Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:49, курсовая работа
Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.
КІРІСПЕ........................................................................................
1 САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
МЕН ҚАЖЕТТІГІ.......................................................................
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.........................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық салу тәртібі..................
2 ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........................................................................
2.1 Экономиканы салықтық реттеудің бюджетті толтырудағы рөлі.............................................................................
2.2 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтың роліне экономикалық талдау..........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік апппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет заңды және жеке тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2.
Салық – ақшалай нысанда
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алудыбілдіреді, яғни ол соманы қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық – баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бірбағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6.Салық
– тұрақты экономикалық
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатыастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың
мүлік салығын төлеген кезде,
оның салық қатынастары
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін толтыра отырып, экономикада әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың
реттеушілік функциясы
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7%, 1998 жылы – 16,6%, 1999 жылы – 17,4%, 2000 жылы – 22,6%, 2001 жылы – 22,2% болды.
Бұл
негізгі функциялармен қатар
салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын
да атауға болады.
1.2
Қазақстан Республикасындағы
салық салу
тәртібі
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық
элементтері - -бұл мемлекеттің заң
ак актілерімен анықталатын
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - заң бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
- табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық және жеке табыс салығы жатады;
- тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді;
-
капиталға салынатын салық.
Салық салу өлшем бірлігі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшем бірлігі. Мысалы, автокөлік двигателінің қуаты көлік құралдарына салынатын салық ауқымы болып табылады, ал қуат ат күші, киловатт өлшемінде көрсетілуі мүмкін; алаң жер салығының ауқымы болып табылады, бұл ір елде түрлі өлшемде: гектар, акр, шаршы метр өлшемдерінде көрсетіледі; бензинге акцизді есептеу кезінде литр,
баррель, галлон қолданылады.
Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне абсолютті сомада немесе процентпен белгіленетін салықтық есептеу мөлшері.
Салық салу практикасында ставкалар тұрақты және процентті болып бөлінеді.
Тұрақты ставкалар – табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне).
Проценттік
ставкалар – салық базасына қарай
алынатын табыстың мөлшеріне байланысты
салық өлшем бірлігіне
Проценттік ставканың 3 түрі бар:
Үйлесімді салық ставкалары – салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей проценттік қатынаста іс-әрекет етеді.
Прогрессивті ставкалар – салық салынатын табыстың артуына сәйкес өсіп отыратын салық ставкалары. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Мұндай ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті ставкалар – табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық
салынбайтын минимум – салық
салудан толық босатылатын
табыстың
есептелген сомасынан шегерілетін
шегерімдер (асырауындағы жандарға, мүгедектерге
– жеке табыс салығы бойынша; күрделі
қаржыларға, әлеуметтік объектілерді
ұстауға, табиғат қорғау шараларына
жұмсалатын шығындардың сомасынан-
салық салынатын табыстың құрамына енбейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, жеке табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жекесубъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық ставкасын төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептен шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеу мерзімі мен тәртібі – заңмен белгіленген әдістер мен салықты бюджетке аудару шаралары. Салық төлеу тәртібі салықты бюджетке түсіру шараларын тәртіпке келтіру үшін белгіленеді.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері - Салық кодексінің жалпы бөлімінде берілген.
Салықтық
бақылау – салық қызметі
Информация о работе Экономиканы салықтық реттеудің ерекшелiктерi