Республикалық басқару нысанының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.

Работа содержит 1 файл

республикалық басқару нысаны.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

       КІРІСПЕ 

       Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттiң басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.

       Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етедi. Адамзат қоғамы дамып мемлекеттiк құрылым күрделенген сайын мемлекеттi басқарудың нысандары да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары сан алуан болып келедi. Егер мемлекеттi басқарудың нысаны ұтымды болатын болса мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды. Жалпы мемлекеттi басқарудың нысанына осы күнге дейiн көп көңiл бөлiнiп келгенi рас және бұл мәселе бойынша ғалымдар арасында әртүрлi көзқарас әлi де болса орын алуда. Мемлекеттi басқарудың нысаны демек осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн яғни, актуалдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады.

       Биліктің  тармақтарға бөлінуінен біз ол органдардың  өз құзыреттерін жүзеге асыру үшін тиісті биліктік механизмі болатынын  көреміз.

       Мемлекеттік билік әр түрлі қоғамдық қатынастарда өзінің қызметін тиісті жағдайда жүзеге асыруы керек. Билікті жүзеге асыруды бір қалыпқа келтіру үшін билік тармақтарының жузеге асыратын қажетті тетігі болады.

       Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.

       Курстық жұмыстың міндеттері:

    • Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
    • Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
    • Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
    • Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.

       Менiң  курстық жұмысымның тақырыбына арқау болған осы мәселелер туралы әдебиеттерде аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан мен аталған мәселелер бойынша өз бетiмше құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiм келедi. Сондай-ақ мен осы курстық жұмыс барысында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерiде қарастырылып кеттi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       1 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

       1.1 Республикалық басқару нысанының мәні

 

       Басқару нысаны дегеніміз атқару органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде  және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері өздерінің сипаты мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

       Басқару нысандары мынадай екі топқа  бөлінеді:

         а) атқару билігін жүзеге асырудың  нысаны;

       ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны.

       Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі  бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крийтерилерді пайдалануға болады. Јкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық, моральдық, эстетикалық, психологиялык, құқықтық құралдар.

       Республика  аталымының шығу тегінің өзі халықпен тығыз байланысты. Цицерон «Respublika est res populi» - «мемлекет бүкіл халықтың төл ісі» деп атап көрсеткен. Республикамызда билікті халықтың өзі белгілі бір мерзімге сайлаған өкілетті органдары атқарады».

       Республика  (латын сөзiнен - мемлекеттiк, қоғамдық iс) – мемлекеттік басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билiгi сайлаушылардың еркiмен, не олардың өкiлеттiк органдарымен белгiленедi.

       Республиканың белгiлерiне:

       - өкiметтiң сайлануы;

       - белгiлi уақытқа ғана сайлау;

       - сайлаушылардың ерекше тәуелдiлiк.

       Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында  болатын мемлекет. Республиканың  қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны.

       Республика  үшін басқару тұрпаты ретінде  мемлекеттегі жоғарғы билік заңымен  белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының болуы шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығарушы орган (президент, төраға, кейде алқалы президиум) болып табылады. Республиканың, тұтастай алғанда мемлекеттің өзі сияқты, тарихи ұзақ, алайда ол мемлекеттік – ұйымдасқан қоғамның алғашқы кезеңдеріне кең тарала алады, басқарудың басқа нысаны – монархияға жол береді.

       Ол  антик. дәуірде ежелгі монархияларға  қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде  пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді.

       Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық  билігі қағидаларын жүзеге асыруға  мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси инттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады.

       Республика  қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

       1.2 Республикалық басқару нысанының түрлері 

       Мемлекет  нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы  саяси өмiрдiң өзi, мемлекеттiк институттардың берiктiгi тәуелдi.

       Мемлекеттiк  басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттiк үкіметтiң ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртiптi және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

       Мемлекеттi басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнуге мүмкiндiк бередi: мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай; жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр; жоғарғы мемлекеттiк билiк пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған; жоғарғы мемлекеттiк органдардың ұйымдастыру қызметi азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкiндiк бередi.

       Мемлекет  басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледi.

       Республиканың бірнеше түрі бар:

    1. Президенттік;
    2. Парламенттік;
    3. Аралас.

       Президенттiк  басқару нысандары әр елде әр түрлi болады. Президенттiк басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

       1. Президенттi Парламентсiз сайлау  және үкiметтi құру тәсiлi;

       2. Үкiметтiң Парламент алдында емес, Президент алдындағы жауаптылығы;

       3. Парламенттiк республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкiлеттiгiнiң көбiрек кеңдiгi.

       Президенттiк  Республика қазiргi қездегi мемлекеттiк  басқарудың бiр нысаны ретiнде Қазақстан  Республикасында парламентаризммен  қатар, Президенттiң қолына мемлекеттiң  басының және үкiметтiң басшысының өкiлеттiгiн жинап бередi.

       Президенттiк республикада, Президент парламенттен тәуелсiз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тiкелей халықпен сайланады және ол бiр мезгiлде мемлекеттiң және үкiметтiң басшысы қызметiн атқарады. Ол өзi үкiметтi тағайындайды және оның жұмысын өзi басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкiметке сенiмсiздiк вотумын жариялай алмайды, ал Президент - Парламенттi таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегiмен Президент пен Үкiметтiң жұмыстарын шектеуге мүмкiншiлiгi бар және бюджеттi құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президенттi жұмысынан аластауы мүмкiн. Президенттiң өз жағынан, заң шығарушы органның шешiмiне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар.

       Парламенттік  республикада жоғары билік органдары  жүйесіндегі түйінді орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік шығаратын болса, соңғысы отставкаға кетеді. Кейбір елдерде парламент сондай-ақ мемлекет басшысын сайлайды, алайда бұл үнемі бола бермейді — мысалға, Австрияда президент жалпыға бірдей сайлау құқық негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік парламенттік республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болып табылады.

       Аралас  республиканың сыйпатына үкiметтiң  екi жақты жауапкершiлiгi жатады – президенттiң алдында және парламенттiң алдында. Мұндай республикада президент және парламент тiкелей халықпен сайланады. Мемлекеттiң басшысы Президент болып есептеледi. Ол үкiметтiң басшысы және министрдi саяси күштердiң парламенттегi бөлiнуiне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегiдей министрлер кабинетiнiң отырысында төрелiк құрып, оның шешiмiн бекiтедi.

       1.3 Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері  

       Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика.

       Президенттік  республиканың басты сипаты —  президент қолына мемлекет басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шошғырланады (мысалы, Аргентина, Боливия, АҚШ, Өзбекстан).

       Президенттік  республиканың алғашқы тарихи әрі  үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз қажет", — деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега болып отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекеттарапынан қиянат етушілікті болдырмайынша тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды. Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі ережелерден тұрады:

       1. Барлық штаттар тең құқыққа ие болады. Жалпы халықтық үкімет бұлардың бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.

       2. Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың бірі — заңдар шығару үшін, екіншісі — оны орындау үшін, ал үшіншісі — құқықтық мәселелерді шешу үшін құрылады.

       3. Заң алдында барлық азаматтар  тең, бай да, кедей де, әлеуметтік  дәрежесіне қарамай, өз құқықтарының  заңмен қорғалуын талап ете  алады.

       4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі  болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Бірде-бір үкімет қызметкерінің билікті конституция немесе занда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына болмайды.

       5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады.

       6. АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы,  конгресс заңдары мен келісім-шарттары  ең жоғары зандар болып табылады.

Информация о работе Республикалық басқару нысанының мәні