Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында көрсетілген экономика дамуының маңызды бағыттарының бірі – текстиль өнеркәсібін дамыту. Елбасы алғаш рет мемлекетіміздің экономикасын дамытуда кластерлік бағдарламаны ұсынды. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-текстиль кластерін құру – текстиль саласын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі инновация. Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кіруі, текстиль бұйымдарының бәсекелестік қабілетіне қойылатын талапты жоғарылатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Бейматалар............................................................................................................4
І.1 Физика-химиялық әдіспен алынған бейматалар.............................................4
І.2 Механикалық әдіспен алынған бейматалар....................................................5
І.3 Қиыстыру, құрастыру (комбинирлеу) әдісі....................................................6
ІІ. Тоқып-тігу технологиясы...................................................................................6
ІІ.1 ВП машинасындағы тоқып-тігудің технологиялық процесі.......................6
ІІ.2 Тоқып-тігу машиналарының ілмекқалыптастырушы мүшелері................7
ІІ.3 ВП машиналарындағы ілмекқалыптастыру процесі....................................9
ІІ.4 Тоқып-тігу машиналарындағы өрім түрлері...............................................11
ІІ.5 Арахне машинасының құрылғысы және жұмысы......................................13
Бейматалардың қолданылуы...............................................................................16
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

Работа содержит 1 файл

Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру.doc

— 2.08 Мб (Скачать)

Иненің ілмекқалыптастыру процесі  кезіндегі қалыпты жұмысы иненің стержені және ілгегінде қарапайым  талшықтардың үзілуіне алып келетін, иненің жайғақпен үйкелісін арттыратын және иненің сынуына алып келетін, кедір-бұдырлар мен         

қабыршақтар болмаған жағдайда  қамтамасыз етіледі.       2 сурет.Тоқып-тігу машинасының ілмек қалыптастыру                                                                             

Көзшелі ине (2 сурет, б)                                                    мүшелері

 соңында тесігі бар пластинка.  Көзшелі иненің жұмыс істейтін  бөлігі жіңішкелеу, ал оған қарама-қарсы  соңы жуандау болып келеді. Осы  соңғы бөлігінде инені плиткаға  бекітуге арналған кертігі бар.

Көзшелі иненің қызметі жіпбағыттау, тігін жібін жылжымалы саңылаулы  инеге салып отыру.

Платиндерді (пластинкаларды) жоғары сапалы болат ленталарды штамптау, яғни қалыпқа салу арқылы дайындайды. Төменгі платиндер (2 сурет, в) жылжымайды, ал жоғарғылары (2 сурет, г) жылжымалы. Төменгі платиндер     плиткаларға екі жағынан, ал жоғарғы платиндер тек бір жағынан құяды. Платиннің құю зонасына тиетін учаскесінің                                                                                                                      қорытпада платин сенімдірек бекітілуі үшін мәнерлі ойығы бар.

Төменгі және жоғарғы  платиндер талшықты жайғақты саңылаулы ине тесу кезінде ұстап тұрады, осы арқылы ол ілмекқалыптастыру процесінің қалыпты жүзеге асуын                  3 сурет. ВП машинасының инелі-платинді                                                 

 қамтамасыз етеді.                                                        бұйымдарының плиткалары                                                              

Инелі-платинді бұйымдарды (саңылаулы, көзшелі инелер мен платиндер) тоқып-тігу машиналарына плиткаға (3 сурет) төгілген арнайы қорытпамен бірнеше данасын орнатады. Бұл машинаның бүкіл ұзындығындағы инелер мен платиндердің арасындағы ара-қашықтықтың дәлме-дәлдігін қамтамасыз ету үшін керек.

Инелі плиткалардың (3 сурет, а) белгілі-бір  формадағы шошақтары (выступы) бар, олар инелердің берік бекітілуі  үшін және инелердің машинада өзара  дұрыс орналасуы үшін қызмет етеді.

Инелі плитканың (1) шошағы инелі сызғыштағы бойлай орналасқан          саңылауға кіреді де барлық инелерді биіктігі бойынша теңестіреді, ал (2) шошақ сызғыштың көлденең саңылауына кіреді де инеқаптың ұзындығы бойынша белгілейді. Инелі плитканың (3) шошағы плитканы инелі сызғышта бекітетін қысушы планкаға (жұқа тақтайша) тіреу қызметін атқарады.

Жоғарғы және төменгі  пластиналардың плиткалары (3 сурет, б, в) барлық кластағы тоқып-тігу машиналарында  бірдей. Әр плиткаға 12 платиннен құяды. Плиткалардың бөренелернің (торец) ара  қашықтығы 12 инелік қадамға тең, олардың арасы 30мм. Платиндердің плиткаларында оларды жұмыс жағдайында тіркеуге арналған арнайы тіреулері бар. Платин плиткалары М6 винттерінің көмегімен сызғышқа бекітіледі.

Инелі-платинді бұйымдарды құюдың мынадай  пресс-формалары бар: саңылаулы инелерге арналған ауыспалы сыналы (вкладыш) әр кластағы плиткаларға; жоғарғы платиндерге; төменгі платиндерге; көзшелі инелерге арналған 5 және 10 класс машиналарының плиткаларына ауыспалы сына.

 

ІІ.3 ВП машиналарындағы ілмекқалыптастыру процесі

 Тоқып-тігу машиналарындағы ілмекқалыптастыру процесі жеке кезеңдерге бөлінеді (4 сурет): бекіту (жайғақты тесу), жіптің төселуі, шығару, пресстеу, келтіру, біріктіру, түсіру, қалыптастыру және созып-тарту.

Негізгі машинаның ілмекқалыптастыру  мүшелеріндегі тоқушы ине ең төменгі жағдайда тұрғанда және иненің ілгегі жабық тұрған жағдайы қабылданған. Ескі ілмек ине ілгегінің астында болғанда. Жоғарғы жылжымалы платин (4) талшықты жайғақты (5) қозғалмайтын төменгі платинге (1) қыса отырып, оны тоқу инесінің (3) тесуіне жағдай жасай отырып, алға жылжиды. Көзшелі инелер (2) алдыңғы жағдайда болады.

Бекіту  (4 сурет, б) тоқу инесінің жоғары көтерілуінен іске асады. Сонымен талшықты жайғақ соңғы күйде бола отырып, төменгі қозғалмайтын және жоғарғы жылжымалы платиндермен мықты ұсталып тұрады. Жайғақты тесу тоқу инесінің ілгегі ашық кезде орындалады, сондықтан ине жылжымасы алдымен төмен түседі, ал содан кейін ілгекті барлық уақытта ашық қалдыра отырып ине ізімен көтеріледі. Ескі ілмек жайғаққа тіреліп қалып қалады да, ине стерженіне қарай жылжиды. Жоғарғы жылжымалы платиндер тесуден кейін жайлап машинаның ішіне қарай қайта бастайды.

Көзшелі инелер машинаның  центріне қарай тез өтеді де, қорытынды операцияның соңына таман тоқу инелерінің бастарының арасынан өтеді.

Жіптің төселуі (прокладывание) кезінде (4сурет, в) көзшелі инелердің тарақшалары тоқу инелернің зонасынан шыққаннан кейін тербелмелі қозғалысына тоқу инелерінің бойлай жылжуы қосылады. Көзшелі инелер ең соңғы жағдайға келгенше жарты ине қадамындай (0,5 Ти, Ти-ине қадамы, мм) жылжиды және тоқу инелерінің бастарына дәл қарама-қарсы келеді. Содан кейін көзшелі инелер кері бағытта тербелме (прокачка) жасайды, сол уақытта

 

 

 


4 сурет. ВП тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процесі

олар тоқу инелерінің зонасына кіргенде инелердің дәл  ортасына жайғасатындай етіп екінші рет жартылай ине қадамын жасайды.

Көзшелі инелердің осындай қозғалысының нәтижесінде жіптер тоқу инесінің стерженін орап алады. Жылжымалы платиндер жіптерді салу кезеңінде ең соңғы жағдайда тұрады.

Шығару кезінде (4 сурет, г) тоқу инесі төмен түсе бастайды, сол кезде иненің стерженіне салынған жіп, оның ашық ілгегіне ілінеді. Жоғарғы платиндер алдыңғы жағдайға көше бастайды. Көзшелі инелер алдыңғы жағдайдағы тербелуді аяқтап, инеқаптың бойымен қарама-қарсы бағытта жылжи бастайды.

Пресстеуде (4 сурет, д) тоқу инесінің төмен түсу жылдамдығы жылжыманың жылдамдығынан едәуір көп, соның арқасында ине ілгегі енді салынған жіпті бекіте отырып, жылжымамен (6) жабылады. Көзшелі инелер инеқаптың бойымен жылжуын жалғастыра береді. Жылжымалы платиндер алға қарай қозғалысын жалғастырады.

Келтіру кезінде (4 сурет, е) жылжыма арқылы жабылған тоқу инелері престелген жіпті талшықты жайғақтың арасынан өткізіп, төмен қарай қозғалысын жалғастырады. Осы уақытта қарқынды жіп тұтыну болады. Ескі ілмек ине стержені бойымен жылжып барып жылжымаға өтеді (жылжымаға түседі).

Біріктіру (4 сурет, ж) былай жүреді: тоқу инесі талшықты жайғақтан шығар кезде ескі ілмек ине ілгегінің астында тұрған жаңа ілмекпен байланысады. Жаңа және ескі ілмектердің арасында қысылған талшық тобы тұрып қалады. Көзшелі инелер инеқаптың бойымен жылжуын аяқтайды.

Түсіру (4 сурет, з) тоқу инесінің төмен түсу процесі кезінде болады. Сонымен ескі ілмек инеден, талшықты жайғақтың арасынан ине ілгегі алып өткен жаңа ілмекке тасталады. Созу механизмінің әрекетінен инелерден босаған жайғақ созу білігіне қарай көше бастайды. Жайғақтың жылжу мөлшерін көлденең тоқу тығыздығы анықтайды.

Қалыптастыру  және созуда (4 сурет, и) тоқу инелері төмен түсе отырып ең төменгі жағдайға дейін жетеді. Сонымен жаңа ілмек ескі ілмек арқылы тартылады.

Жаңа ілмектің пішіні мен көлемі ине мен төменгі  платиннің өзара жағдайларымен, жіптің тартылуы және материалдың созылу күшімен анықталады. Содан кейін ілмекқалыптастырудың жаңа циклы басталады; үшкір инелер талшықты жайғақты түйрейді.

 

 

ІІ.4 Тоқып-тігу машиналарындағы өрім түрлері

Істеп шығарылатын өрім түрлері көзшелі тарақтың көлемі және жылжу тәртібіне байланысты. Бір ілмек қатарын жасау барысында көзшелі инелер инешеп бойымен бойлай екі қозғалыс жасайды: бірінші – ілгектердің алдында, ал екінші – инелердің арқасында. Жұмысқа қатысушы көзшелі тарақшалар санына байланысты өрімдер біртарақты немесе екітарақты болуы мүмкін. Тоқып-тігу машиналарында мынадай өрімдер жасалады: тізбекті, трико, шұға немесе мауыт (сукно), атлас, шарме және т.б.

Біртарақты желілік өрімдер тігін жіптерінің бір жүйесінен пайда болады, ол біруақытта инелерге бір тарақтың көмегімен салынады.

Тізбекті өрім – желілік өрім, инешепке қатысты көзшелі инелердің тарақшаларын бір инелік қадамға жылжыту нәтижесінде пайда болады, сонымен көзшелі ине үнемі жылжымалы саңылаулы иненің айналасында тігін жібін осы инелердің ілгегіне салып жүреді. Пайда болған ілмектер қатары бір-бірімен көлденең тартатын жіптермен байланыспаған тізбекті жасайды. 5 суретте тізбек өрімінің жіптерді инелерге салу ретін көрсететін схема берілген.    5 сурет. Тізбекті өрімнің       Жіп жүйелі түрде І, ІІ, ІІІ, ІV қатарлардағы инелерді                            схемасы

орайды. Бұл үшін көзшелі  инелер артқы жағдайға жылжи отырып саңылаулы инелер облысынан шығады, жылжу механизмі бойынша жіпті  ине ілгегіне сала отырып бір инелік қадамға жылжиды. Содан соң көзшелі  инелер алдыңғы жағдайға өтеді және кері бағытта жылжып бастапқы қалпына келеді.

Талшықты жайғақты тізбекті өріммен тігу кезінде жеке-жеке бір-бірімен  байланыспаған ілмекті бағаналар  пайда болады. Мұндай бейматаның көлденең бағыттағы беріктігі төмен болады.

Тізбекті өрім негізінен екітарақты өрімдерде қолданылады. Бұл кезде бір тарақша жіпті тізбекті, ал екіншісі – трико, шұға етіп салады.

Трико өрімі – желілік өрім, инешепке қатысты көзшелі инелердің тарақшаларын екі инелік қадамға жылжыту нәтижесінде пайда болады, сонымен тігін жібін екі көрші жылжымалы саңылаулы инелердің ілгегіне көзшелі инелер алып келеді.

Жіпті төсеу графигінен (6 сурет, а) көрініп тұрғандай сол  бір жіп І қатардағы сол  жақ ілмекті бағанадағы инеге  салынады, ІІ қатарда – оң жақ  бағанадағы инеге, ІІІ қатарда – сол жақ бағанадағы инеге салынады, ары қарай солай жалғаса береді. Ілмектердің бұлай қалыптасуы көзшелі тарақшалардың екі рет жылжуынан және екі рет тербелуінен (прокачка) болады.                                   6 сурет. Трико өрімінің схемасы

6, б суретте тігін  жібі абвгд ілмектерінде иіледі. Ілмектердің гд және вб бөліктері ілмек таяқшалары деп аталады, ал вг бөлігі – жоғарғы доға. Жоғарғы доға мен ілмек таяқшалары бірігіп қаңқа деп аталады, ал екі көрші ілмектердің қаңқасын біріктіретін аб кесіндісі – созылма деп аталады. Бейматалардың ені бойынша орналасқан ілмектер ілмекті қатарды, ал бірізді бірінің астына бірі бейматаны бойлай орналасқан ілмектер – ілмекті бағананы құрайды.

Ілмекті қатар бойындағы  екі ілмектің арасы ілмекті қадам  деп аталады және А әрпімен белгіленеді. Ілмекті баған бойындағы екі ілмектің арасы ілмекті қатар биіктігі деп аталады да В әрпімен белгіленеді.

Трико өріміне жатады: үшинелі трико, ол шұға деп аталады  және төртинелі трико – шарме  деп аталады.

Шұға  өрімі – желілік өрім, инешепке қатысты көзшелі инелердің тарақшаларын үшинелік қадамға жылжыту нәтижесінде пайда болады, мұнда тігін жібін саңылаулы жылжымалы инелердің ілгегіне көзшелі инелер алып келеді, көзшелі инелер тігін жібін инелердің ілгегіне біреуден кейін салып отырады (7 сурет).                                             7 сурет. Шұға өрімінің схемасы                         

Жіпті салу графигінен көрініп  тұрғандай І қатардағы сол  бір жіп оң жақтағы ілмекті бағанда орналасқан инеге салынады, ІІ қатарда – сол жақ бағандағы инеге, ІІІ қатарда – оң жақ бағандағы инеге салынады.

Шұға өрімінде жіпті  салу негізінен трико өрімі тәрізді  жүреді. Ерекшелігі: бір ілмекті  бағандағы инелерді жіппен әр орағанда алдыңғы жағдайдағы көзшелі тарақтар бір инелік қадамға емес, екі инелік қадамға жылжиды.

Өрім түрін таңдау тоқып-тігілетін жайманың қасиетіне  байланысты. Мысалы, тізбекті өрімді жайманың бойлай созылымдығы төмен; талшықтар  жаймада жақсы бекітілген, бірақ  жайманың көлденең бағыттағы беріктігі  жеткіліксіз. Трико өрімінің көлденеңінен беріктігі жеткілікті, бірақ ұындығы және ені бойынша созылымдығы, талшықтардың бекітілуі жеткіліксіз. Әр түрлі өрімдерді біріктіріп қолдану арқылы талапқа сай тоқып-тігілген жайма алуға болады.

Екітарақты желілік өрімдер екі тарақтың көмегімен инелерге біруақытта салынатын тігін жібінің екі жүйесінен пайда болады. Нәтижесінде әр инеге екі жіптен салынады, сондықтан барлық ілмектер бір-біріне салынған екі жіптерден тұрады. Сонымен тарақшалардың қозғалысы қарама-қарсы бағытта жүреді. Екітарақты өрімдердің графикалық жазуы әр тарақшаға жеке график құрылуымен ерекшеленеді.

Бейматалар өндірісінде  қолданылатын екітарақты өрімдерге: екітарақты трико, немесе трико-трико; екітарақты шұға, немесе шұға-шұға; трико-шұға; трико-тізбек; шұға-тізбек, тізбек-арқау өрімдері жатады.

Трико-трико өрімінде барлық тарақшалар трико өрімін алу кезіндегідей жұмыс  істейді, яғни жіптерді кезекпен екі  көрші инелерге салады. Трико-трико өрімі ашық және жабық (8 сурет) ілмекті болуы мүмкін. 8 суреттен көрініп тұрғандай екі түрлі жіптен алынған, әр түрлі тарақшаларға сабақталған ілмектердің бірбағыттық тартпалары өзара                8 сурет. Екітарақты трико-трико

айқасады. 1 және 2 тарақшаларға жеке график                   өрімінің    схемасы

құрылады, бірақ міндетті шарт бір горизонталь бойында орналасқан біраттас ілмекті қатар болуы керек.

Информация о работе Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру