Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында көрсетілген экономика дамуының маңызды бағыттарының бірі – текстиль өнеркәсібін дамыту. Елбасы алғаш рет мемлекетіміздің экономикасын дамытуда кластерлік бағдарламаны ұсынды. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-текстиль кластерін құру – текстиль саласын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі инновация. Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кіруі, текстиль бұйымдарының бәсекелестік қабілетіне қойылатын талапты жоғарылатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Бейматалар............................................................................................................4
І.1 Физика-химиялық әдіспен алынған бейматалар.............................................4
І.2 Механикалық әдіспен алынған бейматалар....................................................5
І.3 Қиыстыру, құрастыру (комбинирлеу) әдісі....................................................6
ІІ. Тоқып-тігу технологиясы...................................................................................6
ІІ.1 ВП машинасындағы тоқып-тігудің технологиялық процесі.......................6
ІІ.2 Тоқып-тігу машиналарының ілмекқалыптастырушы мүшелері................7
ІІ.3 ВП машиналарындағы ілмекқалыптастыру процесі....................................9
ІІ.4 Тоқып-тігу машиналарындағы өрім түрлері...............................................11
ІІ.5 Арахне машинасының құрылғысы және жұмысы......................................13
Бейматалардың қолданылуы...............................................................................16
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

Работа содержит 1 файл

Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру.doc

— 2.08 Мб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

АЛМАТЫ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

“Текстиль өндірісінің технологиясы” кафедрасы.

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы : Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру

 

 

 

 

 

                                                               

 

 

                                                            

                                              Орындаған:                                                     

                            

                                             Тексерген: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 жыл.

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Бейматалар............................................................................................................4

І.1 Физика-химиялық әдіспен  алынған бейматалар.............................................4

І.2 Механикалық  әдіспен алынған бейматалар....................................................5

І.3 Қиыстыру, құрастыру (комбинирлеу) әдісі....................................................6

ІІ. Тоқып-тігу технологиясы...................................................................................6

ІІ.1 ВП машинасындағы тоқып-тігудің технологиялық процесі.......................6

ІІ.2 Тоқып-тігу машиналарының  ілмекқалыптастырушы мүшелері................7

ІІ.3 ВП машиналарындағы  ілмекқалыптастыру процесі....................................9

ІІ.4 Тоқып-тігу машиналарындағы өрім түрлері...............................................11

ІІ.5 Арахне машинасының  құрылғысы және жұмысы......................................13

Бейматалардың  қолданылуы...............................................................................16

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы  жолдауында көрсетілген экономика  дамуының маңызды бағыттарының бірі – текстиль өнеркәсібін дамыту. Елбасы алғаш рет мемлекетіміздің  экономикасын дамытуда кластерлік бағдарламаны ұсынды. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-текстиль кластерін құру – текстиль  саласын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі инновация. Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кіруі, текстиль бұйымдарының бәсекелестік қабілетіне қойылатын талапты жоғарылатады. Текстиль өнеркәсібі – халықаралық стандарттардың сапа бойынша талаптарына жауап беретін, шикізатты өңдеуден бастап одан қосылған жоғары құны бар өнім шығару, аймақта қосымша мыңдаған жұмыс орындарын құруға және мемлекетіміздің бюджетін көтеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда текстиль өнеркәсібінде бейматалар көптеп өндірілуде. Беймата өндіру жеңіл өнеркәсіп  өндірісінің болашағы зор және өте  тиімді бөлімі болып табылады. Ол еңбек  өнімділігін арттырып, еңбек құралын  және өңдеу барысын қысқартатын технологиялық құрылымдардан тұрады. Өзінің төмен бағасы мен пайдалануға жоғары қасиеттеріне байланысты беймата текстиль материалдары барынша кеңінен пайдаланылуда. Химиялық талшықтар мен жіптерді пайдалану беймата жайма өнімдерінің түрлерін де көбейтті.

Беймата материалдары күнделікті тұрмыста, медицинада, өнеркәсіпте, әшекейлеп-көркемдеу, безендіру салаларында кеңінен  қолданылуда.

     Ғылыми  зерттеу саласында ғалымдар басты  бағытты беймата материалдарын   өндіру үшін негізгі теориялық  құрылысына аса маңызды көңіл бөліп отыр, соның ішінде өңдеу және беймата текстиль материалдар өндірісінің жаңа тәсілдерін ойлап табу, яғни оның жаңа түрін, өнімділігі жоғары машина жасап шығару, еңбек тиімділігін арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Бейматалар

 

Бейматалар – талшықтар мен жіптерді тоқыма әдісін қолданбай біріктіру арқылы алынған текстиль бұйымдары. Бейматалардың өнеркәсіптік өндірісі ХХ ғ. 40 жж пайда болды. Қазіргі күнде бейматалар көптеген елдерде текстиль өнімдерінің негізгі түрі болып отыр. 1972 ж. дүниежүзі бойынша 3 млрд м2-тан астам беймата өндірілген.

Бейматалардың құрылымдық элементтерін біріктіру әдістеріне қарай оларды өндіру 3-ке бөлінеді: физика-химиялық, механикалық және комбинирленген.

 

І.1 Физика-химиялық әдіспен алынған бейматалар

 

Бұл әдісте талшықтарды біріктіру байланыстырушы заттардың (желім) көмегі арқылы жүзеге асырылады. Кеңірек таралған желімделген беймата, оның негізі талшықты жайғақ (текстиль талшықтарының қабаты, 1м2 массасы 10-100г дейін және одан да көп) болып табылады. Көбінесе жайғақ түту машинасының барабанынан келіп түскен бірнеше қабатты түту арқылы қалыптастырылады. Жайғақты аэродинамикалық әдіс арқылы да алады, онда ауа ағыны арқылы түту машинасының барабанынан түсірілген талшықтар жайғақ қалыптастыру үшін торлы барабан (конденсор) немесе жылдамдығы 100м/мин дейін жететін көлденең торға жіберіледі. Тағы да жайғақты қағазжасаушы машинада талшықтардың сулы дисперсиясынан алуға болады.

Желімдеудің ерекшелігіне байланысты желімделген бейматаларды алуды бірнеше әдіске бөледі.

Өте кең таралған әдіс жайғақты сұйық синтетикалық-байланыстырушы латекспен сіңдіруге негізделген. Жайғақты байланыстырушы заты бар ваннаға батырады немесе байланыстырушыны жайғақтың бетіне себеді. Кейде ұқсас сіңіру де қолданылады, матаның бетіне сурет басу. Сіңдірілген материал кептіріледі және ыстық ауамен немесе инфрақызыл сәулелермен қыздырылған термокамераларда өңделеді.

Әдетте жайғақты мақтадан, вискоза және полиамид талшықтарын араластырып немесе текстиль өндірісінің қалдықтарынан қалыптастырады. Мұндай әдіспен алынған бейматаларды (жылдамдығы 50м/мин және одан көп) автомобиль өнеркәсібінде фильтр, жылу және дыбыс өткізбейтін заттар алу үшін қолданылады.

Ыстық престеу әдісінде талшықтарды желімдеу термопласттар  арқылы (полиамид, полиэтилен, поливинилхлорид  және т.б.) жүзеге асырылады. Әдетте бұл процесс арнайы каландрларда (картонды, қағазды тегістеп, жылтырататын машина) 2Мн/м2 дейінгі (20кгс/см2)  қысымда, жоғары температурада жүреді. Желімдеу алдында талшық қабаты байланыстырушысы бар, жайғақты қалыптасу сатысына жеткізетін немесе қалыптасқан жайғақ (ұнтақ түрінде) түріне жеткізетін термоөңдеуден өтеді.

Бейматаларды қағазжасаушы машиналарды (жылдамдығы 100м/мин және одан көп) қолдану арқылы алғанда  байланыстырушыны (латекстер, жеңілерігіш  талшықтар және т.б.) машинаға түсіп жатқан қоспаға (массаға) қосады. Мұндай бейматалар арзан, бір рет қолданылатын бұйымдар өндірісінде кең қолданылады.

Фильерлі әдісте иіру машинасының сүзгілерінен шығып  пайда болатын синтетикалық талшықтар  ауа ағынымен тартатын канал арқылы өтіп, қозғалмалы транспортерге төселу арқылы жайма пайда болады.

Құрылымдық құрастыру  әдісі арқылы бейматаларды алғанда  талшықтарды қолданбауға болады: жайма араласпа немесе құрылымдық конденсацияланған  полимер аэрозолдары нәтижесінде  қалыптасады. Мұндай бейматалар маталар секілді «демалады». Оларды мата немесе қағаздардың орнына техникада (фильтр және т.б. үшін) және тұрмыстық мақсатта пайдалануға болады.

 

І.2 Механикалық әдіспен алынған бейматалар

 

Тоқыматігісті бейматалар. Тоқыматігісті бейматаларды дайындағанда (технология «Маливатт» - ГФР, «Арахне» - Чехословакия) тоқып-тігу машиналары арқылы жылжып отыратын талшықтар оларды жіппен тігу нәтижесінде қатаяды. Мұндай бейматалар жылу өткізбейтін (ватин орнына) немесе буып-түю материалдары ретінде қолданылады.

Жіптігісті бейматалар. Жіптігісті бейматаларды («Малимо» - ГФР) бір немесе бірнеше жіптер жүйесін тігу арқылы алады. Бұл бейматаларды сәндік мақсатта, жағажайлық киімдерге, сүлгілерге және т.б. пайдаланады. Жіптігісті түкті, салбыраушы ілмекті бейматалар ерекше қызық болып көрінеді, олар түкті маталармен бәсекеге жақсы түсуде.

Жайматігісті  бейматалар. Жайматігісті бейматаларды текстиль жаймаларын түкті иірімжіппен тігу арқылы дайындайды («Малиполь» - ГФР), ол тігіс жайманың құрылымын және қасиетін жақсартады. Пальто және юбкаға арналған бейматаларды жүнді иіріжіппен тігеді.

Тоқып-тігу машиналарының  көмегімен жіп қолданбай-ақ бейматаларды өндіреді («Вольтекс» - ГФР, «Арабева» - Чехословакия). Мұндай бейматалар ұзын талшықтардан алынған мата және жайғақтан тұруы мүмкін. Талшықтарды жайғақтан негізгі қаңқа арқылы алып шыққан соң бейматалардың теріс бетінде берік ілмектер пайда болады, ал оң бетінде көлемді және биік түктер пайда болады. Мұндай бейматаларды спорттық киімдерде жылусақтағыш ретінде және маусымдық пальтоларда, бас киімдер және жылы аяқ киім дайындауда қолданылады.

Инетесімді  бейматалар. Инетесімді бейматалар талшықтарды жайғақта шатастырып, оны кетік инемен тігу арқылы өндіріледі. Материалды шаншу инелі тақтайшаның төмен қарай қозғалысында (тірекке дейін) болады. Ол жоғары көтерілгенде материал алға жылжиды (машинаның өндірісі 5м/мин). Мұндай бейматаларды кілем, одеял ретінде қолданады.

Бейматалар қатарына жүнді-киізді текстиль материалдары да жатады. Оларды дайындау кезінде жүн  талшықтарының киізденуге қабілеті пайдаланылады (механикалық немесе жылы ылғалды өңдеуде). Мұндай бейматаларды алудың технологиялық көпғасырлық тарихы бар.

 

І.3 Қиыстыру, құрастыру (комбинирлеу) әдісі

 

Кең танымал қиыстыру әдісі механикалық және физика-химиялық біріктіру әдістерінің үйлесімділігіне негізделген. Қиыстыру әдісінде бейматаларды инешаншу (немесе тігу) және желімдеу арқылы алады.

Саудалық жіктелуінде  әр беймата алты саннан тұратын артикул  иеленген. Артикулдың бірінші саны әрқашан 9, екінші саны беймата дайындалған  талшықтың түрін білдіреді (мақталықағазды – 1, жартылайжүнді – 2, жібекті – 3, зығырлы – 4), артикулдың үшінші саны өндіру тәсілін білдіреді. Мысалы, мата типті бейматалар үшін: тоқыматігісті – 1, жіптігісті – 2, мататігісті – 3, инетесімді – 4, желімді – 5, қиыстырылған – 6, ватин типті бейматалар үшін: тоқыматігісті – 7, инетесімді – 8. Артикулдың төртінші саны бейматаның тобын білдіреді: тұрмыстық – 1, сүртетін, буып-түйетін – 2, аяқ-киімдік – 3, жасанды былғары үшін негіз – 4, сүзгілік, жиһаздық – 5, ватиндер – 6. Артикулдың бесінші және алтыншы саны артикулдың әр топтағы тағайындалған реттік нөмірін білдіреді.

 

 

ІІ. Тоқып-тігу технологиясы

Бейматаларды тоқып-тігу машиналарында өндіру тігуші жіптің көмегімен талшықтарды талшықты жайғақта бекіту жолымен жүзеге асырылады. Талшықты жайғақты тігу үшін негізтоқушы айқаспа үшін тоқып-тігу машиналары ВП (КСРО), Арахне (Чехословакия) және Маливатт (ГФР) қолданылады, бұл машиналардың барлығының технологиялық мәні мен мақсаты бірдей.

Тоқып-тігу машиналарында  өндірілген бейматалардың ассортименті қолданылуына байланысты кең және әр түрлі: ватиндер және жасанды былғарылар үшін негіз, тұрмыстық және әр түрлі техникалық қызметіне байланысты.

 

ІІ.1 ВП машинасындағы тоқып-тігудің технологиялық процесі

1-суретте ВП-9 тоқып-тігу машинасының технологиялық схемасы келтірілген.

Жайғышпен қалыптастырылған және толықтырылған талшықты жайғақ белгілі бір тығыздықта конвейер (1) арқылы бағыттаушы үстелге (2), одан әрі машинаның ілмекқалыптастырушы мүшелеріне барып түседі. Талшықты жайғақты тігуге арналған жіптер навойлардан (3) (арқау орағыш ұршық) беріліп тұрады. Жіптердің бір-бірінен бөлініп, параллель тұруын бөлгіш тарақшалар (4) қамтамасыз етеді. Жіптердің үзілгенін білу үшін бөлгіш тарақшалардың арасында жіптерге ламельдер (5) іліп қояды. Тігін жіптері серіппеленген білікшені (6) айналып өтіп, көзшелі инелерге (7) сабақталады. Бағыттаушы үстелден (2) шыққан талшықты жайғақ қозғалмайтын төменгі платин (9) және жылжымалы жоғарғы платиндердің (8) арасына түседі. Қозғалмайтын платиндердің арасынан жылжымалы саңылаулы инелер (10) өтеді, олар жоғары қозғала отырып жайғақты түйрейді де, жоғары жақтан көзшелі инелер (7) арқылы беріліп тұрған тоқушы жіптерді іліп алады. Кері төмен қарай қозғалған жылжымалы саңылаулы инелер өздері іліп алған жіптерді талшықты жайғақтың              1 сурет. ВП-9 тоқып-тігу машинасының схемасы

арасынан алып өтіп, оны  негізгі тоқыма өрімдерімен бекітеді. Тігілген жайғақ бағыттаушы білікшелерді (11 және 13) айналып өтіп, тартқыш білікшеде (12) тартылып, тауарлы білікшеге (14) рулонға оралады.

 

ІІ.2 Тоқып-тігу машиналарының ілмекқалыптастырушы мүшелері

 

Ілмекқалыптастырушы мүшелерге  саңылаулы жылжымалы және көзшелі  инелер, жоғарғы және төменгі платиндер (2 сурет) жатады.

Саңылаулы ине (2 сурет, а) аспаптық көміртекті болаттан жасалады және ол стерженнен (1), ілгектен (2) және жылжымадан (3) тұрады.  

Ине стерженінің төменгі  жағында инелерді плиткаларға құю  кезінде балқыма мен иненің берік  байланысын қамтамасыз ететін ауыспалы тікбұрышты қима кесінділері бар. Стерженнің ортаңғы бөлігінде ашық бойлай орналасқан ені 0,5мм және тереңдігі 0,7мм болатын жылжымаға арналған саңылау бар. Жіңішкелеу болып келетін жоғарғы жағында бойлай жабық саңылау жасалған.

Иненің жылжымасы ілмекқалыптастыру  процесі кезінде жоғары-төмен  иненің ілгегін жауып-ашып қозғалып отырады. Жылжыма жоғары қозғалғанда ілгекті жақсы жабуы үшін жылжыманың жоғары жағына саңылау жасалған, осы саңылауға иненің ілгегі кіреді.

Ілмекқалыптастыру процесінде саңылаулы  ине талшықты жайғақты түйрей отырып, төменнен жоғары қарай қозғалады, ал одан кейін тігін жібін іліп алып жайғақтың арасынан өтіп төмен қарай қозғалады. Жайғақты түйреуді жеңілдету үшін ине стерженінің жоғарғы жағының көлденең қимасы өте аз, ал ине ілгегі үшкір етіп жасалған. Жайғақ талшықтарының иненің ішіне кіріп кетуін болдырмау үшін жылжыманың саңылауы жабық етіп жасалған.

Информация о работе Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру