Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 13:44, курсовая работа
Курстық жұмыста құқық нысанының түсінігіне, нормативтік-құқықтық актілердің түрлеріне және нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі туралы жете тоқталып өтеміз.
“Құқықтық нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.
1.Құқық нысанының түсінігі және түрлері.
2.Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері.
3.Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2 сұрақ бойынша қорытынды:
Дәрістің екінші сұрағында біз құқық нысанының негізгі түрлеріне, олардың ішінде нормативтік-құқықтық актілердің түрлеріне жете тоқталдық. Сонымен, нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтың ең жетілдірілген түрі болып табылады.
Нормативтік құқықтық акт – мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат. Норма дегеніміз- бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы.
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға береді.
“Құқықты
қоғам жасайды, заңды мемелекет
жасайды” деген тұжырым – заң
мен құқықты ажыратудың қажет
екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын
қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық
қалыптасуының объективтік барысын формалды
заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды.
Құқықтың жасалуы – қоғамдық қатынастардың
өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың
және олардың бірлестіктерінің байланыстары
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен,
белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты.
Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық – құқық
қалыптасуының негізгі принциптері болып
табылады.
3 сұрақ. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі.
Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады:
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім өткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994-і жылы желтоқсан айында қабылданған, ал күшіне енуі 1995-і жылдың 1-ші наурызынан басталады.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқталтылуы мына жағдайларда болады.
1.
Жаңа актінің қабылдауына
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабылдағаннан бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі қатынастарға бұл заңнаң күші жүрмейді – деп түсіну керек.
Дей тұрсақ та, бұл қағидаттан ерекшелік ретінде болатын қағидалар да бар, олар:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт қабылданғаннан бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі арнайы түрде атап көрсетілген жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2.
Нормативтік құқықтық акт
3.
Нормативтік құқықтық акт
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға енетін кеңістік аталаманың мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен, кеңістік дегеніміз мемлекет шекарасы шегіндегі жер беті (бедері) бөлігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны, олардың үстіндегі әуе (атмосфера) кеңістігі жатады, халықаралық сулардағы ашық теңіздерде жүзіп жүрген әскери және олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппарттардың аумағы, сондай-ақ елшіліктердің аумақтары [6].
Сондықтан
да бұл аумақтар құқық теориясында
“экстерриториалдылық” деген
Нормативтік
актілер күшінің “
Қамту өрісі (субъектілер) – бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар және шетелдіктер жатады. Жалпы ереже бройынша нормативтік актілер мемлекет акмағындағы тұлғалардың бәріне бірдей таралады.
Бұл қағидаттан да ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктер бар. Мысалы, нормативтік актілердің күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға деген өзіндік ерекшеліктер болады. Оларға кейбір құқықтар берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді (Мемлекеттік органдарды сайлауға, өздерінің оларға сайлауына, қарулы күштер қатарында әскери қызметін өтеу (атқару) және т.б. құқықтары берілмейді).
Шет ел өкілдері ел басылар және үкімет басшылары, елшіліктердің дипломатиялық қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар дипломатиялық... (экстериториалдық) құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жөніндегі жауаптылықтары дипломатиялық жолдар арқылы шешеді.
3 сұрақ бойынша қорытынды:
Сонымен, нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады:
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім өткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқталтылуы мына жағдайларда болады.
1.
Жаңа актінің қабылдауына
Заңның
кері күші болмайды. Мұның мағынасы
– заң өзі қабылдағаннан бұрын
пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды,
яғни әлгі қатынастарға бұл заңнаң күші
жүрмейді – деп түсіну керек.
Қорытынды
Дәрісті қорытындылай келе айтатынымыз, құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория – “Мазмұн мен нысанды” жақсы білу қажет. Мазмұн – белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан – мазмұның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды, мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-катынасында басты рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенде түрде әсер етеді. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді. Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады: қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі, адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлекетаралық байланыстар т.б. бұл процестердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Осының бәрі құқықтың мазмұнына, негізіне, нысанына, сапасына көп әсер етеді.бұл әсерлердің жақсылыққа апаруы да, жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанының сапасының деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Сонымен, әр елде әртүрлі құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде – парламенттің, екінше елде – президенттің, үкіметтің, үшінші елде – соттың, төртінші елде – діннің рөле күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені олар өзара байланыста болып, бір-бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.
Құқық нысаны- мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық
нысаны деген заңды ұғымды бірнеше
ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер
қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының
негізгі мәні мемлекеттік билікті
іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы
орындау үшін қоғамның әр саласында
сан қырлы нормативтік актілер қабылданып
жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке
қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын
іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының
алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын
барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан
құқықтық нормаларды адамдардың, заңды
тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде
орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің,
әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен
белгілі болып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: