Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:46, реферат
1.1. Статистиканың негізгі ұғымдары.
1.2. Статистика ғылымының салалары.
1.3. Қазақстан аумағындағы статистикалық қызмет
дамуының тарихы.
1.4. Қазақстан Республикасында статистиканың
ұйымдастырылуы.
жылдарында Орал, Семей және Ақмола, ал 1895 жылы Торғай
облыстық статистикалық комитеттері ұйымдастырылды. Олар
1897 жылы Ресей империясы құрамындағы Қазақстан халқы
бірінші жалпылама санақ жұмысына қатысты. Бірақ 1920 жылға
дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық қызметтерді
біріктіретін біртұтас статистикалық орган болған жоқ.
Статистикалық органдар бірліктерінің Қазақстанда
құрылу мерзімі 1920 жылдың 8 қарашасы болып есептеледі.
ҚАССР-ң Халық Комиссарлар Кеңесі «Мемлекеттік статистика
туралы ережені» бекітіп, Қазақ АССР-ң статистикалық
басқармасын құрды.
Бірінші (Орынбор қ.) және Екінші (Қызылорда қ.)
республикалық статистикалық конференциялар ХХ ғасырдың
20-шы жылдарында орын алды. Олардың қызмет ету нәтижелері
Қазақстан статистикалық органдар ұйымдастырушылық және
әдістемелік дамуында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасындағы статистикалық қызметті
келесі органдар басқарды:
- 1930-1948 жж. - Қазақ ССР-ң Мемлекеттік жоспары;
- 1948 ж. - Республиканың Министрлер Кеңесінің
Статистикалық басқармасы;
- 1960 ж. - Қазақ ССР-ң Орталық Статистикалық
басқармасы;
- 1987 ж. - Статистика жөніндегі Мемлекеттік
комитеті.
Статистикалық қызметті осы аталған мемлекеттік
мекемелер 90-ші жылдардың басына дейін үлкен абыроймен
атқарды.
1.4. Қазақстан Республикасында статистиканың
ұйымдастырылуы
Статистикалық қызмет сұрақтары 1998 жылдың 30-шы
маусымында «Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру
бойынша келесі шаралар туралы» ҚР Президент жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігіне
жүктелді.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік
статистикасы тұрақты түрде жұмыс жасайды және барлық
құбылыстар мен үрдістер жөнінде сандық немесе сапалық
жағынан ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ағымдағы уақытта
Ұлттық статистикалық жүйе, статистиканың жаңадан пайда
болған бөлімдері құрылды, экономикалық қызмет түрлері, өнім
және қызметтің халықаралық сыныптамалары қолданылды.
Жалпы мемлекеттік статистика еліміздің экономика,
мәдениет және халық тұрмыс деңгейінің дамуын сипаттайтын
ақпаратты беретін ақпаратты жинақтау, өңдеу, жалпылау және
талдау функцияларын атқарады. Осының нәтижесінде
экономикадағы өзара байланыстарды анықтау, оның даму
серпінін тану, халықаралық салыстыруларды жасау мүмкіндігі