Коммерциялық банктің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

БТа банк операциялары.docx

— 160.86 Кб (Скачать)

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030»  атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел  инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген  экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл  басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Қазақстанның алдыңғы  қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату  үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды  операциялар мен қызметтер көрсетуге  ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы  клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін  көрсетуді, клиенттерге қажетті  қызметтерге қолайлы бағаларды  пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер  өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке  деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер  үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы  тиімді болып табылады.

Банк операцияларының  тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды  клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап  бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді  ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер  де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге  үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық  карточкалар, банкаралық электрондық  есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының  құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі  банктік институттар аталған  жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің  заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа  да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың  мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер  қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын 

жақсартуға, банктік қызметтер  спектрін кеңейтуге және олардың  өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

     Жоғарыда аталған  көптеген мәселелердің шешу жолдарын  табу үшін оған терең үңіліп,барлық  тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді  түрде қарастыру қажет. Банктік  қызметтердің дамуы мен перспективалары  – біздің еліміздегі арнайы  ғылыми түрде аз зерттелген  мәселе болса да, банк саласында  қызмет атқарып жүрген көптеген  экономисттердің көкейінде жүрген  маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операцияларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

  • Коммерциялық банктің мәнін ашу;
  • Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
  • Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – тарау.

Коммерциялық  банктердің пайда болуы және экономикалық мәні

 

    1. . Коммерциялық банктердің пайда болуы.

 

«Банк» сөзі «bangue» көне француз тілінен аударғанда «үстел» мағынасын білдіреді. Банктің пайда болуы туралы нақты тарихи күн деректер жоқ.Банктік істің даму элементтерін көне мемлекеттер тарихында табуға болады, олар: Вавилон, Египет, Греция, Рим. Ол уақытта банк операциялары сату, сатып алу, монеталарды айырбастау, мерзім уақытына дейінгі міндемелерді есепке алу, салымларды қабылдау, ссудаларды беру, ипотекалық және ломбардтық операциялар ретінде көрінді. Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың бірте-бірте өзгеруі (ерте феодалдық тәртіптің қалыптасуы, натуралдық шаруашылықтың басым болуы, делдалдық ақша қатынастарын ерте крестиандықпен сыналуы) тауар-ақша операцияларының тынаюына әкелді.

Феодалдық құрылымның бөлінуі, қала, сауда және шаруашылықтың дамуы тауар-ақша операциялардың белсенділігіне себеп болды және ақшамен байланысты операциялардың тәуекелдіктерін азайтатын делдалдыға қажеттілікті қалыптастырады.

Отрағасырлық менялды котрорлар – банктердің негін салса, менялдар – банкирлердің негізін салушы болды; олар көпестерден сақтауға ақша салымдарын қабылдады және әр түрлі қалалар мен елдердің ақшаларын айырбастауға маманданды.

Уақыт өте келе менялдар бұл салымдарды, салымдық өз ақша құралдарын ссудаларды беріп, пайыз ақыыларды алу үшін қолдана бастады, ал бұл оларды банкирлерге айналдырды.

Алғашқы банктердің бірі болып 1407 ж. негізделген Генуи Банкі табылады. Батыс Еуропада несиелік банк үйлері мен коммерциялық банктерге ауысу XVII ғасырдың екінші жартысында болған, ал АҚШ-та банк ісінің тарихы XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады.

«Коммерциялдық банк»  термині банктердің сауданы, тауар айырбас операциясы мен төлемдерін қамтамасыз етуі кезінде,банк ісі дамуының ерте этаптарында пайда болды. Негізгі клиентура болып саудагерлер, копестер табылды (осыдан «коммерциялдық банк» атауы). Банктер тауар айырбасымен байланысты транспортировканы, сақтауды және басқа да операцияларды несиеледі.

Жалпы, банктердің пайда болуына көзқарас білдірген ғалым-экономистердің ойлары аз емес. Мысалы, К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, үй масштабта жүргізіледі...».

Сонымен қатар, банктер «несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да» басқарады, өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табада. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.

Осылайша, банк сөзіндегі «коммерциялық» термин өзінің алғашқы мағынасын жоғалтты. Қазір ол банктің «іскер» сипатын бейнелейді, оның шаруашылық агаеттердің барлық түрлеріне қызмет етуіне бейімделуі олардың іс сипатына тәуелсіз болады.

Қазіргі коммерциялдық банк – бұл ақша құралдарын тарту мен оларды қайтарымдылық, төлемдік және мерзімдік шарттарында өз атынан орналастыру үшін құрылған ұйым.

 

 

1.2  Коммерциялдық  банктердің нарықтық экономика

жағдайындағы  мәні.

 

Транзитивті, яғни өтпелі экономиканың модернизациясы банктердің ролін күшейтуді  және банктік сектордың жылдам, тиімді дамуын қажет етті.

Банк – бұл мемлекетте ақша ағымдарын басқару үшін құрылған қаржылық институт.

Кез келген экономика объективті экономикалық заңдардан құралады, олардың  бірі болып ақша айналымының заңы табылады. Ақша айналымы қаржы институтінің әсерінен, әсіресе банктердің әсерінен қалыптасады. Себебі банктер ақша айналымы үшін негіз құрып, экономиканың барлық салалары мен мекторларымен байланыста болады.

Банктер кәсіпкерліктің барлық салаларын, өндірістік және өндірістік емес сфераларды, басқару сфераларын қаржыландырумен қамтамасыз етеді  және федералды немесе аймақтық бюджет болсын қажетті ақша құралдарымен қамтамасыз етеді. Банктер арқылы сонымен қатар  қарызға алынған (несие) ақшалардың екіжақты қозғалысы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта коммерциялдық  банктер клиенттеріне банктік өнімдер  мен операцияларының 200 түріне дейін  ұсынуы мүмкін. Мұндай банктердің кең  іс-әрекеті банк ісін зерттеуге жүйелі түрдегі құзыретті (подход) қажет  етеді. Әрине, осындай икемді, кең, тиімді банк ісінің қызмет етуі нарықтық экономика  жағдайының жақсы, ілгері дамуына болатын  алғыеларттардың маңыздысы болып  табылады.

Банктердің негізгі қызметі  – ақша құралдарын кредиторлардан қарызгерлерге және сатушылардан сатып  алушыларға жеткізудегі делдалдық.

Банктермен қоса нарықта  ақша құралдарының орын айырбастауын басқа да қаржы институттары қамтамасыз етеді, институттық қорлар, сақтандыру компаниялары, биржалар, брокерлік, дилерлік фирмалар және тағы басқа. Алайда банктер  қаржы жүйесінің субъектілері ретінде  басқа субъектілерден айрықшалайтын  екі маңызды сипатқа ие болады:

Біріншіден, банктер үшін қарыз міндеттемелерімен екіжақты айырбас тән: олар өзінің жеке қарыз  міндеттемелерін (депозиттік, жинақ  сертификаттары, облигациялар, вексельдер) орналастырады, ал осылайша мобильденген құралдарды басқалармен шығарылған қарыз міндеттемелері мен бағалы қағаздарға орналастырылады;

Екіншіден, банктердің заңды  және жеке тұлғалар алдында қарыздың нақты сомасымен берілген шартсыз  міндеттемелерді өзіне қабылдауы  ерекшелейді. Осымен банктер басқа  инвестициялық қорлардан айрықшаланады, себебі қорлар олардың активтері  мен пассивтері құндарының өзгерістерімен байланысты барлық тәуекелдіктерді  өз акционерлері арасында бөледі.

Алайда, қазіргі экономикада  банктердің ұсынатын көп түрлі қызметтері емес олардың ролін түсіндіреді. Банктердің ерекше мәнін ең бастысы  анықтайтын мүмкін төменгі оның қасиеттері:

  • төлем құралдары құру;
  • төлем құралдарын айналымға шығару;
  • айналымнан төлем құралдарын шығаруды жүзеге асыру.

Банктер жаңа ақшаларды несие түрінде шығарады. Олардың айналымға шығарылуы несие ақшаларының сомасын клиент шамасына жазу түрінде өтеді. Айналамнан шығару қарыз алушының несиені өтеу үрдісінде жүзеге асырылады.

Осылайша, банктер экономиканың салалары мен сфераларының дамуына оларды несиелеу арқылы әсер ете алады.

Сонымен қатар, қоғамның экономиканың өмірінде банктің ролінің артуы ақшаның заттық формасының өзгеруімен байланысты, атап айтқанда қолма-қол емес  құралдар мен есептердің кең қолданумен байланысты.

Қолма-қол емес есеп айырысулар бойынша төлем агенті болып банк табылады. Экономикада ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақша қозғалысы және қолма-қол емес формада жүргізіледі.

Қолма-қол ақшаларды заңды және жеке тұлғалардың олармен таңдалған орында сақтауы мүмкін, ал төлемдер олардың қажеттілігі бойынша  іске асырылуы мүмкін.

Қолма-қол емес ақшалар заңды тұлғаның шоттарында банктерде ғана сақталуы мүмкін. Банктер осы шоттарға түсетін сомаларды тіркейді, кәсіпорынның шоттардан ақша аударуы мен төлеуі туралы бұйрықтарын орындайды, сонымен қатар банктік ережелер мен келісімдермен қарастырылатын басқа да банктік операцияларды жүргізеді.

Қолма-қол емес есеп айрысулар кеңінен жеке тұлғалардың да ақшалай қатынастар сфераларына енуде. Банктік шоттарға табыстарды есепке қосу, чектерді пайдалану, есеп айырысу үшін пластикалық картоларды қолдану жеке тұлғалардың банктерге тәуекелділігін арттырады.

Коммерциялдық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәнін жете түсіну үшін оның принциптеріне тоқталу жөн болып отыр.

Іс-әрекет үрдісінде шаруашылық субъектілер қолданатын негіздердің жиынтығы принциптер деп аталады.

Коммерциялық банктердің бірінші және негізгі принциптердің бірі-нақты бар ресурстар шегіндегі қызмет. Ол мынаны сипаттайды; коммерциялық банк өзінің ресурстары, несиелік салымдары және басқа да активтері арасында тек сандық сәйкестікті қамтимай, сонымен қатар банк активтері сипатының олардың мобильденген ресурстармен сәйкестігіне қол жеткізу керек.

Ең бастысы бұл мерзімдерге қатысты. Егер банк құралдарды қысқа мерзімге алып, оларды ұзақ мерзімді ссудаларға көбірек салса, онда оның міндеттемелер бойынша жауап беру қабілеттілігі тәуекелді болып қалады.

 

 

1.3 Банк операцияларын  басқарудың шетелдік тәжірибесі  және оны қолдану мүмкіншіліктері

Банктік қызметтегі активтер мен пассивтерді басқарудың маңызды  мәселесіне батыстың ғылыми қаржы мамандары 40 -50 өткен ғасырдың жылдарында көңіл  аудара бастады.  Банктік теориясына қатынасын (F.R.Edgeworth “The Mathematical Theory oh Banking” 1888 жылы 14 бет көлемімен қатынасын) және банктік портфельді топтастырудың  әдісіне арналған бірінші ғылыми жұмысы болып табылды, яғни бұл 1961 жылы жарияланды (R.C.Porter). 1967 жылы банктік  активтерді басқару үшін жүйелік  әдістің бағдарламасын қолдануды K.J.Cohen, F.S.Hammer ұсынды, ал 1972 жылы банктік  портфельді толығымен басқару үшін бұл әдістің қолдану мүмкіндігін Alfred Broddus негіздеді. 1968 жылы William Poole коммерциялық банктің қорларын басқару үшін статистикалық  әдісін ұсынды. Қаржылық жүйеде банктің  тәртібін және оның рөлін қарастыруға  мүмкіндік беретін нақты қор  әдісін B.P.Pesek құрды, ал 1974 жылы A.L.Toevs оны  дәстүрлі банктік теориялық шегінде  жалпылады.

Информация о работе Коммерциялық банктің пайда болуы