Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:00, реферат

Описание работы

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Содержание

I.КІРІСПЕ
1.1 Мемлекет механизмі мен функциялары
II. Негізгі бөлім:
2.1.Мемлекеттің ұғымы
2.2.Мемлекеттің функциялары
3.1. Мемлекет механизмі түсінігі
3.2Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
3.3. Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
III.ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

органдардың түрлері және қызметі.doc

— 132.00 Кб (Скачать)
fy">      Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін  атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.

      Талаптар  – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері. 

    Принцип түрлері:

  1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты – адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
  2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
  3. Билік бөлінісі  қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
  4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
  5. Жариялық қағидаты – құқық субъектілерінің белгілі бір нақты  мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
  6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі  жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
  7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды  үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға  қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
  8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару ісінде  жекелендіру  мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
  9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты  немесе тең орында тұрады.

           Мемлекеттің саяси режимі:

      Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік  өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің  жиынтығы.

      Саяси режімдердің түрлері:

           а) демократиялық;

           б) антидемократиялық;

      Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:

          а) авторитарлық;

          б) тоталитарлық;

          в) фашистік  режимдер болып  жіктеледі. 

            Демократиялық саяси реждимнің белгілері:

  1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
  2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
  3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
  4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.

           Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

  1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
  2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте  үстемдік етуші идеология орнығады.
  3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
  4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
  5. Жаппай қуғын-сүргін  және заңсыздықтар орын алады.
  6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде  көрініс табады, олар диктатура орнатады.

          Тооталитарлық режимнің белгілері:

  1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік  биліктің ұйытқысы болады.
  2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
  3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
  4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы  басқарылады.
  5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің  жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
  6. Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек.

     Тікелей Қазақстан аумағыңда мемлекеттің  пайда болуы мұнда мемлекеттің  ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды, Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды.

     Қазақстанның  біртұтас мемлекеттік билігінің  тармақтарға бөліну принципі Конституцияда  белгіленген негізгі принциптердің  біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы — Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді. 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Мемлекет  және құқық негіздері. Оқулық -2001.
  2. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
  3. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998
  4. Қайрат Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының  мемлекет және құқық негiздерi. 2004
  5. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А.2000
  6. А. В. Малько Теория государства и права М.: «Юрист» 2000
  7. В. Н. Хропанюк Теория государства и права  М. «Интерстиль» 1997
  8. Основы права: Учебно-методическое пособие./ Под ред. профессора В.В. Лазарева. – М.: Юристъ, 1996.
  9. Платон, диалоги «Законы», «Государство»; Аристотель «Афинская полития»; Цицерон, диалоги «О государстве», «О законах» и т.д. // Антология мировой философии: Античность. - Харвест, М.: ООО «Издательство ACT», 2001.
  10. Протасов В.Н. Теория права и государства. Проблемы теории права и государства: Вопросы и ответы. — М.: Новый Юрист, 1999.
  11. Теория государства и права: Учебник / Под ред. М.Н. Марченко. - М.: Издательство «Зерцало», 2004.
  12. Теория государства и права: Учебник. — М.: Юристь, 2002.
  13. Теория права и государства. Под ред. проф. Г.Н. Манова. Учебник для вузов. – М.: Бек, 1995.
  14. Лазарев В.В. Теория государства и права. М., 1993.

Информация о работе Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі