Тұлға,құқық және мемлекет

Автор: Айсулу Нұрхожаева, 03 Октября 2010 в 18:26, реферат

Описание работы

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.
Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Кәзіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту шарты.
Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.
Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төрікіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Диплом жұмысының тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра, байланыстар мен қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді, өйткені жалпы жүйе мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз белгілеріне нақты ықпал жасайды.

Содержание

Кіріспе............................................................................3
І бөлім. Адам құқығының даму эволюциясы..............5
ІІ бөлім. Жеке адамның құқықтық мәртебесі..........8
ІІІ бөлім. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы...11
Қорытынды .................................................................14.
Пайдаланған әдебиеттер...........................................15

Работа содержит 1 файл

СРСП2.doc

— 102.50 Кб (Скачать)

     

      1.Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және «адам және азамат» деген тарауда нақтылы сипатталған.

      А) Өмір сүру құқы  (15 бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы  жоқ»

      Б) Әркімнің өз құқықтары  мен бостандықтары  сот алдында қорғалуына құқы. (13 бап) жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.

      В) Қықұ қажетті қорғану құқы. Әрбір азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда өмірі, жеке меншікті, денсаулығын.

      Г) Әркім өзінің  жеке басының бостандығына құқы бар. Қазақстан  Республикасында  соттың санкциясынсыз  ешбір адамды 72 сағаттан артық ұстауға  тыйым салынады. Және ұсталған немесе қылмыс жасады деп айыпталған адам қорғаушыға құқығы бар.

      Д) Адамның қадір – қасиетін қорғау құқы. Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатігездік, зорлық- зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады.

      Ж) Тұрғын ұйге қол сұғылмау құқы. Жеке адамның  тұрғын ұйіне оның рұқсатынсыз, келісімінсіз ешбір адам кіруге құқы жоқ. Ұйге басып кіру, тінту тек заң талаптарымен іс жүзінде асырылады.

      З) Қазақстан Республикасында  адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының  құпиясына қол  сұғылмауына, абыройы  мен ар – намысының  қорғалуына құқы бар.

      2.Саяси  құқықтары мен  бостандықтары. 

   А) Сөз бостандық  құқы. Әркім  заң  жүзінде  тыйым  салынбаған кез –  келген тәсілмен еркін  ақпарат алып, оны  таратуға құқы бар.

     Б) Қазақстан Республикасының  азаматтары бейбіт әрі  қараусыз жиналуға, жиналстар, митингілер мен демонстратциялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқықтары бар.

     В) Азаматтар мемлекеттік  органдарды сайлдауға  және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік  қызметке кіруге құқы бар.

     Г) Бірлесу бостандығы құқы. Азаматтар өздерінің алдына қойған мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқы бар.

      3. Әлеуметтік –  экономикалық және  мәдени құқықтары  мен бостандықтары.

   А) Жеке меншікке ие болу құқы. Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады.

      Б) Әрбір азаматтың  еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқы бар. Бұл қызмет «заң тыйым салынбағанның бәріне рұхсат» шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.

      В) Қазақстан Республикасының  азаматы еңбек  ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдауына құқығы бар.

     Г) Демалу, денсаулығын  сақтауға, жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған  жағдайларда жалақы немесе зейнетақы алуына, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болу құқықтары.

     Д) Азаматтардың білім  алу құқы. Мемлекеттік  оқу орындарында  тегін білім алу  конкурстық негізде  болды.

     Ж) Еркін шығармашылық құқы.

     З) Ана тілі мен төл  мәдениетін пайдалану  құқы.

     Адам  құқықтары мен  қатар мемлекет адамға арнайы құқықтық міндеттерде  жүктейді.Құқық міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының конституциясында мынадай міндеттер жүктейді:

     А) Азаматтар Конституцияны, басқа адамдардың құқықтары мен  бостандықтарын сақтауға міндетті.

     Б) Әркім мемлекеттің  рәміздерін құрметтейге  міндетті.

     В) Заң белгілеген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.

     Г) отанды қорғауға міндетті.

     Д) Тарихи және мәдени мұралардың сақталыуна қамқорлық жасауға  міндетті.

     Ж) Табиғатты сақтауға және оның байлықтарын  ұқыпты қарауға міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ бөлім. Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы. 

     Мемлекет  және құқық теориясында  осы уақытқа дейін  мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

     Бірінші – этатистік; бұл  бағыт мемлекеттің  құқыққа қарағанда  артықшылығын таниды,құқық  мемлекттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

     Екінші  бағыт табиғи –  құқықтық көзқарастар  негізінде пайда  болды және құқықтың мемлекетке артықшылығын бекітті.

     Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт  та бар, бұл бағыт  жоғарыда аталған  екі бағыттардың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орының мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қарастырылмайды,олар мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекетпен құқықтың бір –бірінсіз өмір сүре алмайтындығына,яғни, олардың арасында функционалдық байланыс бар екендігіне назар аударады.  Бұл бағыт бір жақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы  рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

     Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мынадан  көрінеді:

  1. Құқықшығармашылық қызметі жүзеге асырудан. Тура мағнада бұл мемлееттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді.
  2. тікелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялаумен сипатталады.
  3. іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс – тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады.
  4. құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге  асырылуы мүмкін емес.
  5. мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді.
  6. мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушылардын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді.

    Құқықтың  мемлекетке әсері  мыналардан көрінс табады:

  1. құқық мемлекеттің халықпен, жекеленген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына әсер етеді;
  2. құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;
  3. құқық арқылы мемлекеттің қызметтерінің шектеріғ азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;
  4. құқық  ұлттарының ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым- қатынасына әсерін тигізеді;
  5. құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүрізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылымелекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;
  6. құқық басқа мемлекеттермен , жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жеке  тұлғаның құқықтық мәртебесібұл субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сондай – ақ мемлекеттік органдар мен заңнамамен танылған жиынтығы, солардың көмегімен олар өздерінің әлеуметтік ролдерін атқарады. 
 
 
 
Жалпы мәртебе  - жеке тұлғаның мемлекеттік азаматы ретіндегі конституцияда бекітілген мәртебесі
 
 
 
Арнайы  мәртебе – азаматтардың белгілі бір котегориясының  жағдайының ерекшеліктерін бекітетін мәртебе
 
 
 
 
Жеке  мәртебе – жеке тұлғаның нақты сипаттамаларын айқындайды
 
 
 
 

Қорытынды 

     Тұлғаның  құқықтық мәртебесі  – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде  бекітілген  жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

     Құқықтар  мен міндеттер  құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

    • құқықтар мммен міндеттер;
    • Заңды мүдделер;
    • Құқықсубъектіліік;
    • Азаматтық;
    • Заңды жауапкершілік;
    • Құқықтық қағидалар.

    Құқықтық  мәртебе жалпы, арнайы және жеке – дара болып      бөлінеді. Жалпы мәртебе  – бұл тұлғаның мемлекет азаматы  ретіндегі Конститкуцяда  бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар  үшін бірдей болып  табылады. Арнайы мәртебе  азаматтардың белгілі бір санаттарының ( студентердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке – дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланғыа әдебиеттер:

    1. Булгакова Д.А Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы – Алматы, 2004.   59-61
    2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы, 2006. 194-199

Информация о работе Тұлға,құқық және мемлекет