Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2011 в 18:38, курсовая работа
Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік поблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Кіріспе
I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .
I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.
II.Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлер мен оның алдын алу жолдары.
II.I.Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне ықтимал және шынайы қатерлер.
II.II Қазақстан Республикасындағы қатерлердің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар.
Қорытынды
— адамның қадір-қасиетін,адам өмірін және жұртшылық денсаулығын жоғары құндылық деп білу;
— адамның конституциялық құқы мен бостандығынн іс-жүзінде қамтамасыз ету.
— рухани және интелектуалдық дамуда тең құқыққа ие болу;
— жеке және мүліктік қауіпсіздіктің сенімді түрде қорғалуы;
— мемлекет тарапынан материалдық жағдайдың лайықты және кепілді минимумының қамтамасыз етілуі;
— қолайлы экологиялық ахуал жасау:
Мемлекеттің қоғамдағы адам баласының негізгі құқын ,ең алдымен оның өмір сүруге жеке бостандығына және меншікке деген құқын қаншалықты қорғап,кепілдік бере алатындығына тікелей байланысты.Мұндай айқындау ұлттық қауіпсіздік мазмунын адамзат тарихында орын алғанындай мемлекет қауіпсіздігімен алмастыру мүмкіндігі. Жоғарыда айтылғандай жеке адам қауіпсіздік нысаны болса мемлекет субьектісі .Бұл жерде аумақтық тұтастық пен мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау тәрізді өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделер жеке адамдардың ерік-жігері мен ынтасына байланысты емес екендігін атап айту жөн,себебі жоғарыда айтылғандар обьективті жағдайлар және олар ұлттық сана сезімнің бір бөлігін құрады.
Мемлекетте қандайда да бір саяси билік өктем болмасын ол дәл осы қағидатты тірек етіп отырмақ,бұл жердегі айырма ұлттық мүддені қамтамасыз етудің әдісі мен тәсілінде ғана,сондықтан қауіпсіздік жүйесіндегі басым бағыттардың орналастыру ретін әңгімелей отырып жеке адамның қауіпсіздігін бірден-бір басым бағыт түрінде көрсетіп ,мемлекет мүддесін жай азамат қажеттілігіне бағындыруға болмайды.
Жек адамның мүддесінен тұтас алғанда қоғам мен мемлекет мүддесі туындайды,өйткені қоғам дегеннің өзін адамдардың өзара әрекетіне түсуінің жеке бірлесуінің юарша әдісі мен пішінінің жиыны деп қарауға болады.К.Маркс “қоғам индивидтерден тұрмайды,ол осы индивидтер бір-бірімен түсетін байланыстар мен қатынастар жиынтығын көрсетеді”деп әлденеше мәрте ескеткенді.Демек егер жеке адам елдің қоғамдық саяси және әлеуметтік –экономикалық дамуының ең жоғарғы мақсаты болса ,онда қоғам сол жеке адамның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі шығармашылық әрекетінің әлеуметтік ортасы және қажетті шарты.
Қоғамның өмірлік маңызы бар мүддесіне мыналарды жатқызуға болады:“өзін-өзі ұдайы өсіріп отыру”қабілетін сақтау :өмір деңгейі мен сапасының құлдырап кетуіне жол Фбермеу;халықтың тәни психологиялық және зәу-заттық сау-саламаттығын нашарлатпау;Қоғам өмірінің барлық саласында халықтың белсенді харекетн көрсетіп отыру;Әрқандай қауымдастықтың парадигмасын құрайтын құндылық нормалар және мұрат (идеял) жүйесін жасау;
Мемлекеттің әлеуметтік саяси ,экономикалық дамуының неғұрлым маңызды мәселелері бойынша әлеуметтік саяси тұрақтылық пен келісім ахуалын сақтау;
Азаматтық қоғам
институттарын қалыптастыру және қоғамның
мемлекет үстінен бақылау жасау тетіктерін
жасау,тетіктерін құру.
Сөйтіп қоғам қауіпсіздігінң негізін азаматтар мүддесінің жиынтығы құрайды.Алайда бұл жердегі гәп қоғамдық мүдденің мемлекет мүддесімен әруақытта келе бермейтіндігінде. “Олар қоғамдық мүдде билік басындағы элита тарапынан мемлекеттік басқару лұғатына көшірілсе ғана үйлесім табады”Ұлттық мүддеден қоғамдық мүдденің айырмашылығы ол неғұрлым ұсақ,күнделікті зәруліктерді қамтиды.Айталық көшені таза ұстау,сарқынды су тұрбаларын жөндеу және т.б./9/
Қоғам қауіпсіздігі бостандық проблемасының өзі сияқты кереғар,өйткені ол мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы бір-біріне ықпал жасау ісін теңестіріп отырудан шығатын басқа бір мәңгілік бір проблемамен байланысты.
Кең таралған пікір
бойынща ,қауіпсіздік мемлекетті әлсірету
жолымен ғана немесе оны қоғамдық өмірдің
барлық саласынан түгел дерлік ығыстырп
шығару арқылы ғана қамтамасыз етілмек
,неге десеңіз азаматтар мен қоғамның
ішкі қауіпсіздігіне басты қатер мемлекет
тарапынан төнеді.Осының өзі кереғарлық.Шынтуайтында,
Ұлттық қауіпсіздіктің
қазақстандық моделінде де мемлекет
мүддесі басым тұр.Өзіндік
Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі”туралы заңына талдау жасау қазақстанның өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері ,ықтимал қатер және олардан қорғану жолдары нақпа – нақ айқындалғандығына қарамастан заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды перспективалврын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньектураға иек сүйеп кеткендігі байқалады. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең алдымен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің мән-мазмұнын айқындауға алып баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми көзқарастар жүйесі ретінде қаралады.
Сондай-ақ ол елдің ішкі және сыртқы әлеуметін айқындап отырады.Осыдан келіп,Қазақстанныңұлттық мүддесі деп қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің өмір сүруі ғана емес ілгері дамуы үшін де қажет шарт болып табылатын,Қазақстандық әлеуметтік қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктериен мүдделер жиынтығын түсінген жөн.Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік экономикалық және саяси құрылыс ерекшеліктерінен ,оның экономикалық даму деңгейінен ,халықаралық аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасуын орнынан ,жағырафиялық орналасуының ұлттық және мәдени ерекшеліктерінен ,яғни геосаяси факторлар алуандығын құрйтын нәрсенің баршасынан туындайды.
Қазақстанның өзіндік ұлттық мүддесінің ұлттық құндылықтары мен өмір салтының бекемделу процесіне,сондай-ақ анық және ықтимал сыртқы және ішкі қатерлерді анықтау ісіне ішкі саяси факторлар едәуір дәрежеде әсер етті. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде ішкі саяси факторларға екпін түсіру әсте де кездейсоқ емес,өйткені Қазақстанның өз ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі түптеп келгенде тәуелді болып отырған елдің әлеуметін дәл солар белгілейді.Осыларды ескере отырып,Қазақстан Республикасының президенті 1996 ж 30 сәуірдегі үкімімен Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік концепциясы бекітіліп онда ТМД аумағында бірінші рет ұлттық қауіпсіздігінің басым -бағыттары либераландыру идеясы жария етілді.
Егемен Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік концепциясын жасау – Республикада соңғы кезде қалыптасып отырған қоғамдық қатынастырдың қалыпты дамуы үшін мемлекеттік деңгейде тиімді жағдай жасау ісін қамтамасыз ету мақсатындағы пісіп-жетілу міндеті.Ұлттық қауіпсіздік концепциясы мыналарды көрсетуі тиіс:ұлттық мақсат ,қоғамның ұлттық психологиялық және мәдени біркелкілігін ескере отырып жеке адамның қоғам мен мемлекеттің ілгері даму ұғымының нақты мән-мазмұны:осы мақсаттарға төнетін сыртқы және ішкі қатерлердің сипаты;қауіпсіздіктің барша негізгі салаларындағы өмір сүруге және ілгері дамуға қауіпті жай-күйлер;даму процесінің әлеуметтің нысаннын ілгері даму қабілетін қайтып жөнделместей етіп жоғалтуына сәйкес жәй-күйге көшуінің алдын-алуға мүмкіндік беретін жолдар,әдіс-тәсілдер мен құралдар.
“Қазақстан -2030”Стратегиясының алғашқы ұзақ мерзімді басымдылық болып ұлттық қауіпсіздік аталады.Сөз жоқ ,мемлекет қауіпсіздігінің кепілі ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығы мен тиімді тіршілік етуінің міндетті шарты Қазақстанның аса маңызды басымдылықтары саласына жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңның 19-бабына сүйене оырып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей мәселелер қарастырылған:
1.Қоғамдық қауіпсіздік
мемлекеттік органдардың,
1)азаматтардың жеке қауіпсіздігін ,олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайтуға;
2)қазақстандық
патриотизмге және ұлтаралық
татулыққа негізделген
3)Қазақстан бірлігін нығайтуға ;
4)халықтың табиғи
өсімін көтермелеуге және дағдарысты
демографиялық процестерге
7)халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне ,Қазақстан халқының тектік қорына қауіп төндіретін нашақорлық пен мас күнемдік ,сондай-ақ басқа да әлеуметтік факторлардың алдын-алуға;
8)елдің интелектуалдық
әлеуетінің төмендеуіне
2.Мыналарға:
1)Қазақстан халқының
бірлігін бұзуға және
2)елдегі қоғамдық
татулық пен саяси
заңсыз араласуға әкеп соғуға ;
3)діннің мемелекет істеріне және мемлекет діннің істеріне заңсыз араласуына әкеп соқтыруға;
4)қылымыс пен
құқық бұзушылықтың өсуіне
3.Азаматтардың
соның ішінде саяси партиялар
мен өзге де қоғамдық
1)конституциялық
құрылысты құлатуға немесе
2)билікті басып алуға ;
3)Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының,Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған (тағайындалған) лауазымды адамдардың өкілеттілігін күш қолданып тоқтатуға немесе қызметіне кедергі келтіруге ;
4)орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен әр түрлі діни көз-қарастар саяси мақсатқа пайдалануға шақырылуы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.
4.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен уәкілетті мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтата тұрады.
Қауіпсіздікке деген қажеттілік белгіллі бір мүдделермен байланыстырылған жәе өзара тәуелділікте болатын адамдардың алғашқы қауымдастықтарының пайда болуымен тікелей байланысты.Бұл қажеттілік кез-келген құрылымның ажырамас бөлігі болып табылады және міндетті түрде мемлекеттің пайда болуымен байланысты емес.Алайда мемлекеттіқұрылымдардың пайда болуы кезінде қауіпсіздікке қажеттіліктің ерекше өзекті сипат алуы жүреді.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері төмендегідей:
1)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтіжүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;
2)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің бір-біріне жедел хабардар етіп отыруы және келісілген іс-қимыл жасауы;
3)ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі ,өзара байланысы және теңдестірілгендігі;
4)саяси,экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
5)жеке адамның,қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
6)ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-әрекеттің күллі жиынтығын іске асыруды бақылау болып табылады.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Қазақстан егеменді мемлекет ретінде ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер барма және болса кімнен және нақты қандай деген екі сұраққа жауап беруді талап еткен жаңа жағдайға ұшырады.Аталмыш проблеманың маңыздылығы “ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуының басты шарты ”деп анықтайтын 1996ж 26маусымдағы “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңының қабылдануымен көңіл аудартады.Заң әскери ,экономикалық, экологиялық, қоғамдық, ақпараттық қауіпсіздік сияқты ұғымдар атап көрсетіледі.Осы барлық ұғымдар Қазақстан Республикасының ішкі сол сияқты сыртқы қауіпсіздігінің маңызды аспектілері болып табылады.
Нақ осы тұрғыға негізделе отырып ,Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан –2030”Жолдауында ұлттық қауіпсіздікті Республиканың толық аумақтық тұтастығының сақталуымен тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде анықтайды.
Информация о работе Мемлекеттің экономиканы дамыту мен реттеудегі жанама рөлі