Республикалық басқару нысанының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.

Работа содержит 1 файл

республикалық басқару нысаны.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

       Басқарудың  аралас нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы Президент. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ел тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады.

       Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Сондықтан мемлекеттік құрылым нысандары негізінен екі түрде: унитарлық және федерацияға жатады. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлуі керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады.

       Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге бөлінеді.

       2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУ НЫСАНЫН ТАЛДАУ  

       2.1 Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау 

       Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетiлгендей: "Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет ". Тәуелсiз Қазақстанның тарихында екi Конституцияның орын алғаны белгiлi, яғни, 1993 жылғы Конституциясының орнына 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған болатын. Осы соңғы Конституция мемлекеттiң нысанын өзгертiп, Қазақстанда президенттiк республиканың саяси жүйесi құрылды.

       Ғылыми  әдебиеттерде «президенттік басқару  нысаны» деген түсінікті Конституция  авторларының төл шығармашылдығы, қазақстандық конституциялық теориядағы ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген абзал. Бұған ресейлік белгілі мемлекеттанушы - ғалым В. Е. Чиркин кезінде назар аударып, уақыттың басқару формалары туралы түсініктерге өзгеріс енгізетіндігін, Қазақстан Конституциясы «президенттік республика» деп ешқандай екі ұштылықсыз, тура атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын.

       Конституцияда президентализмнің демократия институты  ретіндегі саяси жүйедегі орны, мәртебесі  өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: «Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі», – деп нақты көрсетілген.

       Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың  қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.

       Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.

       Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді.

       Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен  басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.

       Кеңестік жүйеде болмаған биліктің маңызды тармағы – қос палатадан тұратын Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент болды.

       Ел  Парламентінің Конституция және «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»  конституциялық Заңының негізінде жиырма жылдан астам уақыт ішіндегі белсенді заң шығарушылық, өкілді және саяси қызметінен белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық қорытындылар шығаруға болады.

       Біріншіден, Парламент негізгі саяси және әлеуметтік күштердің, ірі этнос өкілдерінің мүддесі тоғысқан, белсенді қызмет жасаушы коллегиялық органға айналып, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Парламентсіз елімізде шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне бүкіл қоғамымыздың көзі жетті.

       Екіншіден, конституционализм талаптарын сақтай отырып, өзінің сан-салалы заң шығарушылық қызметі арқылы Парламент заңдардың күрделі архитектоникасын анықтап, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық нығайтудың әлеуетті кепіліне айналды.

       Үшіншіден, Парламент пен парламентаризмнің демократиялық және құқықтық-заңнамалық, бай танымдық, тәрбиелік ұлағатынан өткен депутаттар корпусы ұлттық элитаның қатарын, жоғарғы мемлекеттік органдарды жаңа, тың күштермен толықтырудың жемісті саяси мектебіне айнала бастады деуге толық негіз бар.

       Парламенттің  нығаюымен бірге, парламентшілердің өздері де өсіп, саяси, демократиялық, интеллектуалдық құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, кемелденді. Бұл реттегі ең басты мәселелердің бірі – Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту. Парламентаризмнің мәні – мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламенттің белгілі бір үстемдігі және атқарушы билік қызметіне оның тарапынан нақты бақылаудың болуы. Бұл екі талап тұрғысынан келгенде де, еліміз Парламентінің қызметі шынайы толыққанды парламентаризмге қойылатын талаптарға толық сай келмейтіндігі белгілі.

       Конституциялық  дамуымыздың келесі сатысында Парламентке  бүгінгі конституциялық өрісте белгілі  бір бақылау функциялары берілуі  керек деп есептейміз. Нақты бақылау  функциялары жоқ Парламент –  халық өкілеттігі мен билігін  пәрменді жүзеге асыра алмайды.

       Республика  саяси жүйесіндегі келесі бір  елеулі өзгеріс – әлжуаз, әлсіз  де болса, көппартиялылықтың қалыптасуы. Бұл үдеріс елімізде қайшылықты, күрделі  болды. Саяси партиялар да қалыптасудың, дамудың «балалық ауруын» өз бастарынан кешті.

       Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үрдістерде қоғамдық өмірдің БАҚ араласпайтын саласы жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді: саяси және әлеуметтік, экономикалық-нарықтық, этносаралық, дінаралық қатынастар, білім, денсаулық, тіл саясаты, төтенше оқиғалар, үлесшілер мүддесі, жарнама, сыртқы қатынастар – осылардың ешқайсысы да қазақстандық БАҚ назарынан қалған емес.

       Қазақстанның  тәуелсіздік жылдары қалыптасқан  жаңа саяси жүйесі эволюциялық процестер, экономикалық реформалар мен дағдарыстар, қоғамдық-саяси санадағы күрт өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар мен саяси құндылықтардың, бағдарлар мен сенімдердің күрт өзгеруі жағдайында өтті. Оның даму болашағы кең демократиялық өрісте болады деп есептелген.

       Президент Н. Назарбаев 2011 жылғы президенттік сайлау алдындағы бағдарламасында және ұлықтау рәсіміндегі сөзінде еліміздің саяси жүйесін демократияландыру, Парламенттің өкілдіктерін кеңейту және оның құрамына бірнеше партиялар өкілдерінің сайлануы мәселесін көтерді.  

       2.2 Қазақстан Республикасын демократияландыру мәселесін талдау 

       Құқықтық  мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ  Қазақстан Республикасының әлемдік  қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты  болып табылады.

       Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Сондықтан елдің ішіндегі және сырттан айтылған сынға қарайлай бермей, біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек. Сайып келгенде, заңды бұзғаны үшін қатал талап етуді жүзеге асырып, жалақорлық, ақшамен сатып алушылық пен зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік шаралары айқындалуы тиіс, ал қажет болса, тиісті заңдарды қайта қарауымыз керек.

       Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия өткізілген пікірталастардың нәтижесін қорытындылады. Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра беретін боламыз. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз қажет. Былтырғы жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән туғызбаса керек. Біздің азаматтар мұның өзі еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеді. Біз сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де ұшырастық, оның үстіне, әлдекімдер бәлкім солай дәмеленген болуы керек. Сайлаудан кейін азаматтарымыздың көңілдері орнына түскен кездер де біздің есімізде. Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен президенттік додадан алған сабағымыз. Біздің қателесу себептеріміздің бірі биліктің либерализмін оның әлсіздігі және бетімен кеткен бейпіл даңғойлардың қайсыбір “еркелігі” мен “қыңырлығына” тыйым салуға дәрменсіздігі ретінде қарадүрсін қабылдауда жатыр. Бізге аңдамастық пен адасушылықтан арылу керек. Сондықтан елдің ішіндегі және сырттан айтылған сынға қарайлай бермей, біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек. Сайып келгенде, заңды бұзғаны үшін қатал талап етуді жүзеге асырып, жалақорлық, ақшамен сатып алушылық пен зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік шаралары айқындалуы тиіс, ал қажет болса, тиісті заңдарды қайта қарауымыз керек. Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті. Олар үшін “қай жерде және кім не айтады?” дейтін сұрақ туындамауға тиіс, есесіне, “заңды бұзған екенсің – оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың” дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кезеңдегі “заң қалай бұрсаң солай бұрылатын тәртенің” керін қайталайтын боламыз. Құқық қорғау органдарының осы ережені орындамайтын басшысы өз лауазымында қалмауы керек. Біз құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды басқаша құра алмаймыз. Біз діни экстремизмнің таралуына қатаң тосқауыл қоюымыз қажет. Біз әлеуметтік саланы дамытуға, елді дамыту бағдарламаларын орындауды бақылау үшін ҮЕҰ-ны белсенді түрде тартуға тиіспіз. Сонымен бірге олардың заңда көзделмеген қызметіне жол бермеуіміз керек. Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, жиырма жылдан астам уақыт бойы көпұлт Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді. Осы уақыт ішінде еліміз бен халқымыз үшін маңызды шешімдер қабылдаған кезде, біздің Ассамблеяны назардан тыс қалдырған немесе оның ұстанымын есепке алмаған оқиға менің есімде жоқ. Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймыз.

       ҚОРЫТЫНДЫ 

       Сонымен қорыта айтар болсақ мемлекеттік басқарудың нысаны дегеніміз атқару органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері  өздерінің сипаты мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

       Басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:

       а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;

       ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны. Атқару билігін жүзеге асыру арқылы атқару органдары заңдылық биліктік өкілеттіктіктің сыртқы көрінісін қамтиды, Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысанының бір белгісіне жатады.

       Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі  бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің  бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крйтерилерді пайдалануға  болады.

       Мемлекеттiң  басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.

       Қазақстан Республикасында мемлекеттi басқару Президенттiк Республика нысанында көрiнiс тапқан. Әрине, бұл мәселенiң тиiмдi жақтары өте көп. Себебi, Қазақстан Республикасының Президентi елiмiздегi билiк көздерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасап, Конституциялық құрылымның сақталуына кепiлдiк бередi.

       Мемлекеттi басқару нысандары Парламенттiк  Республика нысанында болса, демократия үрдiстерi әлi қалыптасып болмаған, бiздiң мемлекеттiң жағдайында көп проблемалар тудыруы мүмкiн едi деп ойлаймын.

       Сонымен, мен өзiмнiң курстық жұмысымды қортындылай келiп, мемлекеттi басқару нысандарының аса маңызды рөль атқаратындығына көз жеткiздiм.

       Қазiргi кезде өзiнiң даму денгейi тым төмен мемлекеттердiң мемлекеттiк басқару нысандары өзгермейiнше олар экономикалық, саяси жетiстiктерге жетуi мүмкiн емес деп айтуға толық негiз бар дер едiм.

Информация о работе Республикалық басқару нысанының мәні