Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2011 в 18:38, курсовая работа
Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік поблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Кіріспе
I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .
I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.
II.Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлер мен оның алдын алу жолдары.
II.I.Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне ықтимал және шынайы қатерлер.
II.II Қазақстан Республикасындағы қатерлердің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар.
Қорытынды
Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілері тар мағынада емес кең мағынада қарастырылуы тиіс.Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілерін мемлекеттегі саяси қауіпсіздік,экономикалық қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік ,экологиялық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері қамтиды.
Қауіпсіздікке деген қажеттілік адамзаттың дамыған сайын да төмендемеді.Әр бір дәуірге ,адамдардың түрлі қауымдастықтарына өз ерекшкліктері тән болды.Қажеттіліктерге байланысты қайсыбір ішкі немесе сыртқы қауіпсіздік проблемасы үстем етті.Жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігі мемлекеттің саясаттың тиімділігін бағалаудың бірден-бір өлшемі болып табылады.Әлемдік даму және айтарлықтай біртектес әлеуметтік-экономикалық қоғамдардың қалыптасуы барысы белгілі бір кезеңде айқын немесе айқын емес түрде “ұлттық қауіпсіздік”доктринасының ,идеологиясының пайда болуын ынталандырады.Ұлттық қауіпсіздк жәй қауіпсіздіктен гөрі ,тым анағұрлым күрделі саяси феноменге айналып отыр.
Саяси қауіпсіздік мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі құрам бөлігінің біреуі болып табылады.
Бүгінде ұлттық қауіпсіздіктің тиімділігі қорғалған әскери әлеуеттің көлеміне ғана емес,әлеуметтік экономикалық ,саяси құқықтық және адамның ,қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесі мен талап тілегіне қатысты өзге де қарама-қайшылықтар дер кезінде қалай шешімін тауып отырғандығына да байланысты.
Осы тұрғыда әлеумет қоғамның ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету мәселесі әсіресе өткір тұр.Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жай-күйіне өзара тығыз байланысты екі фактор:мемлекеттің жағдайы және әлеуметтік саяси шиеленіс жағдайы зор ықпал етіп отырады.//
Саяси қауіпсіздік мәселесі 90-жылдардың басынан ерекше өткір және өзекті бола бастады.Мұның өзі елде әлеуметтік саяси жағдайдың шиеленісе бастауына және “саяси қауіпсіздік”жағдайы ұғымының айрықша күрделілігіне байланысты туындады.Дәстүрлі көз қарастар мен әдіс – тәсілдер бұл құбылысқа түбегейлі сипаттама беруге, демек орнықтылықты сақтаудың және саяси қатынастарды болжап отырудың практикалық жолдарын көрсетуге жарамайды .Саяси қауіпсіздікітң негізінде даму және орнықтылық тәрізді маңызды құрам бөліктері жатады.Даму-бұл материалдық нысанды жаңа сапалық жағдайға көшіретін яғни оның құрамын немесе құрылымын өзгертетін,қайта бұрылмайтын ,бағытталған заңды өзгерту.Орнықтылық бұл қоғамның қиын –қыстау кезінің өзінде, өз мақат –мүддесін қанағаттандыра білу қабілеті,жағдайды қалпына келтіре білу мүмкіндігі.Мұның өзі қоғам қызметінің барша саласында жүргізілетін және оның әлеуетін жетілдіріп ,өмір сүру қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.//
Ұйымдастырылып ,үйлестіріліп отыратын саяси қатынастардың жиынтығы ретіндегі саяси жүйенің өзі саяси қауіпсіздікті зерттеу нысаны болып табылады.Саяси қауіпсіздіктің нысаны дегеніміз- қоғалуы саяси қауіпісздіктің стратегиялық мен негізгі мән-мағынасын құрайтын,өмірде орын алып отырған құбылыстар ,процестер мен қатынастар.Сондай-ақ саяси қауіпсіздіктің нысандары қатарына саяси қатынастардың кемелденуі дәрежесін айқындайтын адам,қоғам менмемлекет жатады.Оның маңызды критерийлері –адамның,топтың қоғам мен мемлекеттің саяси мақсат –мүддесін сақтау ,олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі өзара жауапкершілігі болып табылады.//
Саяси қауіпсіздік мәні әр түрлі ұғынылып жүр .Кейбіреулер оны жұмыс істеп тұрған конституциялық құрылысты ,саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау деп түсінеді.Ал біреулер демократиялық құндалақтарды,халық билігін дәлелдеу деп біледі.Үшінші бір тарап саяси мақсатта күш қолданбау және т.б. пікірлерге бейім.Бұл үш тұжырымның қай-қайсысы да тым осал.Бұл жерде біз саяси қауіпсіздік деп әлеуметтік мүдделердің динамикалық тепе-теңдігіне арқа сүйеитін қоғамдық гомеостаз жүйесін ,заңды және жарамдымемлекеттік билікті түсінеміз.Техникалық жоспар тұрғысынан алғанда бұл тыныс тіршіліктің бүкіл қызметінің қалыпты жұмыс істеуін ,сол арқылы азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігіне кепілдікті қамтамасыз ететін сенімді басқара білу.
Белгілі бір шаралардың,органдардың мемлекет пен қоғам атқарымдарының жүйесі реінде саяси қауіпсіздікке шарт болатын бастапқы негіз-елдің ,халықтың,қоғам мен азаматтардың саяси мақсат –мүддесін қорғауға деген өскелең талап-тілек болып табылады.Бүгінде мұндай мақсат –мүдде мәні дағдарыстан шығу содан кейінгі елдің орнықты дамуы халық өмірінің материалдық және рухани деңгейін көтеру мәселелерін неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етіп,елді жасампаз істерге жұмылдыра алатын азаматтардың бостандығын жан-жақтандырып,шығармашылық ынтасын көтеретін,елдің халық аралық беделін нығайтып,онытауқыметтен қорғап отыратын саяси қатынастарды ,билік формаларын мемлекеттік басқару тетіктерін қызмет әдіс-тәсілін орнықтыруға билік басына оларды қамтамасыз ететін саяси мүдделер мен күштерді әкелуге келіп тіреледі.Бұл мақсат –мүддені жүзеге асыруға қарақан басының қамының көптеген күштер сондай-ақ мемлекет басындағы саясатшылардың қателері мен жаңсақтықтары бөгет жасап отырады.Бұл мүдделерге саясат жасау және ел басқару тетіктеріндегі бұрмалаушылықтар ,да зиянын тигізіп отырмақ.//
Біздіңше саяси қауіпсіздік дегеніміз –елдің халықтың ,қоғамның азаматтардың саяси мүддесіне нұқсанкелтіріп ,мемлекеттің саяси тұрғыдан кері кетуіне ,тіпті саяси өліміне шарт болатын сондай-ақ билік жүйесі мен саяси жүйені жасампаз-сындарлы күйден ел мен әлеумет үшін азап пен бақытсыздық көзіне дүлей қара күшке айналдырып жіберуі мүмкін факторларды анықтап алдын алып,жойып отыру ісінде қолданылатын шаралар жиынтығы.Бұл билік пен саясаттың:а)аталған ел үшін ,оның халқы мен азаматтары үшін;ә)өздері үшін(өздеріне-өздері ор қазғандай болмау үшін)б)әлемдік қауымдастық үшін қауіп тудырмауы.
Аталған анықтамадан саяси қауіпсіздіктің мәні мен мақсатын анықтау ісінде елдің ,саяси мүддесі негіз (базасы)болатындығы көрініп тұр .Бұл анықтама қоғам өміріндегі саяси саланың өмірлік маңызды институттарын,қатынастары мен процестерін қоса алғанда саяси қауіпсіздік нысандарының саналуандығын елеулі түрде кеңейтіп қана қоймай ,қорғалуы бұрын елеусіз қалып келген және бүгінде де екінші кезекке сырғытылып келе жатқан халық,азаматтық қоғам және азаматтар тәрізді субьектілердің саяси қауіпсіздігін қорғау ісі басым қажеттілікке ие болып отырғандығын атап көрсетеді.//
Бұл жерде заңды билікті қорғау ғана емес ,сонымен бірге тоқыраудың бетін бұрып отыратын өзектілік бір “сақтандырғыш”мемлекет пен қоғамға аса қажет шығармашылық “қуатты ынталандырушы”сияқты саяси оппозицияны да қорғау ұғынылады.
Ұлттық қауіпсіздіктің әр қандай бір түрінің басымдылығы (экономикалық,саяси, әлеуметтік,экологиялық, әскери және т.б.)мынандай обьективті ықпалдармен айқындалады.а)адамның әлеуметтік топтардың ,қоғамдардың мемлекеттердің, әлемдік қауымдастықтардың өздерін,сондай-ақ өмірлік маңызы бар нысандар мен құндылықтарды (табиғи және әлеуметтік )қорғау және дамытып отыруда оған деген қажеттілік дәрежесі;ә)оны нығайту ісіне күш-жігер салмайынша адамдар аен өмірлік маңызы бар нысандардың осалдығының арта беретіндігі;б)аталған қауіпсіздік жүйесі қарсы тұруы тиіс кең көлемді төтенше қауіптердің қанат жаюы.Осы көрсеткіштер бойынша саяси қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік жүйесінде бірінші орынға шығады. Демократиялық құндылық сөз болған жерде белгілі бір жағдайлар кезінде (дағдарыс,соғыс, төтенше жағдай және т.б.)орталықтандыру ,қатаң басқару ,демократиялық бостандықты шектеу басым болуы керектігін жоққа шығармаудың маңызы бар.Түптеп келгенде “саяси мақсат үшін күш қолдану ”ойын есептен толық шығарып тастауға болмайды.Ғылымда саяси қауіпсіздік көрсеткіштерін белгілеуге талпыныс жасалып жүр;азаматтардың саяси құқы мен бостандығына кедергі жасамау,жол бермеу;саяси оппозицияның орын алуы: әділеттілік және құрылымының ұлттық мүддеге сай келуі , елдің саяси қуаты мен геосаяси мәртебесі: дағдарыстан шығып қалпына келтіру және орнықты даму ісін пәрменді қамтамасыз ете білу қабілеті түрінде көрінетін саясат пен мемлекеттік басқарудың тиімділігі билік орындарына қоғамның басым көпшілігінің, сенім білдіруі және ерікті түрде қолдау көрсетуі; ұтымды тұрақтылық ел дамуында ішкі және шетел инвестицияларының қаулап өсуі.
Саяси қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қатер индекаторларының (көрсеткіштерінің) сапалы жүйесіне ие болудың маңызы үлкен.
Олар мына
түрде көрінеді; а) саяси қаупі
мен қатер өршігені жөнінде
белгі беретін алдын – ала әлеуметтік
саяси процестер мен қүбылыстар;
ә) теріс саяси үрдістердің эволюциясы
жөніндегі өңделген мәліметтер кешені
(қарсылық білдірген саяси бои көрсетулер
ауқымның жақсарғандығы және кеңейе
түскендігі туралы статистикалық
ақпараттар); ғылыми зерттеу орталықтарының
талдау жасаған анықтамалары және
т.б.; б) қандай да бір жік және партиядағы
агрессиялық — өктем көңіл — күй, ниет-
жоспар туралы қорытылған мәліметтер.
“А” және “ Ә” топтары обьективті,
ал “Б” тобы субьективті индекаторлар
құрайды. Бұл көрсеткіштер саяси
қажеттілікті бағалау критерилері
болуымен қатар Қазақстандағы саяси
қауіпсіздік қазіргі уақытта төмен
деңгейде екендігі жөнінде ои –
түюге негіз берді.
Саяси қатерлер
– бұл биліктің, құқықтық тәртіптің
іргесін шайқалтып, сапырлыс өзара
қырқыс, қақтығыс, туғызып, жатпай азғындау
туындататын, ұлттық тәуелсіздікті
жоғалтуға, мемлекетті әлсіреттіп күйретуге,
азаматтарды саяси құқық пен
бостандығынан айыруға, халықтың қоғамның,
оппозицияның билік орындарына
ықпал ету мүмкіндігін жоққа
шығаруға септестік әлеуметтік
құбылыстар, іс- қимылдар. Бұл ең алдымен
қандай да бір әлеуметтік – саяси субьектілердің
(мемлекеттердің оның құрылымдарының
,әлеуметтік топтардың ,партиялардың,элиталардың,
ә)экономикаға,әлеуметтік қатынастарға,әскери қауіпсіздікке және т.б. төнетін қауіп бұлар саяси саладан өрбиді;
б)саяси саланы өз ішінен туып өзіне қатер болып,төнетін қауіп.
Осы орайда саяси
сала деп- қоғамдағы өзге де негізгі
салалармен (экономикалық,әлеуметтік,
Саяси қауіпсіздкті
айтқан жерде біз саяси қатер
тәрізді маңызды элементті
Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана саясаттанушылар мен экономистердің сөздік қорында болмаған “саяси қатер”ұғымы біраз өзгеше тұжырымдалып жүрсе де соңғы уақытта мерзімді баспасөз бетінен жиі көрінетін болды.
Ø “Саяси қатер” терминінің мәні едәуір кең-ол саяси тұрақтылыққа болжам жасау дың әр-түрлі әлеуметтік –саяси ортадағы қызметке байланысты барша бейкоммерциялық қатерлерге баға беруге дейінгі аяны қамтиды.//
Сөздің тар мағынасында саяси қатер деп фирманың өзінің инвестиция салған елінде орын алған жағымсыз саяси факторлар салдарынан қаржысынан айрылып қалу ықтималдылығы ұғынылады...
Саяси қатерді зерттеуші кейбір ғалымдар (С.Робок,С.Кобрин,Дж Саймон)олар таралатын экономикалық субьектілер деңгейіне қарай макро және микро қатерлерді бөліп айтады.Макро қатер өздері орналасқан елдегі бүкіл шетел субьектілеріне әсер ететін саяси оқиғалар ықтималдылығымен қоса жекелеген жобаға тән қатерлер жатады.
Саяси қатерлерді жіктеу не үкіметтік құрылымдар әрекеті әсерімен белгілі бір мемлекеттік саясат жүргізу барысында немесе үкіметбақылауынан тыс күштер тарапынан туындаған оқиғаларды бөлу негізінде жүргізіледі.Саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:
Ø Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау;
Ø Қазіргі конституциялық құрылысты сақтау және оның құқықтық негізін нығайту;
Ø Елеулі әлеуметтік саяси дағдарыстар қаупінің алдын –алуға қабілетті өркениеттті саяси пікір алысу тетіктерін жасау;
Ø Құқықтық тәртіп және тұрақты демократиялық саяси жүйені қалыптастыру ;
Ø Адам баласының өмірін,денсаулығын,мүлкі мен құқын сенімді қорғауға жағдай жасау.//
Ұлттық қауіпсіздіктің біріңғай жүйесінде ,ұлттық мүдделерге кедергілердің мүмкіндігі зор және шынайы қайнар көзіне орай қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы аспектілерін атап көрсеткен жөн.Қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді сыртқы және ішкі деп бөлуге негізделе отырып, зерттеушілер (У.Касенов,М.Лаумулин және т.б.) Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер негізінен ішкі сипатта болатынын атап көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі аспектісіне ең алдымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі жатады.
Информация о работе Мемлекеттің экономиканы дамыту мен реттеудегі жанама рөлі