Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 15:41, контрольная работа
Жұмыстың мақсаты: адамның дене ерекшеліктерін ескере отырып иықтық киімдерді конструкциялау және модельдеудің теориялық негіздері.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
•адам денесі пішініне сипаттама беру;
•бұйым констркуциясын айқындау
Кіріспе
1 Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде
1.1 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер
1.2 Адам денесі пішінінің сипаттамасы
1.3 Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
2 Киімді үлгілерін әзірлеуде стильдік ерекшеліктерді ескеру
2.1 Киімнің жіктелімі және ассортиментері
Адам денесінің морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті
Адам денесінің сыртқы
пішінін негізгі жалпы
Жалпы морфологиялық белгілерге дене ұзындығы немесе бойы, кеуде айналымы мен массасы жатады. Бірінші екі көрсеткішті сантиметрмен өлшейді.
Бой сүйек қаңқа өлшеміне байланысты болады. Адам өмірінің даму кезеңдеріне байланысты бой өзгеріп отырады: туылғаннан 18-20 жасқа дейін дене ұзындығы барынша ұзарады; 45 жасқа дейін өсу шегі тұрақты болады; 45 жастан кейін дене ұзындығы қысқарады. Бұдан басқа да дене ұзындығы бір күн ішінде өзгеруі мүмкін. Кешке қарай адам шаршағанда дене ұзындығы әдет-тегіден 1,5-3,0 см қысқарады. Таңертең дене ұзындығы ұзарады. Дене ұзындығы бойынша артықтыққа Солтүстік Еуропа және Скандинавия елдері (шотландтар, норвеждер, шведтер), сонымен бірге Солтүстік Америка елдері ие болған.
125 см-ден төмен және 200 см-ден жоғары дене ұзындығын көп жағдайларда патологиялық категорияға жатқызады.
Кеуде айналымы өлшемін кеуде қуысы бұлшық еттерінің даму дәрежесі мен май жиналу көлеміне байланысты. Кеуде айналымы адам туылғаннан бастап, үздіксіз өсіп отырады да, 20-26 жас шамасында тұрақтанады. 40 жастан кейін тері асты майлы қабатының жиналуына байланысты кеуде айналымының қарқынды өсуі байқалады. Бірақ, 60 жастан кейін кеуде қуысының периметрі қарттық инволюциялық кезең басталуына байланысты біршама кішірейеді.
Дене пропорциялары. Пропорция деп адам денесінің бөлек бөліктері өлшемдерінің арақатынасын айтады. Адам денесінің пропорциясы оның ұлттық ерекшелігімен, тұратын жерінің географиялық-климаттық жағдайларымен, мүрагерлік факторларымен анықталады.
Адамның дене пішініне спорттың, яғни бұлшық ет пен май басудың даму дәрежесі эсер етеді.
Аяқ-қол ұзындығы мен иық енінің жалпы дененің ұзындығына қатысына қарай дене пропорциясының үш негізгі типін ажыратады:
• долихоморфтық - тар кеудемен салыстырғанда аяқ-қолдары ұзын;
• брахиморфтық -ұзын, кең кеудемен салыстырғанда аяқ-қолдары қысқа;
• мезоморфтық - қалыпты, долихоморфтық және брахиморфтық типтердің аралық орнын иемденеді.
Әр түрлі жастағы және жыныстағы адамдардың пропорциялары қатты өзгереді. Өзгерістер бас және тұлғаның салыстырмалық өлшемдерінің кішіреюі және са-лыстырмалық өлшемінің артуымен өзгереді. Егерде жаңа туылған нәрестенің бас биігі шамамен дене ұзындығының 25% -ын құраса, ересек адамда 13-14% ; нәрестенің аяқ ұзындығы дене ұзындығының 33% -ын құраса, ересекте -53%; нәресте бас айналымы кеуде айналымына тең, ал ересек адамда екі есе кіші. Адамдардың дене ұзындығындағы айырмашылығы негізінен аяқ-қол ұзындығына байланысты болады. Сондықтан долихо-морфтық тип бойы ұзын адамдарға, ал брахиморфтық бойы қысқа адамдарға тән.
Дене бітімі. Дене бітімі бұлшық ет дамуы дәрежесіне және тері асты майлы қабатына, адам жасына, қаңқаның пішіні мен өлшеміне байланысты болады.
Бұлшық ет дамуы әлсіз, орташа, күшті болады. Май басу дәрежесінің дамуы әлсіз, күшті және мол болуы мүмкін. Сонымен қатар дене бітімді анықтайтын категория белгілеріне кеуде қуысының пішіні (жалпаң, цилиндрлік және конустық), қарын пішіні (қабысыңқы, түзу, дөңгелек-шығыңқы) және арңа пішіні (әдеттегідей бүкір және түзу) жатады.
Осы сипаттаманың әр түрлі үйлесуі дене бітімінің әр түрлі типін құрайды. Ерлерде мынандай типтері болады:
• Кеуделік тип (6-сурет, а) - әлсіз май басумен және әлсіз бүлшық етімен, жалпақ кеуде қуысымен, қабы-сыңқы қарын және бүкір арңамен сипатталады;
• Бұлшық ет типі (б) - орта немесе күшті бұлшык, етпен және орташа май басумен, цилиндрлік кеуде қуысымен, әдеттегідей немесе түзу арқамен сипатталады;
• Құрсақтық тип (в) - орта немесе әлсіз бұлшық етпен және мол май басумен, конустық кеуде қуысымен, дөңгелек-шығынқы қарынмен, бүкір немесе өдеттегі арқамен ажыратылады.
1-сурет. Ерлердің дене бітім типтері
Май басудың таралуы мен дамуына байланысты дене бітім типтерін югослав зерттеушісі Б.Шкерли үш негізгі және бір қосымша деп бөліп көрсетеді:
• Барлық денені біркелкі майбасу тобы. Май басу дәрежесі әлсіз, орта және мол болуы мүмкін;
• Денені әркелкі май басу тобы. Дененің жоғарғы бөлігі мен төменгі бөліктеріне артық май жиналуы;
• Дененің тұлға бөлігін немесе аяқ-қолдарды әркелкімай басу тобы;
• Дененің бөлек бір бөліктерінде (кеудеде, мықында, санда) артық май жиналған қосымша типті топ.
2-сурет Әйелдер дене бітімі типтері
Келбет. Келбет дегеніміз мойын мен бел тұсындағы омыртқалардың әр түрлі иілімімен, қолдың денеге және иық биіктігіне қатысты орналасуымен сипатталатын адам денесінің табиғи түрдегі тік боп келетін конфигурациясы.
Келбет омыртқа пішініне, бұлшық ет, май басу түрлеріне байланысты болады.
Киім пішушілер практикасында тапсырыс берушінің келбеті есепке алынады. Антрополог мамандар киім тігуде дене келбетінің әр түрлілігін және олардың есебін алу керектігін айтқан. Ересек адамдардың мынадай келбет түрлері ажыратылады:
• қалыпты: арқа жауырыны тұсындағы омыртқа бағанасының бел сызығымен біртегіс иілісі;
• еңкіш: бас пен иықтың, арқаның алға қарай еңкіштігі, жауырын тұсының қатты шығыңңылығы және омыртқаның бел сызығымен аз қисаюы;
• шалқақ: иықтың арқаға жіберілуі, бастың артқа шалқаюы, омыртқаның бел сызығына дейін көп майысуы.
Ерлер келбеті жауырынның мықынға қарағанда шығыңқылығымен сипатталады. Ерлер келбетіне қарағанда әйелдер келбеті жауырынға қарағанда мықынның шығыңқылығымен ажыратылады. Адам келбеті өмір сүру барысында өзгереді. Оған жас ерекшелігі, еңбек ету, спортпен шүғылдануы зор әсерін тигізеді.
1.3 Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
Киім конструкциясын кез келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішініне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:
- бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының араңашықтық проекциясын өлшейді;
- екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді;
- үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді. Нақты мәліметтер алу үшін барлық өлшемдер белгілі бір шарттарды қатаң сақтау негізінде жүргізіледі:
а) өлшенетін адам түзу, күштеусіз, бірқалыпты дем алып белгілі кейіпте тұрады;
б) ерлер мен балалар аяқ киімсіз, іш киім киген, әйелдер іш киім мен көкірекше киген;
в) барлық өлшеулер денеге белгілі нүктелер арқылы немесе тері қатарлары және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргізіледі.
Анықталған нүктелер антропометриялық нүктелер деп аталады. Өлшеу барысында конструкциялау үшін 16 антропометриялық нүкте қолданылады.
г) ұзындық және айналымдарды өлшеу 1 мм-ге дейін дәл өлшеуді талап етеді.
3-сурет. Адам денесіндегі антропометриялық нүктелерді анықтау
2 Киімді үлгілерін әзірлеуде стильдік ерекшеліктерді ескеру
Стилъ (ағылш. Stіуlе) сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылың тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр[14]. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.
Стиль жүйесінің тұрақты:
- формальды;
- көркем-бейнелі;
- әлеуметтік-психологиялық сипат
Формалъдылыққа талапқа сәйкес силуэтті сызықтар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.
Көркем-бейнелі сипаттама – адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.
Әлеуметтік-психологиялық аспек
Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп саналады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулық иделы көрініс табады. Стиль қоймасы – өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль мен алғашқы бейне негізге алынған. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.
Стиль және сән – өзара
байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз
дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда
бір уақытта бірнеше стиль
өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қолданыстан
шыққан, дәл сол кезеңде салтанат
құрған болашақ стильді
Қазіргі заманғы сәндегі
стиль көптігі ерікті түрде туды
деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен,
адамзатты толғандыратын
XX ғасырда сән мен костюмге айтарлықтай әсер еткен ағым – эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі – стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық пен спорттық стильдің үйлесімді байланысы.
Соңғы онжылдықтағы киім үлгісінде,
әсіресе эклектика ағымы
Жаңа стильдердің пайда болуы мен қарқынды дамуына қарамастан, бұрынғыша көптеген әр түрлі сән мен сәндік стильді сапалылығымен жаулап алған «классикалың стиль» маңызын сақтап ңалды. Классикалық стильге «агылшын» стилін (классикалық үлгідегі жағалы киім – костюм), «Шанель», «джинсылық», «кантри», «теңізші» стильдерін алуға болады.
2.1 Киімнің жіктелімі және ассортиментері
Қазіргі заманғы киім үлгісі адамның жас және жыныс ерекшелігіне, әркімнің киіну мақсатына, жыл мезгіліне, мата түрі мен оны дайындау тәсіліне байланысты.
Жыныстық ерекшеліктеріне қарай киім ерлер және әйелдер киімі болып, ал жас ерекшеліктеріне қарай балалар киімі, жастар, орта жастағы және егде жастағлар киім үлгісі болып бөлінеді.
Костюмді пайдалану мақсатына қарай киім сыртқы киім, іш киім, корсетті (белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеулі бұйымдар), жағажайға арналған киім және бас киімдер болып бөлінеді.
Әр киім түрінің пішіні және силуэтімен айқындалған модельдің құрылымына қарай да, жең, жаға пішіміне қарай да түрлері болады.
Сыртқы киім пальтолық және костюм-көйлектік бұйымдар болып бөлінеді. Сыртқы киім - корсеттік бұйымдар, іш киімдер және костюм-көйлектік бұйымдар сыртынан киілетін киім. Сыртқы киімдерге пальто, қысқа пальто, плащтар, курткалар, көкірекшелер, пиджактар, бешпенттер, жилеттер, белдемшелер, көйлектер, жейделер, жекет-шалбарлар, комбинезондар, шолақ жекет-шалбарлар жатады.
Іш киім - тікелей денеге немесе корсетті бұйымдарға киілетін киім. Іш киімдерге: ішкі жейделер, ішкі белдемшелер, итжейделер, көйлектер, пижамалар, дамбалдар, трусилер, еңбектемелер (ползунки) жатады.
Корсетті бұйымдар - адам денесінің кейбір бөліктерін қалыпты жағдайда ұстау үшін, әрі шұлықты ұстату үшін тікелей денеге киілетін киім. Бұған төсқап, іштартқыш, жартылай іштартқыш, грация, жартылай грация, шұлықты ұстайтын белдіктер жатады.
Жағажайға арналған киімдер - шомылар кезде және күнге қыздырыну кезінде денеге тікелей киілетін киім. Жағажайлық киімдерге плавкилер, шомылуға арналған жинақталымдар жатады.
Бас киімдер - адамның бас бөлігін жабатын бұйымдар. Бас киімдерге шапка-құлақшындар, күнқағарлар, шляпалар, дулығалар, береттер, күн қағарсыз бас киімдер, пилоткалар, чепчиктер,тақиялар, қалпақтар, жокейкалар және т.б. жатады.
Жыл мезгіліне қарай қолданылатын
киімдер маусымдық деп
Жыл маусымына және қолдану ерекшелігіне қарай киім әр түрлі материалдан дайындалады, осыған орай олар жүн, жібек, мақта, зығыр маталардан, сондай-ақ табиғи, синтетикалық және аралас талшықтардан тігілген киімдер деп бөлінеді.
Информация о работе Адам киімді - конструкциялау обьектісі ретінде