  құқығымен  тиесілі  мүлік  негізінде,  сондай-ақ  мүлікті пайдалануға жəне (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.  

        Некеде  тұратын  жеке  тұлға  жұбайын  кəсіпкер  ретінде  көрсетпей  өзіндік  кəсіпкерлікті  жүзеге  асырған  кезде  ол жұбайдың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.

Информация о работе Кәсіпорынға қысқаша сипаттама