Құқық нормасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:24, реферат

Описание работы

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.
Құқық нормасына тəн белгілер:
- мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;
- субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды;
- ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие;

Содержание

1. Кіріспе......................................................................................................3
2. Құқық – күрделі құбылыс.......................................................................4
3. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері.....................................6
4. Құқық нормаларының түрлері...............................................................7
5. Құқық нормаларының құрылымы.........................................................8
6. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы............9
7. Қорытынды............................................................................................13
8. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................14

Работа содержит 1 файл

курстык айдос.docx

— 712.90 Кб (Скачать)

 

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

 

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

 

Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

 

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

 

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

 

Құқықтық нормалар бірнеше түрге  бөлінеді:

 

    1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
    2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
    3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
    4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
    5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Норма — анықталмаған тұлғалар шеңберіне жəне жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз əрекет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.

Ал құқық — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы-рұқсатты (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті талабы болып табы-латын жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Осыдан келіп, нормативтік акт пен құқықтық норма түсінігіне сипаттама берсек.

Нормативтік акт — заңдық нормалардан құралған ресми құжат.

   Құқықтық норма — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде белгіленетін жəне құқық субъектісінің құқықты-рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі. Бұл семестрлік жұмыста біз құқықтық нормаға толықтай талдау жасап, түрлері мен негізгі қызметіне және мән – мағынасына тоқталып өттік. 

      «Адамзат», «мемлекет», «заң», «қоғам», «билік»,

   Тұрса да бірі төмен, бірі биік!

 Бір тонның бауындай боп  берік жатқан,

Бір шапанды барлығы бірге киіп.

(автор)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. –Алматы, 2012.
  2. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. –Алматы, 1998.
  3. А.С.Ибраева, Н.С. Ибраев. Теория государства и права. Учебное пособие. – Алматы, « Жеті жарғы», 2003.
  4. Баймаханов М.Т.Правовое государство.Основы государства и прва РК. – Алматы:Жеті жарғы, 1999.
  5. Даулетбеков Н.О., Аманбекова С.К., Турлаева А.В. Основы государства и  права современного Казахстана. –Астана:Фолиант,2000.
  6. Булгакова  Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, 2006.

Информация о работе Құқық нормасы