Индекстер

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 06:17, реферат

Описание работы

Индекстер туралы жалпы түсінік. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар мен проценттер сияқты көрсеткіштер қолданылады. Осындай көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады.
Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның “index” терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда “көрсеткіш, белгі, тізім” деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерлен тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:
1) салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.

Содержание

Индекстер туралы жалпы түсінік........................................................3
Жеке индекстерді есептеу....................................................................4
Жалпы индекстерді есептеу.................................................................5
Орташа индекстерді есептеу................................................................6
Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.....................................7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................9

Работа содержит 1 файл