құқықтықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 13:44, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста құқық нысанының түсінігіне, нормативтік-құқықтық актілердің түрлеріне және нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі туралы жете тоқталып өтеміз.

“Құқықтық нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.

Содержание

1.Құқық нысанының түсінігі және түрлері.

2.Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері.

3.Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқ қайнар көздері.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

      Заң ғылымы- (құқықтық доктрина)- құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана- сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

      Нормативтік шарттар- қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: ГФР –ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі. Нормативтік шартар бірте-бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және ағымдық деген түрлерде болады.

Ең жиі  таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып  табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады.   

      Референдумда  қабылданған нормативтік  актілер заңның бір түрі. Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: Жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.

      Нормативтік - құқықтық акт- мемлекеттік органның қабылдаған – бекіткен актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: Біріншіден- нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; Екіншіден- құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.

   Құқық нысанының белгі-нышандары, ерекшеліктері:

  1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;
  2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.
  3. Бостандықты, теңдігі, әділеттікті қорғайтын нормалар.
  4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.

   1 сұрақ бойынша  қорытынды:

     Сонымен, құқық нысаны дегеніміз - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 сұрақ. Нормативтік-құқықтық  актілердің түрлері.

      Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтың ең жетілдірілген түрі болып табылады.

     Нормативтік құқықтық акт – мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.

     Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер  деп бөлінеді.

     Заң – ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды [4].

Бұлардың  жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:

     1. Заң мемлекеттік биліктің (яғни  өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халықтың  өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум) арқылы қабылданады,  күші де жойылады және өзгертіледі.

     2. Заң айрықша түрде іс жүргізу  тәртібі бойынша қабылданады.

     3. Тәуелді нормативтік құқықтық  актілердің бәрі заңдарға қайшы  болмауы тиіс, егер де ондай  қайшылықтар болса, бұл актінің  орнына одан тікелей жоғары  тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.

     4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс.

     5. Заң ең маңызды негізге алатын қатынастарды реттейді.

     Заңдар  конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.

     Конституциялық  заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.

      Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.

      Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде  басты орын алады, барлық заңдардың  заңдық тұғыры болып табылады.

      Конституциялық  заңдардың тізімі жеткілікті толық  түрде Конституцияда анықталған.

      Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық заңдардың  негізінде және соларды орындау  мақсатында қабылданды. Ағымдық заңдар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.

      Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер – мемлекеттің атқарушы – орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабыладанады.

      Заңға негізделген актілерге жататындар:

Президенттің  жарлықтары;

Үкіметтің қаулылары  мен шешімдері;

- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;

-  жергілікті  атқарушы органдардың нормативтік  актілері;

- локалдық  нормативтік актілер, яғни ұйымдар,  кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

      Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік  құқықтық актілердің сатысы (ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңның 4-бабы ).

Конституция – жоғары заң күші бар;

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін  Заңдар;

3) ҚР Конституйиялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары;

ҚР Кодекстері;

ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар  Жарлықтары;

ҚР Президентінің  нормативтік Жарлықтары;

ҚР Парламентінің  нормативтік қаулылары;

ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

9) министрлердің  нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік  агенттіктердің нормативтіку қаулылары,  өзге де орталық мемлекеттік  органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

10) мәслихаттар,  әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

   Нормативті  құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:

  1. Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңды құқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
  2. Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжіребиесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
  3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші ролін, Конститцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.

    Құқықтың  қоғамдағы атқаратын істері сан  алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:

          -құқықтың  тарихи ескерткіштері;

          -археолгиялық  қазба деректер;

          -тарихи  ескі мұралар;

          -заң  жұмыстарынң тәжірбиесі;

          -заңгерлердің  еңбектері;

          -заң  бағытындағы ғылыми еңбектер;

       -құқықтық  шарттар;

          -нормативтік  актілер;

          -заңдар, заңға тәуелді актілер.

   Міне  осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын  жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.

   Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаоарда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.

    Құқықтың  ең күрделі нысандары:

    1.Құқық  салаларының нормативтік актілері;

    2.Қоғам  салаларының нормативтік актілері;

    3.Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік-ведомстволардың  актілері;

    4.Жергілікті  органдардың актілері;

    5.Сот жүйесінің  актілері;

   Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың жеке-жеке мазмұндары бар.

   Норма дегеніміз- бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық- қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалар жиынтығы.

     Құқық және заң

     Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі  әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты [5]. Жоғарыда айтылғандай, құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Қазақстан Парламенті заңдар қабылдайды. Олар – конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар – заң күші бар және жай жарлықтар түрінде болады. Қазақстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер бұйрықтар, нұсқаулар, т.б. нормативтік актілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын қабылдайды.

Осы аталған  нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері – заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң “кең” тұрғыдан және “тар” тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал “тар” тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана “заң” деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, “заң” – төрағасы сияқты, басқа нормативті-құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы – Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғам мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Заңдар өз ешінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары – Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативтік актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.

     Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативтік актілер болып саналады. Басқа нормативтік актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады.

Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың  ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға береді.

“Құқықты  қоғам жасайды, заңды мемелекет  жасайды” деген тұжырым – заң  мен құқықты ажыратудың қажет  екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын  қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы – қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен, белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық – құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді болуының негізі – құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысалды, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік мәне бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.

Информация о работе құқықтықтың қайнар көздері