Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады. Салық дегеніміз – бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдердің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-5
І тарау. Салық жүйесінің қызмет етуінің теориялық негізі...........................6-17
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік,оның құрылымы..............................6-8
1.2. Салықтардың түрлері,салықтық қатынастар және салық органдары............................................................................................................9-13
1.3. Салық қызметі органдарының мақсаттары мен міндеттері........14-17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау................................................................................................................18-24
2.1. Салықтық төлемдер – мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі.....18-22
2.2. Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне талдау......................................................................................................22-24
ІІІ тарау. Салық жүйесін жетілдіру жолдары................................................25-27
Қорытынды.......................................................................................................28-29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Қосымшалар.............................................

Работа содержит 1 файл

салық жүйесі 30.DOC

— 171.50 Кб (Скачать)

     2) Салық тексеруі барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай – ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді.

     3) Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ 

2.1. Салықтық  төлемдер – мемлекеттік бюджет  кірістерінің көзі 

           Салықтар барлық елдерде олардың  қоғамдық-экономикалық құрылысы  мен саяси іс-бағытына қарамастан  ұлттық мемлекет кірістерінің  негізгі көзі – ұлттық табысты  қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген.

           Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге  де міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті  болып табылады, - деп жазылған. /12.208/  

     2004 жыл бюджеттің сапалы орындалуымен өтті. Оның бірден-бір себебі халықтың мемлекет алдындағы міндетті төлемдерді өз уақытында төлеуі және салық қызметтері жұмысының дұрыс орындалуымен байланысты. Бюджеттің табыс бөлігінің нығаюы жөнінде жұмыстар жүргізіліп, салық органының бақылау – экономикалық қызметінің көрсеткіштері жақсарылды. Статистикалық мәліметтер өткен жылдың нәтижесін көрсете отырып, алдағы жылға жетілдірілген жоспар құруға өзіндік үлесін қосады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2004 жылы 1286914 млн. тенгені құрады. Жылдық жоспар 104,5 %-ға орындалды. Жергілікті бюджеттердің табыстары 391727,8 млн.тг., жылдық жоспар 102,2 %-ға орындалды. Мемлекеттік бюджеттің табыс түсімдері негізінен корпоративтік табыс салығы (382814,3 млн.тг), жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері (135960,6 млн.тг), импортқа қосылған құн салығы (7095 млн.тг) есебінен өсті.(Қосымша А) /3.25/

 

Сурет А 

      Мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша келесіден  табыстар түспей қалды: заңды тұлғалардың  мүлкіне салық, мемлекеттік баж бен консулдық алым, орманды пайдалану мен суға төлемдер.

      Қосылған құн салығы, алкоголь өнімдеріне акциз, консулдық алым, мемлекеттік пакет акциясынан дивиденттері бойынша ставкалардың азаюына байланысты түсімдер азайды.

     01.01.2004 жылдың жағдайы бойынша мемлекеттік табыстар бойынша бюджетке берешек 53419,2 млн.тенге. 2004 жылдың 12 айы бойынша берешек 10473,3 млн.теңгеге азайып, 01.01.2005 жылы 42946,8 млн.теңгені құрады. Берешек бойынша негізгі азаю қосылған құн салығы (5036млн.тг), әлеуметтік салық (2103млн.тг), корпоративтік табыс салығы (927млн.тг), роялти (907млн.тг), төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы (592млн.тг) бойынша байқалды. Берешек бойынша негізгі өсім жер учаскелерін пайдалануға төлем (45млн.тг), жеке тұлғалардың мүлкіне салық (30млн.тг), біржолғы талон негізінде қарекетін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың табыс салығы (19млн.тг.) есебінен болды.

     Міндетті  зейнетақы салымдары бойынша  берешек 01.01.2005 жағдайы бойынша жыл  басынан 4843 млн.теңгеге төмендеп, 9934 млн.теңгені құрады. (Қосымша Б) /3.26,27/

     Мемлекеттік табыстар бойынша бюджет жоспарының толық орындалуына қарамастан, жергілікті бюджеттің жекелеген облыстары бойынша жоспардың толық орындалмағандығы байқалады. Мәселен, Ақтөбе облысының жергілікті бюджет жоспары 96.7, Атырау облысында 93.2%-ға орындалды. Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар мен төлемдер түрлері бойынша байқалады: Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік пен паспорттарды беру бойынша мемлекеттік баж және басқа да салықтық емес түсімдер. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар, төлемдер түрлері бойынша байқалады: жеке табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлкіне салық, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы және басқа да салықтық емес түсімдер. (Қосымша В)

     Диаграмма А  көрсетіп отырғандай, республика бойынша жалпы түсімдердің ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласы – 19, Атырау облысы – 19 және Астана қаласына – 10% тиеді.

               

Сурет Б 

      Республика  бойынша жалпы түсімдердің өсуіне қарамастан, аймақ ішінде түсімдердің азаюы байқалады. Батыс Қазақстан облысында түсімдер 1537,0 млн.теңгеге азайды. Бұл азаю корпоративтік табыс салығының, жеке табыс салығының, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы түсімдерінің төмендеу есебінен болды. Маңғыстау облысында түсімдер 4243,0 млн.теңгеге азайды, бұл төмендеу корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, ішкі мұнайға акциз және бонустардың бюджетке толық түспеуінен қалыптасты.(Қосымша Г) /3.22/

      01.01.2005 жылдың жағдайы бойынша жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті  зейнетақы салымдары 105601,4 млн.теңгені  құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда  22092,2 млн.теңге немесе 26,5%-ға артық. (Қосымша Д) / 3.23 /.

      08.11.2005 жылдың жағдайы бойынша бюджетке  корпоративтік табыс салығы 15024 теңге, жеке табыс салығы 11873 тенге, әлеуметтік салық 25853 тенге, көлік құралдары бойынша салық 4370 теңге, қосылған құн салығы 78235 теңге, қоршаған ортаны ластау үшін төлемақы 6120 тенге, жалпы 141475 теңге төленді. Міндетті зейнетақы төлемдері 8360 теңгені құрады. Бюджетке салық берешегі 24258 теңгені құрады.(Қосымша Е) / 3.30 /. 
 

2.2 Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық

қызметіне талдау 

        2004 жылдың  IV тоқсаны мен 2005 жылдың I тоқсанында қосылған құн салығы бойынша өткізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде келесілер анықталды:

      1. жабдықтаушының декларациясы мен  салық төлеушінің шот – фактур  реестрлердің арасында сату айналымының сәйкестілігіне бақылау бойынша 13397 салық төлеуші, қосылған құн салығы сомасы – 39200,0 млн.тенге;

      2.тауарларды  сату айналымы көлемінің тауарларды  сату айналымының минимумынан  асуы бойынша бақылау – 141 салық төлеуші

      3. 23331,1 млн.тенге сомасында, қосылған құн салығынан шот – фактураны жүзеге асыратын, салық есеп формаларын ұсынбайтын 9440 салық төлеушілер

      4. “өзіне өзі” шот – фактура  жазылымы бойынша бақылау –  2767 салық төлеуші, ол бойынша  қосылған құн салығы – 221,8 млн.тенге

      5. 27,16 млн.тенге қосылған құн салығы  сомасына 241 бұзушылық 2004 жылдың IV тоқсаны мен 2005 жылдың I тоқсанында салық есептілігінде қателер жіберген 184336 салық төлеуші анықталды. 2005 жылдың 17 шілдесі мен 1 тамыз аралығында салық есептілігінде қателерді түзету мақсатында қосымша 16275 салық есептілігінің түрлері ұсынылды. Оның есебінен бюджет 490,3 млн.теңгеге ұлғайды. Бекітілген уақытта бұзушылықтарды жоймаған салық төлеушілер туралы материалдар салық тексерулерін жүргізу үшін аудит бөліміне беріледі. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында 3464 салық тексерістері жүргізіліп, бюджетке 9264 млн.тенге қосымша есептелінді. Салық тексерістерін жүргізу барысында салық органдарының қызметкерлерімен салықты төлеуден жалтару сызбанұсқасы келесілер арқылы  анықталады:

      1. салық есептілігі формаларында  сатудан операцияларды көрсетпеу арқылы; “Жұлдыз” ЖШС-де жүргізілген салықтық тексеріс барысында тауарларды сатудан табыс анықталынды. Салық төлеушімен тұрмыстық техниканы, мүлікті жалға беруден алынған 102563615 тенге сомасындағы табыс көрсетілмеген. Бұл бұзушылық камералды бақылау нәтижесінде анықталған және қарсы тексерістермен куәландырылған. Камералды бақылаудың нәтижесінде қосылған құн салығы бойынша келесілер анықталған, кәсіпорын мәліметтерімен қосылған құн салығы ТОО“Азия”-2312,7 мың.тенге, “Ирбис” ЖШС-і 2200,4 мың.тенге, “Құрылыс” ЖШС-і 4620,3 мың.тенге сомасына азайтылған.

      2. ликвидацияланған кәсіпорындармен  шот-фактураларды жазу

      3. қосылған құн салығы бойынша  төлеушімен жалған куәліктің  көшірмесін ұсыну.

      01.01.2005 жылдың жағдайы бойынша салық  қызметі органдарының жүргізген  тексерістері нәтижесінде келесілер  анықталды: салықтар мен төлемақылар  бойынша берешек келесі облыстар  бойынша 20%-ға төмендеді: Алматы (22%), Батыс Қазақстан (49,1%), Жамбыл (22,1%), Шығыс Қазақстан (24,4%), Қарағанды (32,8%), Қостанай (20,1%), Солтүстік Қазақстан (60,4%), Алматы қаласы (21,9%). Сонымен қатар, берешектің 30%-ға төмендеуі келесі облыстарда байқалады: Ақтөбе (7,9%), Атырау (16,5%), Қызылорда (16,5%), Маңғыстау (7,5%), Павлодар (7,4%), Оңтүстік Қазақстан (17,1%), Астана қаласы (13,4%). 01.01.2005 жылғы берешектің өсуі, 01.01.2004 жылмен салыстырғанда Ақмола облысында жіберілді (11%). Алматы облысы бойынша берешек 464,3 млн.тенгеге төмендеді, оның ішінде банкроттық процедураны қолдану есебінен 157,4 млн.тенге, корпоративтік табыс салығы бойынша жылдық декларацияны ұсыну 9 млн.тенге (1,9%) есебінен.

      Астана  қаласының салық комитетінде 13838 жеке кәсіпкерлер, 90 нотариустар мен  адвокаттар есепте тұр. 9398 төлеуші салықты төлеуге тартылды, оның ішінде 9308 жеке кәсіпкердер. Қыркүйек айында жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 298 адамды құрады, оның ішінде 218 – жеңілдетілген декларация, 72 – патент  бойынша, жалпы бекітілген тәртіп бойынша – 4, бір реттік талон бойынша – 2. Арнаулы салық режимінен патентке – 11, бір реттік талон – 4, жалпы бекітілген тәртіптен патентке – 1. Патент бойынша жұмыс істейтін  21 жеке кәсіпкер есептен алынды. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс салығының жоспар – болжамы бойынша жыл басынан  133%-ға орындалды. 198462 мың.теңге түсті, алдыңғы жылы бұл төлем 127197 мың.теңгені құрады. Алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда, биыл түсімдер 156189 мың.теңгеге өсті.

      31.10.2005 жылдың жағдайы бойынша, төлем  көзінен алынбайтын табыс салығы  бойынша берешек 44953 мың.теңге, 30.09.2005 жылдың жағдайымен салыстырғанда берешек 2649 мың.теңгеге ұлғайды. Келесі жеке кәсіпкерлер бойынша банкроттық процедуралар жүргізілді: Рамазанов М. З. 2554,1 мың.тг., Уватаев Д. К. – 7231,5мың.тг., Иваниди В. Г. – 1452,0 мың.тг. Төлем көзінен алынбайтын табыс салығы бойынша ең ірі берешек келесі жеке кәсіпкерлерде: Дүйсебаев У. 149,6 мың.тг., Омарова С. Ж. 193,1 мың.тг., Шевелева М. В. 614,0 мың.тг., Иваниди В. Г. – 2035,5 мың.тг., Абдулхакимов Р. Д. 1693,3 мың.тг.

      30.09.2005 жылдың берешегі (42304 мың.тг.) 31.10.2005 жылдың берешегімен (44953 мың.тг.) салыстырғанда 2649 мың.теңгеге ұлғайды, бұл салық төлеушілердің ағымдық берешекті төлеу жұмыстары салдарынан 2005 жылдың  III тоқсанының  салықтарын уақтылы төлемеуінен болды.  
 
 

III тарау CАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

     Салық жүйесін жетілдіруде үш фактор ескерілу қажет: дамыған елдердің салық салу жүйесіндегі позитивті тәжірибесі, бұрыңғы СССР – дың салық салудағы позитивті тәжірибесі, Қазақстанның спецификалық шарттары. Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлардан келе салық жүйесі келесі негізгі міндеттерді шешуге тиісті:

    • мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы;
    • антиинфляциялық механизмнің құрылуы мен өз валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
    • кең ауқымды инвестицияларды қамтамасыз ету;
    • меншік түрінен тәелсіз барлық шаруашылық субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру; / 4.40 /

  Бұл міндеттердің шешілуі Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Салық жүйесін жетілдіру инвестициялық процестердің барлық түрлерін активизациялауға бағытталу қажет. Бұл қаржы капиталы мен бағалы қағаздар нарығының дамуына өте қажет. Бюджетке түсетін салықтық түсімдердің ең тұрақтысы – қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы. Сондықтан бұл салықтарды алу механизмі қарапайым болып, екі негізгі функцияны атқаруы керек: ынталандырушы және фискалды.

      Нарықтық  экономика жағдайында жеңілдіктің  бір түрін ғана қалдыру тиімді - өндірістегі шаруашылық субъектілерге  жеңілдіктер. Салық жүйесінің тиімділігі оны жүзеге асыратын субъектілер мен механизмге тәуелді. Қазіргі уақытта мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымында салықтардың уақытында толық төленуіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік салық инспекция мен салық милициясы бар. Салықтардың мемлекеттік бюджетке уақытында түсуі қаржы нарығының тұрақтылық факторларының бірі болып табылады, сондықтан салық қызметін жетілдіру мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте қажет. Ең біріншіден, салық жүйесінің құқықтық базасын өңдеу қажет. Салықтан жалтару үшін бапты енгізу, ондағы айыппұл сомасы мен қылмыстық жазалар қатал болуға тиіс. Салық инспекторларының мәртебесі туралы жағдайды қабылдау қажет. Барлық дамыған елдерде коррупцияны болдырмау мақсатында салық органдарының қызметкерлеріне жоғары жалақы деңгейі бекітілген. Салық органдарында әр жргандарында әр жліктілігін көтеріп, аттестациядан өтетін жоғары мамандандырылған қызметкерлер жұмыс істейді. Біздің салық органдары қызметкерлеріне де өз біліктілігін көтеру мақсатында, аттестациядан өту қажет. Салық қызметіне қабылдау жоғары мамандандырылған байқау негізінде жүзеге асырылу керек. Салық қызметі оперативті бақылау мен сараптаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі техникалық қамтамасыз етілу қажет. / 4. 46 /

Информация о работе Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі