Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 15:41, контрольная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: адамның дене ерекшеліктерін ескере отырып иықтық киімдерді конструкциялау және модельдеудің теориялық негіздері.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
•адам денесі пішініне сипаттама беру;
•бұйым констркуциясын айқындау

Содержание

Кіріспе
1 Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде
1.1 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер
1.2 Адам денесі пішінінің сипаттамасы
1.3 Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
2 Киімді үлгілерін әзірлеуде стильдік ерекшеліктерді ескеру
2.1 Киімнің жіктелімі және ассортиментері

Работа содержит 1 файл

Бақылау жұмысы.docx

— 890.13 Кб (Скачать)

Киім дайындау әдістеріне - жіппен байланыстыру тәсілі (машина және қол еңбегі көмегімен), желімдеп байланыстыру, дәнекерлеу және клепқалы, т.б. тәсілдері жатады.

Иықты, кеуделік, белдікті киім түрлері

Адам дене бітіміне қонымдылығына  қарай киім иықты, кеуделік, белдікті киім болып бөлінеді. Пальто, жекет, жейде, куртка, сарафан - иықты киімге; жеңсіз, киім-жилет - кеуделік киімге; алжапқыш, белдемше, шалбарлар - белдікті киімдерге жатады.

Әрқилы қоғамдық (өндірістік, спорттық, сәндік, формалық) іс-әрекетке байланысты киім тұрмыстық және арнайы киім болып бөлінеді.

Тұрмыстық киім - бұл күнделікті тұрмысқа және жұмысқа, мәдени орындар мен ойын-сауыққа, демалуға және үй шаруашылығына арнап киілетін киімдер.

Күнделікті өмірде киілетін киім (оқуға, серуендеуге, көрмеге баруға, т.б.) әр түрлі кәсіпке, қызметке киюге арналады. Бұл киімнің стилі адамның өмір сүру салтына, іс-әрекетіне байланысты. Бүгінгі күні адамдардың өмір сүру салтының әрқилылығына байланысты күнделікті тұрмыста киілетін киім түрі де әр алуан.

Әрбір адамның киімге деген  өз талабы бар, әркім өзінің жеке-дара қасиетін ашуға тырысып, өзіне және өмірге деген көзқарасын киім арқылы көрсетеді.

Киім киюдегі ең басты  талап: киім киюге ыңғайлы және қолайлы  болуы керек, сонымен бірге қоршаған ортаға сәйкес болуы қажет. Күнделікті тұрмыста киілетін киімнің негізгісіне  жұмыс киімі жатады. Оның стилі  жұмыс жағдайына байланысты. XIX ғасырдан бері «іскерлік киімі», «іскерлік костюмі» деген ұғым бекерге пайда болған жоқ. Егер адам кеңседе, банкте, министрлікте қызмет етсе, оның жұмыс киіміне қатаң талап қойылады: бұл талапқа сай классикалық костюм (әйелдерге шалбар киюге рұқсат етілмейді), классикалық стильдегі аяқ киім болуы керек. Сонымен бірге әйелдерге өте асыра боянуға, жұрт назарын аударатын жылтырақ бұйымдар тағуға болмайды, ал еркектерге өте ашық бояулы галстук не жейде киюге болмайды. Кейбір фирма басшылары өз қызметкерлеріне сол фирманың имиджіне сай белгісі бірдей марка мен сапаға сәйкес аксессуар мен киім үлгісін киюді талап етеді. Арнайы және бір үлгідегі киімдер киюді талап етпейтін мекеме қызметкерлері (мысалы, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, әр түрлі кеңсе қызметкерлері) әр түрлі стиль мен жинақталымдағы киімдер кие алады. «Еркін мамандық иелері» (суретшілер, кинооператорлар, актерлер, журналистер, т.б.) ыңғайлы, әрі қолайлы еркін стильдегі киімдерді киюді ұнатады. Күнделікті тұрмыста киілетін бір үлгідегі киімге әртекті трикотаж, джинсыларжатады.

Жетпісінші жылдардың  басынан бастап күнделікті тұрмыстық  киімде «рационалды» немесе «базалық гардероб» деген ұғым пайда болды, бұл - өзара үйлескен және жеке-дара түржиыннан тұратын (мысалы белдемшелер, шалбарлар, жейделер, жемпірлер, жилеттер, жекеттер, т.б.) әр түрлі заттар. Әлеуметтанушылардың  мәлімдеуінше, келешекте ғаламдың компьютерлік байланыстың кең таралуына байланысты жұмыс түрі де өзгеріске ұшырауы  мүмкін, адам өз компьютерімен қоса үйін жұмыс орнына айналдырмақ. Бұл  XXI ғасырда (жұмыс киіміне арналған) классикалық ағылшын костюмінің жоғалуына әкеледі, бүл костюм дәстүрге құрмет белгісі ретінде ғана саңталмақ, оның орнын, мысалы, трикотаждан дайындалған қолайлы киім ауыстырады.

Бұрын күнделікті тұрмыста киілетін киім мен сәнді киімнің  өзіндік айырмашылығы болатын. Күнделікті тұрмыста киілетін костюмдер мен  көйлектерге белгілі бір маталарды, ең аз мөлшердегі сәндік бөліктерді, қара-пайым  түстерді пайдаланса, сәнді киімдерде  ашық бояулы фактураны, жібек, барқыт, атлас, қамқа маталарды; декорациялық әрлеуді, жібек, алтын, бисер, моншақпен  кестелеуді, жапсырманы (аппликация), ызбаны (тесьма), т.б. сәнді бұйымдарды қолданды.

Қазіргі киім үлгісінде мұндай айырмашылықтар кездеспейді, күнделікті тұрмыста киілетін киімдерді модельдеуде  дәстүрден тыс маталар (атлас, барқыт) қолданылады, былғары курткаларда  шілтерлі жапсырмалар, кестелеу, жүқа маталар, т.б. кездеседі. Керісінше, сәнді  киімдерде бұрынғы жағалы киімдердің және күнделікті тұрмыста киілетін киімдердің моделіне негізделген маталарды  сирек көреміз, олар: мерекелік кешке  киетін көйлектер, твид пен түкті  матадан тігілген ұзын белдемшелер; былғарыдан, деним немесе сурет басылған матадан тігілген классикалың костюмдер. Бү-гінгі сән үлгісінде түрлі  түржиындық топтар арасындағы айырмашылық  шартты түрде ғана бөлінеді, тіпті  айырмашылығы жоқ десе де болады. Дегенмен, күнделікті тұрмыстық киімдерді  модельдеу кезінде мынадай басты  талаптарды ескеру шарт: киімнің қолайлылығы, жинақылығы, киім пішінінің қарапайымдылығы, костюмнің әр түрлі элементтерінің қиыстырылуы.

Сәндік киім - бұл ерекше жағдайларда - сән-салтанатқа, мерекелік қабылдауларға, мейрамдарға, театрға барғанда киілетін киімдер (қазіргі кезде адамдар жұмыстан кейін театрға күнделікті тұрмысқа киетін киімімен де бара береді). Сәндік киім адамға айрықша мерекелік көңіл-күй беруі керек.

Сәндік киім отбасылық  мейрамдар мен театр, концерт  залдарына барғанда, арнаулы мерекелік  жиындарда, премьера, сыйлық алу, т.б. арнаулы  мерекелік қабылдауларда, мектеп бітіру балында,үйлену тойларында, т.б. жағдайларда  қолданылады. Сәндік мерекелік киім сол жағдайға сәйкес адамның кескін-келбетін ашуы керек. Маңызды мерекелік жиындар, әдетте, үлкен мекемелік орындарда  өтеді, сондықтан ол жиынға қатысушы әрбір адам алыстан және жақыннан костюмін көрсетуіне мүмкіндігі бар. Осының бәрі сәндік киім үлгісінде есепке алынады. Билеуге арналған көйлектерде  айқын сәнді мәнерлі әшекейлер  орын алады, мерекелік костюмдерде  ашың қарама-қарсы түстер, ашық түс  жас жұбайларға арналған киімдерде (тығыз және жеңіл) мата түсінің үйлесімділігі, жаңа жылдың көйлектердің матасының  жылтырақ болуы ескеріледі.

Әр маусымда сәндік киімдерге  сән үлгісінің жаңа үлгісі ұсынылады. Әр түрлі сәндік көйлектердің пішіндері  «тұйықталған» және «ашық» композициялы пішіндерге бөлінеді. Адамның дене бітімін, кескін-келбетін қайталап айқындайтын  қарапайым көйлектер -«тұйықталған»  пішінге; қосымша заттарымен (жеңіл  орамал, шарф, палантин, шәлі) кеңістікте белсенді қозғалысқа икемді келген көйлектер - «ашық» пішінге жатады.

Сәнді көйлектің артықшылығы  сонда, оның ауыстырмалы бөліктерін (жаға, қаттама, ендірме-омырауша) белдік, шарф, сәнді жилеттер, желбешек, палантин, әр түрлі әшекей көмегімен өзгертуге  болады. Осындай құралдардың көмегімен  түрлі бейне сомдауға болады -қатал-іскерлік, ресми-әсем, көтеріңкі-мерекелік, т.б. Мұндай көйлектің қолданылу аясы кеңейе түсуде. Осылайша, костюм жобалауда  киім сәнділігі мәнерлі пішіннің, эффектілі фактураның немесе мата суретінің, түс үйлесілімділігінің, әрлеудің (басқа  матамен, әрлеу машинасымен, кестелеу, шілтерлеу, сондай-ақ қолмен өңдеу) белсенді араласуымен шыңына жетеді.

Киім пішінінің барлық қасиеттерін ең жоғары дәрежеде пайдалану - көркем функциялы, өткір композициялы костюмнің тууына әкеледі. Осылайша, театрландырылған көрсетілімдерге  арналған перспективалық түржиындар, жарнамалық сипаты бар әр түрлі көрмелердегі экспозицияға арналған костюмдер дайындалады.

Сәнді тұрмыстық костюмді бір қасиетін немесе формасын, материалдың  сипаттамасын мәнерлі әрлеуге көңіл  бөлінумен құруға болады.

Пішіні «тұйықталған»  костюмдер айқын материалмен  әрлеуді қажет етеді. Ал «ашық» пішінді  костюмдер пішін сипаттамасы  материалдың созылымдылық қасиетіне  сәйкестігін керек етеді (мөлшерлі түстік шешім және орынды әрлеуінде).

Киімнің көркемдік-бейнелік шешімі сәнді костюмнің барлық бөліктерінің өзара сәйкестігінің адам ерекшелігімен  және қоршаған ортамен байланысын талап  етеді.

Қонақ үшін киілетін отбасылық  сәнді киімнің костюм бөліктері  ерекше рөл атқарады, оның пішінінің  сапалы өңделуі, костюм сызықтарының үйлесімділігі, әшекейлеу мен әрлеу ісінің сәйкестігі ерекше маңызды. Сонымен қатар костюм адамның бет әлпетіне бағына отырып, оның көркемдігін толық ашу керек.

Қазіргі сән үлгісінде  сәндік киімдерді модельдеуде дәстүрлі әдіс және дәстүрден тыс әдістер  қолданылады. Кейбір дизайнерлер (мысалы, минималистер мен деконструктивистер) киімді сәндік және күнделікті тұрмыстық  киімдер деп бөлуді тіпті жоққа  шығарады. Дегенмен, дәстүр бойынша  сәндік киімдердің қолданылу ерекшелігі саңталады: үйлену тойына арналған киімдерде  бұрынғысынша қалыңдық ақ көйлек кию  керек (бұл дәстүр XIX ғасырдың басында пайда болған); ресми салтанаттарда, мысалы, ер адамдар міндетті түрде смокинг, ал әйелдер ұзын көйлек киюі тиіс; ресми қабылдауларда киім ерекшелігі хаттама негізінде келісіледі. Күнделікті тұрмыстық киім сияқты сәндік киімнің де сәнділік дәрежесі оның қолданылуы мен киім иесінің жеке талғамына байланысты.

Демалысқа арналған киімдер - спортпен айналысуға, серуендеуге, теңіз жағасында демалуға арналған (суретте) немесе дискотека, түнгі клубтарға барғанда киілетін киімдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде қоғам  талаптарына сәйкес киімнің ыңғайлылығы  әрі тиімділігімен қатар оның эстетикалық және мәдени қасиеттерін  меңгеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Тігін өндірісінің негізгі  мақсаты тұтынушылардың киімге деген  сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушылардың басты талаптары киімнің түрлі  ассортиментінің болуын, киім үлгілерінің  соңғы бағдарына сәйкес келуін, олардың  жоғары сапалы болуын қанағаттандыру үшін бір қатар мәлелер өндірістік тігін саласында қаралған. Жоғары сапалы тігін өнімдерін шығаруды арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын техникалық қайта жабдықтандыруға  және қайта құру негізінде еңбек  өнімділігін арттыруға жаңа жабдықтар  мен кіші механизация құралдарын енгізуге, киім дайындаудың прогресті  технологиясын қолдануға сапасын  басқаруды да ұйымдастыруға байланысты.

Өндірісті барынша тиімді пайдалану, ғылыми – техникалық прогресті  жетілдіру, жұмыс сапасын барынша  жақсарту, киім үлгілерін соңғы сән  бағдары бойынша дайындап жүзеге асыру тігін өндірісінің басты  мақсаттарының бірі.

Киімге қойылатын техникалық талаптардың өзі тігін, материалдарының  сапасы мен киімді дайындауға қойылатын  талаптар. Тігін материалдары мен  тігілген дайын бұйым мемлекеттік  стандартқа сәйкес келуі тиіс.

Қазіргі таңда тігін бұйымдары кеңінен қолданысқа ие болуда. Түрлі конструкциялы үлгілері шығарылуда. Жастардың талғамын, стилін осы киімдер қанағаттандыруда. Шет елдерден әкелінген және де өзіміздің Қазақстаннан шығарылған сәндіде ыңғайлы түрлері сатылымда жоғары бағада сатылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бағжаева С. Әйел және балалар киімдерін сәндеп өңдеу.-Алматы: 1999-231 б.
  2. Асанова А., Айдынбекова Ж. Киімді конструкциялау және модельдеу. –Астана, 2008.
  3. Жолдасбекова С., Калабаева К. Киімді конструкциялау мен модельдеу. –Шымкент, 2007. -127б.
  4. Андреянова Л.И. Уроки шитья. –Екатеринбург:«Уральский рабочийң, 1995.–126с.
  5. Литвинова И.Н., Шахова Я.А. Әйел сырт киімін әзірлеу. -Алматы: Ана тілі, 1993.
  6. Жолдасбекова С.А.Киімді көркемдеп сәндеу. -Шымкент:М.Әуезов атындағы  ОҚМУ, 2003. -114 бет.

Информация о работе Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде