Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:00, реферат
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
I.КІРІСПЕ
1.1 Мемлекет механизмі мен функциялары
II. Негізгі бөлім:
2.1.Мемлекеттің ұғымы
2.2.Мемлекеттің функциялары
3.1. Мемлекет механизмі түсінігі
3.2Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
3.3. Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
III.ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Функция - заң ғылымда мемлекет пен құқықтын алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Казіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамнын таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады.
Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтын рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсару ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады.
Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің негізгі белгілері:
-қызметтің
жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының
мазмұны
және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
-функция сарапталып, жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;
-мемлекеттің
қызметі аппараттарының
-мемлекет функциясы қоғамдық көлемінде жүргізіледі;
-мемлекеттің
атқаратын қызметін
әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
-жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
-мемлекеттік
органдарға көмек көрсету
-материалдық-техникалық
операциялар жүргізу:
іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік
актілерді басып
шығару т.б. құжаттардың өмірге келуін
қамтамасыз ету;
-әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
-мемлекеттік
органның тәжірибелерін
жасау;
-мемлекеттің
қызметі туралы қоғамдық
ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын
жинақтап қорытынды
жасау.
Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады.
Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «А» Президент, Премьер-министр. Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «Б» бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «В» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егерде қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: -адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп-басқарады.
Сонымен
мемлекеттің функциясы —
Мемлекеттің
функцияларының қалыптасу себептеріне
қарай екі түрге бөледі: таптық
қайшылықтарды реттеу функциясы және
жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде
таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып,
монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек
қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция
жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің
көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы
деп екі күрделі топқа бөледі.
Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;
екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту;
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);
төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
Екіжақты
пайдалы қарым-қатынас
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен,
олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын,
мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы
тәуелсіздігін қорғайтын
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік
өкілеттіктердің көлемі
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а)
Құзырлары жалпылама болып
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Информация о работе Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі