Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады. Салық дегеніміз – бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдердің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-5
І тарау. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі...........................6-17
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..............................6-8
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары............................................................................................................9-13
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері........14-17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау................................................................................................................18-24
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі.....18-22
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау......................................................................................................22-24
ІІІ тарау. Салық жүйесін жетілдіру жолдары................................................25-27
Қорытынды.......................................................................................................28-29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Қосымшалар.............................................

Работа содержит 1 файл

салық жүйесі 30.DOC

— 171.50 Кб (Скачать)

      Салықтық  қатынастар – қайта бөлу сипатын иеленетіндіктен, қоғамдық прогресс, олардың дамуына тәуелді. Салық жүйесін жетілдіру – билік органдарының ең қиын қарекет аумағы болып табылады. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде салық жүйесінің унификациясы әлеуметтік, экономикалық, саяси қиындықтарды сәтті шешуді қамтамасыз ететін, халықаралық интеграциялық процестерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Салық жүйесін оптималды деңгейге шығару мақсатында, салық салудың методологиялық, методикалық негіздерін қайта қарастыру қажет. Салықтар тек бюджет теңгерілімін қамтамасыз ететін құрал ғана емес, мемлекеттің халық шаруашылығының дамуын ынталандыруда қажет. Дамудың жаңа сатысында  мемлекет шығыстарының сипаты өзгеруде, халық шаруашылығын қаржыландыру бағытында олардың үлес салмағы төмендеуде. Бұл өз кезегінде мемлекет шығыстарының үш негізгі міндетті шешуге мүмкіндік беретін құрылымның қалыптасуына жол береді:

    • халықтың әлеуметтік қорғалмаған деңгейінің қажеттіліктерін қаржыландыру;
    • фундаменталды ғылыми зерттеулердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету (экологияның қиындықтары, антиэпидемиологиялық және басқа да зерттеулер);
    • мемлекеттің қорғаныс пен басқару жүйелерін қаржыландыру;

    Салық жүйесін жетілдіруде келесі шарттар  орындалу қажет:

    • тиімсіз кәсіпорындарға әртүрлі қаржылық құйылымдарды алу есебінен мемлекет шығыстарын оптималды, қоғамға қажетті деңгейге дейін қысқарту;
    • экономикалық базистің дамуын ынталандыратын, салық жүйесінің құрылуы. Ал бұл бәсекелі тауарлар мен қызметтерді өндіруші кәсіпорындар үшін салық ауыртпалығының азаюы;
    • түрлі әдістермен ( ғылыми негізделген:  несиелендіру, баға құру, валюталық қаржыландыру т.б. );

     Сонымен, салық жүйесінің жетілуі  қоғамдық дамудың тұрақты саяси шарттары мен мықты экономикалық базистың құрылуымен тығыз байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

      А. Смит: « салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны»

     Сонымен, салық салу субъектілері Қазақстан Республикасының бюджетінде анықталған мерзімде және көрсетілген мөлшерде салықтық төлемдерді енгізуге міндетті. Бірақ біздің мемлекетте, мемлекеттік құрылыс пен салық жүйесінің реформалану этапында және осы міндеттердің орындалуы әлі де жағдайды жақсартуды қажет етеді. Салықты төлеуден жалтару заңды және заңды емес әдістермен жүзеге асырылады, сондықтан салық жүйесін реформалау жүргізілді және Қазақстан Республикасының  жаңа салық кодексі енгізілді. Салықтық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін заңдық базаны жетілдіруде біздің жағдайға сәйкес келетін шетелдік озық тәжірибелер қолдануда.

      Салық жүйесі өндірістік және жалпы экономикалық қарекеттің стимулдарын бұзбауға минимум ретінде, ал жақсы жағынан ол стимулдарды нығайту мен қалыптастыруға себебін тигізу табылады, салық салу жүйесі әлеуметтік әділеттілік идеяларымен жеткілікті шектеулі байланыс, салық салу жүйесін қалыптастыруда үлкен рөлді сол немесе басқа салықтарды анықтаудағы ұйымдастырылған және есеп берудің жеңілдігін ұғыну, оларды жинау тиімділігі жағдайына қызмет етуі керек. Бұл шығындардың белгілі салықтарды жабу бойынша каналдарды азайту мен жинауға сәйкестендірілетін аз көлемі, салық салудың тұрақтылығын сақтау мүмкіндіктері, яғни сол немесе басқа салықтардың тез өзгеруі және болмау қажеттілігі.

      Салықтар  мен басқа да төлемдер жинау ұлғайып  қана қойған жоқ, олардың түсімінің  құрылымы өзгерді. Қазір көліктен және телекоммуникациядан, агрокешеннен, шағын бизнестен және т.б. түсетін түсімдердің үлесі барған сайын артып келеді. Шағын бизнес болса салықтық жүктемесінің елеулі азайғандығына қарамастан, мемлекет қазынасының  35 пайызға өсуін қамтамасыз етті және мұнай секторына қарағанда әлдеқайда тезірек дамып келеді. Біздің елдің экономикасы барлық бағытта серпінді түрде дамып келеді және қолға алынған құрылымдық реформалар да өз жемісін бере бастады.

      Қазақстан Республикасының Президентінің  жолдауына тоқталатын болсақ, онда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі – жалақыға салынатын салықты төмендету. Бұл ретте біз салық салу жүйесін түбегейлі жақсартамыз – жеке табыс салығының ставкасын жұмсарту арқылы оны неғұрлым ырықтандырамыз.

      Елбасының тағы бір маңызды тапсырмасы –  қосылған құн салығы ставкасын төмендету. Ол кәсіпорын үшін салық жүктемесі деңгейін төмендетуге орасан мүмкіндік береді.

          Мемлекеттік бюджет – мемлекетіміздің  экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын  қамтамасыз ете отыра, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосады. Ал мемлекеттік бюджеттің ең негізгі қайнар көзі – салық, сондықтан да салық жүйесін жақсарту мемлекетіміздің экономикалық позициясының берік болуына, еліміздің гүлденіп-өркендеуіне, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып, «Қазақстан-2030» стратегиясына сай болуына тікелей ықпалын тигізеді.

      Арнайы  салық режимдерін қолданудың аясын  кеңейту мүмкіндігін қарастыру  да – Елбасының Үкімет алдына қойған аса жауапты тапсырмаларының  бірі. Қазіргі уақытта арнайы жеңілдетілген  салық режимі аграрлық секторда қолданылып келеді. Сонымен қатар, арнайы салық режимі шағын бизнес саласына да қолданылып келеді. Ал қазір өзінің өндірген тауарларын жоғары қосылған құнмен сататын ұйымдар үшін, яғни құнының негізгі үлесі жүктемесін жалақы, амортизациялық аударымдар, сондай-ақ таза кіріс құрайтын өнімдерді сататын ұйымдар үшін жеке салық режимін белгілеу жоспарлануда.    Қосымшалар (А, Б, В, Г, Д) 29-33 бетте 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. “ Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ ( Салық кодексі), “БИКО” Баспа үйі, 2004ж
  2. Оспанов М. Б. “ Гармонизация налоговых отношений ”, ТОО “ ФАКС- информ ”, Алматы, 1997
  3. “Вестник налоговой службы РК ”, № 2, 3, 9, 2005
  4. Г. Карагусова “ Налоги : сущность и практика использования ” Алматы : “Қаржы- қаражат”, 1994
  5. “Налоги : элементы, понятие, установление, виды” Худяков А.И., Наурызбаев Н. Е., ТОО “Баспа”, Алматы, 1998
  6. Юткина Т. Ф. “ Налоги и налогообложение ”, “ Инфра ”, Москва, 1999
  7. Дүйсенбаев К. Ш. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”, Алматы, 2001
  8. Васильев В. Р. “Налоги 92 : Что и как платить”, РИФ “Рай”, 1992
  9. Идрисова Э. К. “ Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизнеса ”, Алматы, 1999
  10. Аньшин В. М. “ Налогообложение в системе экономического управления ” , М : ВНИТЦ , 1991. С. 28
  11. “ Финансы ” Мельников В., Ильясов Қ., учебник, Алматы 2001
  12. Құлпыбаев С . “ Қаржы ” оқу құралы, Алматы,  2000ж.
  13. Буковецкий А. И. “ Введение в финансовую науку ”. Л., 1929. С. 182
  14. www.nalog.kz
  15. www.tax.kz
  16. www.mgd.kz

Информация о работе Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі