Мемлекетаралық стандартизация жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:26, реферат

Описание работы

Бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер өкілдері 1992 жылы 13 наурызда стандартизация саласында келісілген саясат жүргізу туралы Келісім қабылдады.
Осының негізінде мемлекетаралық стандартизация жүйесі құрылды. Осы келісімге сәйкес: әрекет етуші МЕСТ-тер стандарт ретінде қалдырылды; бұрынғы КСРО-ның эталондық базасы барлығына ортақ ретінде қабылданды; стандартизация, сертификация және метрология жүйелерін өзара қабылдау үшін екіжақты келісім қажеттігі орнатылды.

Работа содержит 1 файл

Айбол5ан.docx

— 31.81 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов  атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: Мемлекетаралық стандартизация жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жайқау А

Тексерген: Еріш Н

 

 

 

 

Қостанай  қаласы

2012 жыл 

Мемлекетаралық стандартизация жүйесі.

 

1 Стандартизацияның салааралық жүйелері.

 

Бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер  өкілдері 1992 жылы 13 наурызда стандартизация саласында келісілген саясат жүргізу  туралы Келісім қабылдады.

Осының негізінде мемлекетаралық стандартизация жүйесі құрылды. Осы  келісімге сәйкес: әрекет етуші МЕСТ-тер  стандарт ретінде қалдырылды; бұрынғы  КСРО-ның эталондық базасы барлығына  ортақ ретінде қабылданды; стандартизация, сертификация және метрология жүйелерін  өзара қабылдау үшін екіжақты келісім  қажеттігі орнатылды.

Үкіметаралық деңгейде стандартизация, сертификат, және метрология бойынша  Мемлекетаралық кеңес (МСЖ) құрылды. Оның негізгі функцияларына: стандартизация саласындағы басымдылық бағыттарын жасау; мемлекетаралық стандарттар  жобасын бекітуге ұсыну; старндартизация  саласындағы жұмыстардың негізгі  бағыттарын қарастыру және оларды жүргізу  сметасының шығындарын бекіту жатады. Кеңес қабылдаған шешімдер осы Кеңес  Құрамындағы мемлекеттер үшін міндетті. МСЖ мүшелігіне ТМД-ның барлық 12 мемлекетінің стандартизация, сертификат және метрология бойынша  ұлттық органдардың  басшылары қабылданады.

МСЖ негізгі жұмыс органы-Минискіде  орналасқан стандарттау, сертификаттау  және метрология бюросы, МСЖ отырыстары қатысушы мемлекеттерде кезекпен жүргізіледі. МСЖ қызметінің нәтижесінде нормативтік  құжаттардың қоры және эталондық  база сақталған. Қазіргі кезде ТМД  елдерінің ұлттық сертификация жүйесін  өзара қабылдыу (признание) процесі  толығымен аяқталды.

МСЖ-ң жұмыс органдарына мемлекетаралық стандартизация бойынша техникалық комитеттер (МТК) жатады. Олар мемлекетаралық стандарттар дайындау және мемлекетаралық стандартизация саласында басқа  да нақты жұмыстар жүргізу үшін құрылады. Жылдық жоспарға сәйкес МТК-ң МЕСТ-тер  дайындау бойынша 200-ден астам жұмыстары  жүргізіледі. Мемлекетаралық стандарттар  және оларға өзгерістер енгізу МСЖ-ң  шешімімен жылына 2 рет өткізілетін  отырыстарда қабылданады.

Мемлекетаралық стандартизация саласындағы  жұмыстарды жүргізу ережелері бойынша  жалпы жағдайлар МЕСТ 1.0-92 стандартында айқындалған.

Соңғы жылдары міндетті сертификациялауға  жататын өнімге деген техникалық талаптарды жасауға арналған 2500 нормативтік  құжат қабылданды.

Қабылданған стандарттар халықаралық  стандарттармен сәйкестендірілген, бұл  ТМД елдерінің әлемдік нарыққа  шығуына әсерін тигізеді.

МСЖ-ң ТМД-елдеріндегі жүргізген  жұмыстары бойынша стандартизацияның  халықаралық ұйымы ИСО оны  стандартизация бойынша халықаралық  аймақтық ұйым ретінде  қабылдады.

Стандартизацияның салааралық жүйелері.

Салааралық стандарттар жиынтығының  құраушылары:

  1. ҚР МСЖ-мемлекеттік стандартизация жүйесі-ҚР МЕСТ;
  2. КҚБЖ-конструкторлық құжаттаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;
  3. МЕСТ;
  4. КТСБЖ-каррозия мен тозудан сақтаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;ТҚБЖ-технологиялық құжаттардың біріккен жүйесі-МЕСТ;
  5. ӨСКЖ-өнім сапасы көрсеткішінің жүйесі-МЕСТ;
  6. ҚУЖ құжаттаудың унификацияланған жүйесі-МЕСТ; ҚР МЕСТ;
  7. АБҚЖ-ақпараттық-библиографиялық құжаттау жүйесі-МЕСТ;
  8. ӨМЖ-өлшеу бірлігін қамтамасыз етуші мемлекеттік жүйе-МЕСТ;ҚР
  9. ЕҚСЖ-еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі-МЕСТ;ҚР МЕСТ;

10) ӨТДБЖ-өндірісті технологиялық  дайындаудың біріккен жүйесі-МЕСТ;

11) ӨӨДЖ-өндірісте өнімді дайындау  жүйесі-МЕСТ; ҚР МЕСТ;

12) БҚБЖ-бағдарламалық құжаттаудың  біріккен жүйесі-МЕСТ;

13) ҚР сертификациялау жүйесі-ҚР  МЕСТ;

14) ҚР аккредитациялау жүйесі-ҚР  МЕСТ.

Сондай-ақ табиғат қорғау, эргономикалық  талаптар, ақпараттық технологиялар, төтенше  жағдайлардағы қауіпсіздік салаларына арналған стандарттар жүйелері бар.

Егер жүйе құжаттандырған түрде  көрсетілген болса, онда оның бар  екндігі дәлелденген болып саналады. Құжаттандыру-бұл құжаттардың құрамы мен құрылымын анықтайтын қызмет. Сондықтан салааралық жүйелердің көптеген бөлігі жалпы мемлекеттік стандарттар  классификаторына сәйкес Т№ стандарттар  тобында берілген. Ал бұл топтың өзі Т «Жалпы техникалық және ұйымдастырушы  әдістемелік стандарттар» тобына кіреді. МСЖ (ГСС) жүйесі Т№ тобында да, Т  тобында да базалық болып табылады. Барлық салааралық стандарттарды шартты түрде 3 бағытқа бөлуге болады:

    1. өнімнің (жұмыстың және қызметтің) сапасын қамтамасыз етуші стандарттар;
    2. басқару мен ақпараттандыру стандарттары;
    3. әлеуметтік сфера стандарттары.

Салааралық ережелердің барлық бағыттарындағы стандартизацияда сан  жағынан жеткілікті стандарттар  кешені құрылып болған жоқ (АЖЖ (САПР)-автоматты  жобалау жүйесі); басқа бағыттары  әлі де болса перспективалық жүйелердің «негізі» болып тұр (мәліметтерді электронды алмастыру жүйесі); кейбір жүйелердің болашағы белгісіз (эргономика бойынша, техникадағы сенімділік бойынша). Әрбір  стандарттың өз шифрі болады (сертификация жүйесі бойынша-40; өнімнің жекелеген қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттар-27,29 және т.б.)

Стандартизация – бұл тек қызмет түрі ғана емес, сонымен қатар ол қайталанатын мәселелердің тиімді шешімдерін анықтау және оны нормалар мен ережелер ретінде заңдастыру үшін қажетті әдістер кешені (комплекс).

Стандартизация әдісі – бұл стандартизация мақсатына жетуге көмектесетін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.

Стандартизация жалпығылыми және арнайы әдістерге сүйенеді. Олар:

  1. стандартизация объектілерін реттеу;
  2. параметрлік стандартизация;
  3. өнімді унификациялау (бір жүйеге келтіру);
  4. агрегаттау;
  5. кешенді (комплексті) стандартизация;
  6. алдын алушы стандартизация (опережающая).

Стандартизация объектілерін реттеу-өнімдерді, процестерді және қызметтерді стандарттау  саласындағы әмбебап әдіс. Реттеу ең алдымен көп түрлілікті қысқартуға бағытталған. Реттеу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне, мысалы, дайын  өнім үшін комплектілеуші бұйымдардың  шектелген тізімі; бұйымдардың типтік конструкциясының альбомдары; техникалық, басқарушылық және басқа құжаттардың  типтік формалары жатады. Реттеу әмбебап  әдіс ретінде жекелеген әдістерден, яғни жүйелендіру, селекциялау, симплификациялау, типтеу және тиімдеу әдістерінен  тұрады.

Стандартизация объектілерін жүйелендіру  ғылыми негізделген, нақты объектілердің  жиынын тізбекті классификациялаудан  тұрады. Мысал ретінде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы  мемлекеттік классификаторын айтуға болады. Ол барлық товарлық өнімді әртүрлі  классификациялық топтамалары мен  өнімдердің нақты түрлері бойынша  жүйелендіреді.

Стандартизация объектілерін селекциялау-болашақ  өндірісте қолдануға тиімді болатын  нақты объектілерді таңдау қызметі.

Симплификация-өндірісте қолдануға  тиімсіз болып саналатын нақты  объектілерді анықтау қызметі.

Селекция және симплификация процестері параллель жүргізіледі. Олардың  алдында объектілерді классификациялау мен болашақ сұранысқа қатысты  перспективалық объектілерді талдау жүреді.

Стандартизация объектілерін типтеу-типтік үлгілік объектілерді, яғни конструкцияларды, технологиялық ережелерді, құжаттандыру формасын жасау қызметі. Селекцияға қарағандағы ерекшелігі, мұнда таңдалған  нақты объектілердің сапасы мен  әмбебаптығын арттыруға бағытталған  қандай да бір техникалық өзгертулер жасалады (60 жылдары теледидарларды 100-ден астам конструкторлық түрлері болған, ал жүйелендіруден кейін экран диагональдарының өлшемдері бойынша теледидар схемасының 3 варианты алынды: экраны 35,47 және 59 см).

Стандартизация объектілерін тиімдеу-басты  параметрлерді, сондай-ақ сапа мен үнемділіктің басқа да көрсеткіштерінің шамаларын  анықтау. Тиімдеуді оның арнайы экономикалық-математикалық  әдістері мен модельдерін қолдану  арқылы жүзеге асырады. Мұндағы басты  мақсат реттеудің жоғарғы деңгейіне  жету және таңдалған критерий бойынша  мүмкіндігінше тиімді болатын жолдарды анықтау.

Параметрлік стандартизация. Өнім параметрі-бұл  оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең басты параметрлерге өнімнің  қызметін және оны пайдалану шарттарын  айқындайтын сипаттамалар жатады. Олар:

  1. өлшемдік параметрлер (киімнің өлшемі, ыдыс сыйымдылығы);
  2. салмақтық параметрлер (жекелеген спортинвентарьлардың массасы);
  3. машиналар мен приборлардың өнімділігін сипаттайтын параметрлер (көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы);
  4. энергиялық параметрлер (қозғалтқыш қуаты).

Нақты бір қызмет атқаратын өнім, әрекет ету принципі және конструкциялар, яғни анықталған типті өнім бірнеше  параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген шамаларының жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың бір түрі өлшемдік қатар (мысалы, өлшемдік қатарға маталар  үшін оның енінің өлшемі, ыдыстар үшін-сыйымдылық шамасы жатады).

Бір типті бұйымның әрбір өлшемі типтік өлшем деп аталады (мысалы, қазіргі кезде ерлер киімінің 105, ерлер киімінің 120 типтік өлшемдері  белгіленген).

Параметрлік қатарларды стандарттау  процесіне параметрлердің сандық шамаларын  және мақсатқа сай номенклатураларды  негіздеу мен таңдау жатады. Бұл  мәселе математикалық әдістер арқылы шешіледі.

Киімдерге арналған өлшемдік қатарларды жасағанда әр түрлі жастағы және әр жерлерде тұратын көптеген ерлер  мен әйелдердің антронометриялық өлшемдерін алады. Бұл мәліметтер математикалық  жолмен өңделеді.

Машиналардың, приборлардың параметрлік  қатарларын үйлесімді (предпочтительные) сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін, тізбектелетін  сандарды теру арқылы құру ұсынылады. Бұл жүйе бойынша параметр мәндерін таңдағанда белгілі бір математикалық  заңдылыққа бағынатын шамалар алынады.

 

2 Халықаралық, аймақтық, мемлекетаралық және салааралық стандарттау

 

Стандарттау облысындағы халықаралық ынтымақтастық  мақсаты

Халықаралық қатынастардың кеңейюі стандарттаудың бір мемлекет ішінде дамуды рұқсат етпейді. Әр мемлекеттің саудалық, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастары  кең дамуы үшін халықаралық стандарттау  ең маңызды мағынада.

Халықаралық ынтымақтастық  стандарттаудың халықаралық  және аймақтық ұйымдары арқылы жасалады.

Стандарттаудың  халықаралық ұйымдары.

Халықаралық стандарттау облысында ең ірі  ұйымдар қызмет  атқарады: Халықаралық  стандарттау ұйымы (ХСҰ), Халықаралық  электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық  электробайланыс одағы (ХЭО).

Әлемдік қоғамдастықта стандарттаудың біріккен концепциясы танылған. Ол Халықаралық  стандарттау ұйымымен ISO (International Standard Organization) ұсынылған, оның бастапқы мақсаты әр түрлі мемлекеттегі өнім шығаратын және пайдаланатын адамдардың қатынасын қолайлы және тиімді ету. Бұл ұйым атын әр мемлекет әр түрлі аударып және қысқартып оқитын болған соң оны гректің isos – «тең, равный»деген сөзден алған.

International Standard Organization (ISO) - 1947 жылы құрылған ұкіметтік емес ұйым. Қазіргі замаңда оған 132 мемлекет кіреді, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. ISO мақсаты - әлемдік масштабта халықаралық тауар айналымын стандарттауды қамтамасыз ету, ынтымақтастықты кеңейту. Негізгі қызмет түрі – халықаралық стандарттарды жасау. Жоғары басқару органы болып ISO Генеральды Ассамблея табылады. Онда ISO –ның ең жоғары лауазымды адамдары және комитет делегаттары қатысады. Генассамблеяны ISO Президенті басқарады. ISO ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс тілдері. ISO фондында 12000 астам стандарттар бар

Техникалық  комитеттер аумағында қызмет жасайтын жұмыс топтарымен халықаралық стандарттар  жобасы жасалады.

Информация о работе Мемлекетаралық стандартизация жүйесі