Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:46, реферат
1.1. Статистиканың негізгі ұғымдары.
1.2. Статистика ғылымының салалары.
1.3. Қазақстан аумағындағы статистикалық қызмет
дамуының тарихы.
1.4. Қазақстан Республикасында статистиканың
ұйымдастырылуы.
адам белсенді айналысады. «Шағын кәсіпкерлікпен белсенді
айналысатындар» - статистикалық көрсеткіш болса, осы
белсенді айналысатындардың саны - статистикалық деректер
ретінде көрсетіледі.
Статистикалық көрсеткіштер жүйесі - құбылыстар
арасындағы объективті өзара байланыстарды көрсететін
статистикалық көрсеткіштер жиынтығы.
Статистика пәні арнайы әдістің көмегімен зерттеледі.
Статистика әдісі - пәнді зерттеу тәсілдерінің біртұтас
жиынтығы.
Статистика әдістерінің негізгі топтамалары:
1. бұқара бақылау әдісі, оның көмегімен ғылыми
жасалған бағдарлама бойынша жиынтықтың
жекелеген бірліктері туралы бастапқы ақпарат
жинақтау жүргізіледі;
2. топтау әдісі; жиналған статистикалық материал
зерттеушіні қызықтыратын белгілер бойынша
топтарға бөлінеді;
3. жалпылама көрсеткіштер әдісі, статистикалық
деректерді өңдеп, талдау жасағаннан кейін
танылатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар
мен үрдістер жағдайы туралы дәлелді
қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.
Статистика әдістері статистика теориясының келесі
негізгі тарауларында нақты көрініс табады:
1. статистикалық бақылау;
2. жинақтау және топтау;
3. статистикалық көрсеткіштер (нақты, салыстырмалы);
4. орташа шамалар;
5. өзгерме көрсеткіштері;
6. ішінара бақылау;
7. серпін қатарлары;
8. индекстер;
9.құбылыстардың өзара байланысын корреляциялық-
регрессиялық әдіспен тану.
Статистика пәні экономикалық теория, макроэкономика,
микроэкономика, бухгалтерлік есеп, қаржы, эконометрия және
тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.
1.2. Статистика ғылымының салалары
Статистика ғылымында салалар бойынша келесі
топтастыру жасалады: бірінші деңгей - статистиканың жалпы
теориясы; екінші деңгей - экономикалық және әлеуметтік-
демографиялық статистика; үшінші деңгей - экономикалық
және әлеуметтік-демографиялық статистиканың салалары.
Статистиканың жалпы теориясы - бұл көптеген
әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық тұрғыдан
бейнелейтін кеңінен таралған жалпы белгілер, ережелер және
заңдар туралы ғылым. Бұл салада жалпы статистикалық
мағынаға ие жалпы түсініктемелер, статистикалық ғылымның
категориялары: заңдылық, көрсеткіш, орта шама, белгі және т.б.
өңделеді. Сонымен қатар, көптеген құбылыстарды оқып тану
әдістеріне негіздеме де беріледі.