Мемлекеттің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:19, реферат

Описание работы

Мемлекеттің пайда болу туралы сұрақ даулы болып келеді, себебі этнографиялық және тарихи ғылымдар осы туралы жаңалықтармен барған сайын толықтыруда.Мемлекеттік пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, соның ішінде негізгілері мыналар болып табылады:
1. Діни теория. Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі замандағы Маритен, Мерсье. Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді. Жердегі тіршілік атаулының барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп орнату үшін құдайдың жіберген құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан)” деген тезисті уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап айтқанда, алғашқы мемлекеттердің

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің пайда болуы.doc

— 73.50 Кб (Скачать)

3. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.

Конфедерациялардын империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.

Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.

Достастық – бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.


Информация о работе Мемлекеттің пайда болуы