Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2011 в 19:13, курсовая работа

Описание работы

Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерекелік жиынында айтқандай: «Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына өз үлесін қосты».

Работа содержит 1 файл

салық жүйесі.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

     Салық төлеушілер салықты есептеуді салық  базасына тиісті салық ставкаларын  қолдану арқылы дербес жүргізеді.

     Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептелінеді. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша, ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

     Бюджетке  салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекте мерзім Салық Кодексінің 351 бабы 4-тармағында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезінде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

     Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық  салу объектілері бойынша мүлік  салығының ағымдағы төлемдері салық  салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды.

     Салық жүйесі – бұл мемлекеттің құрылуындағы басты элемент, оның өмірлік іс-әрекетімен қамтамасыз ету салық жүйесінің  рөлі демократиялық қоғамда нарықтық қатынастардың дамуында қатты өседі.

     Қазақстан өзіндік меншік құқығын одан нарық  қатынасы туындайтын конституциялық шешімді мойындады. Қазақстанда нарық қатынастары қоғам өміріне тығыз кірді және жылдан жылға өзінің аяқталған түрін тауып отыр. Сол себепті, аз уақыт арасында, не бары өзінің тәуелсіз өміріндегі 10 жыл ішінде Қазақстан үшінші рет салық салу туралы Заңды қабылдап отыр, оның құрамын үнемі жетілдіріп, экономика шарттарының ұдайы өзгеріп отыруындағы икемдеуіне байланысты Заң баптарын ауыстырып отыр.

     Әрине, Салық Кодексін мүлде жақсы деп  айтуға болмайды, алайда  1995 жылғы  Кодекспен немесе Салық Заңнамасымен салыстырғанда бір қадам алға шықтық, басқа мемлекеттерге үлгі болып отырмыз деуге болады. Салықтың кейбір баптары ретке келтірілген, мұндай мысалға салық тәртібіндегі потент негіздерімен жұмысты қарастырсақ болады. Егер бұрын кәсіпкерлік қызметке потентті сатып алып, жұмысқа 10 жұмыскерге дейін қабылдаса, іс-жүзіндегі әрекеті шағын кәсіпорын тәртібінде болса, бірақ, анағұрлым аз салық төлеп отырған. Ал қазіргі кезде потентпен жұмыс істегенде жұмысшыларды жалдауға тиым салынған, әрине сөзсіз әділетті себепші болуға және кәсіпкерден толық салықты жинап алуға мүмкіндік туғызады. Осы алдыңғы Заңға қарағанда кемшіліктерін жояды.

     Дүние жүзінде жалпыға бірдей мәселе салықты  кем төлеу негіз болып отыр, бұл мемлекет дамуында әрине жалпы  қоғамға да жағымсыз әсер етеді. Кейбір бағалауларға қарағанда, дүние жүзінде орташа салық салудан 25% дейін салық ұсталып отыр, ал Қазақстанда 45% дейін. Әрине, әр мемлекет өз билігінде салық бөлімшелеріне ие, олар салық түсімінің толықтай жиналауына жұмыс істеуді.

     Әртүрлі мемлекеттерде егестік жағдайы белгілі, мысалы, салық салудан әйгілі адамдардың кірістерін жасыруына байланысты ұсталынған. Бұған атақты итальян теноры Л.Паваротти және атақты Голливуд киноактері Д.Траволта, Америка Құрама Штат алдында 600000 доллардан жоғары сомасында бересілі болып тұр. Дегенмен, бір ғана тыңшылық (сыск) органдарының қызметі салық жинау жұмысында жеткіліксіз.

     Салық салу проблемаларын шешуге және салықтарды жинауға кешендік әдістеме қажет.

     Менің ойымша, алдымен, әбден салық заңнамасындағы баптардың дұрыстығын реттеу қажет, соның арқасында жоғары дәрежеде қандай-да бір кірісті салық жүйесі  алдында салықты жасырудың қажеті болмайды. Ол үшін салық салу және салық мәселесін терең ғылыми зерттеу керек, салық түсімінің талдауы, Қазақстанда және өзге де мемлекеттерде жоғары деңгейде болуы тиіс. Менің ойымша, біз үшін аса ғибратты, Америка Құрама Штатының  тәжірибесінің зерттелуі үлгі болып отыр, өткен 100 жылдықтың 80 жылдарында салық реформаларының жүргізілуі, соның нәтижесінде Америка Құрама Штат  экономикасы 10 жыл аралығында елеулі жоғары темптерімен нығая берді, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының жалпы ішкі өнім көлемі дүние жүзіндегі ең жоғары деп есептелінеді. Сондай-ақ, қоғамның салық төлеуі тек қана парыз емес ал, әр адамның борышы екенін маңыздана білгеніміз қажет. Расында да, салықты төлеп біз, мемлекетті қаржыландырамыз, ал ол бізге ыңғайлы өмір сүру үшін жағдайлар жасайды, мысалға тысқы шекараны қорғау, бұқаралық қылмыспен күрес және бізге моральдық, адамгершіліктік, өте білімді және тағы басқа адам болуға мүмкіндік береді.

     Информатика саласында жаңа технологиялардың дамуы  күмәнсіз салық аймағында мемлекет қызметінің жақсаруына үлесін қосады.

     Көлік құралына салық салу практикалық  тәжірибесі бар, парк транспортының  толық тізімдемесі бар және онда максималды салық жиналуы көрінеді. Бұл оның үлкен көлемді мүмкіндіктерін субъект пен объектті толық ақпараттандыру салық салудағы мемлекеттік жабдық моделінің толық кемшіліксіздік жолында екендігін аңғартып тұр.

Информация о работе Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы