Салық жүйесінің құру қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Работа содержит 1 файл

Салық салу жүйесі.doc

— 151.50 Кб (Скачать)

       Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

      Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

     Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

     Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

     Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

     Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

     Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

  • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
  • заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

      Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

    1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
    2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
    3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
    4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
    5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
 

1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар

      Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.

     Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).

      Оның ішінде:

          - Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкісінен басқа резидент және  резидент емес заңды тұлғалар;

          -кәсіпкерлік қызметінен алынған  табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.

      Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.

       Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.

       Жылдық жиынтық табыс.  

       Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:

    1. өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
    2. үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
    3. сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:

      - проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер  үшін төлемдер және процент  бойынша басқа да табыстар;

      - заңды тұлғаға  қатысудан түскен акциялар бойынша  алынғанда дивиденттер, сондай-ақ  заңды тұлғаны тарату кезінде  мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған  инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;

      - тегін алынған  мүлік пен ақша қаражаты;

      - роялти;

      - өтелетін  шегерістер;

      - басқа да  табыстар;

      - есепті  жылы анықталған өткен жылдардағы  табыс;

                  - банк және сақтандыру ұйымдарының  резервтік         қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;

     Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:

   -Резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;

   -Резидент емес заңды тұлға шығысының сомасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес салмағы. 

    Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.

     Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.

     Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.

    Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел             Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.

     Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.

      Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.

       Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.

    Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.

      Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.

Жеке  тұлғаның салық салынатын  табысына мынадай  ставкалар бойынша  салық салынуға тиіс:

10еселенген  жылдық есептік  көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасының 5 проценті
10 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке  дейін 10 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен  алынатын салық  сомасы+одан асып  түсетін 10 проценті
10 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен  30еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 20 еселенген есептік  көрсеткіштен алынатын  салық сомасы+одан  асып түсетін 15 проценті
10 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке  дейін 30 еселенген есептік  көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 20 проценті
10 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке  дейін 40 еселенген есептік  көрсеткіштен алынатын  салық сомасы+одан  асып түсетін 30 проценті
50 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен және одан жоғары 50 еселенген есептік  көрсеткіштен алынатын  салық сомасы+одан  асып түсетін соманың  40 проценті
 

        II тарау: Жанама және тікелей салықтарға сипаттама.

             2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар

     

    Салықтардың анықтамасы; мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.

     Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:

    1) салық салу объектісіне байланысты;

     2) қолданылуына қарай;

     3) салық салу органына байланысты;

     4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;

     5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

     Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

     Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

      Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
  • мүлік салығы;
  • жер салығы;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

        Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

      Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

      Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.

      Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

      Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

      Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді.

      Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

    Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

     Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

     Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.

      Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

       Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

       Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;

        Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

        Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді.

Информация о работе Салық жүйесінің құру қағидалары