Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:19, реферат
Мемлекеттің пайда болу туралы сұрақ даулы болып келеді, себебі этнографиялық және тарихи ғылымдар осы туралы жаңалықтармен барған сайын толықтыруда.Мемлекеттік пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, соның ішінде негізгілері мыналар болып табылады:
1. Діни теория. Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі замандағы Маритен, Мерсье. Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді. Жердегі тіршілік атаулының барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп орнату үшін құдайдың жіберген құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан)” деген тезисті уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап айтқанда, алғашқы мемлекеттердің
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болу туралы сұрақ даулы болып келеді, себебі этнографиялық және тарихи ғылымдар осы туралы жаңалықтармен барған сайын толықтыруда.Мемлекеттік пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, соның ішінде негізгілері мыналар болып табылады:
1. Діни теория. Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі замандағы Маритен, Мерсье. Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді. Жердегі тіршілік атаулының барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп орнату үшін құдайдың жіберген құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан)” деген тезисті уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын – абыздардың билігін, храмның рөлін, діни және әкімшілік орталықтардың арасындағы биліктің бөлінуін көрсетті.
2. Патриархалдық теория - мемлекеттің бүлінген, ыдыраған отбасынан пайда болғандығын қарастырады, ал монархтың билігін отбасы мүшелеріне билік жүргізетін әке билігінен туындатады. Ірі патриархалдық отбасының басшысы біртіндеп мемлекеттің басшысына – монархқа айналған. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігін дәлелдеуге бағытталған теория, бұнда биліктің қайнар көзі жаратушыдан емес, тек отбасының басшысы, патриархтың шексіз билігі болған отбасы нысандарынан бастау алады деп түсіндіреді. Бұл теория Грецияда туындаған, Аристотелдің еңбектерінде негізі қаланды, бірақ ағылшын ғалымы Фильмердің еңбектерінде дамуын тапты.
3. Шартты теория – ХУП-ХУШғғ. кеңінен тарады. Голландиядағы оның жақтаушылары Гуго Гроций және Спиноза, Англияда - Д.Локк және Т.Гоббс, Францияда - Ж.-Ж. Руссо, Ресейде - А.Радищев болды. А. Радищевтың айтуы бойынша билік халыққа тиесілі, бірақта олар оны монархқа берген, соған қарамастан ол халықтың бақылауында болады деп ұйғарады. Келісімшарт теориясы бойынша мемлекет адамдар қатысатын келісімшарттың нәтижесінде туындайды, осыған сәйкес адамдар өз бостандықтарының, құқықтарының, биліктерінің біраз бөлігін мемлекетке береді, ал өз кезегінде мемлекет оларды қорғауға кепілдік береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттік пайда болуының негізі күштеу, ереже бойынша, бір халықтың екіншісін жаулап алуымен – деп түсіндіреді. Жеңімпаз жаулап алған халықты билеу үшін, күштеп, зорлық – зомбылық жасап өзіне бағындыру үшін мемлекет құрады. Күштеу теориясы ХІХғ. Пайда болды, оның өкілі Л.Гумплович,К.Каутский , Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының сезімдерінің көрінісі: бағынуға мұқтаждық, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның элитасынан байланыстылығын түсінумен, іс- әрекетті нақты варианттарының әділеттілігін мойындау – деп түсіндіреді.
6. Органикалық теория. Өкілдері Г.Спенсер, Вормс, X. Прейс – бұл тірі организмнің мүшелері арасындағы тұрақты байланыстарға ұқсас бөлімдері арасындағы тұрақты байланысы бар организм, яғни мемлекет – биологиялық эволюцияның бір түрі болып табылатын әлеуметтік эволюцияның жемісі деп санайды. Мемлекет биологиялық организмнің бір түрі бола отырып, миы (басқарушылары) және оның шешімдерін орындайтын құралдары (бағынушылары) болады..
7. Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы – олардың алғашқы деспотиялық нысандарының пайда болуын шығыс аграрлық облыстардағы ірі суландырғыш құрылыстарын салу қажеттілігімен байланыстырады. Бұл теория қазіргі неміс ғалымы К-А. Виттфогелдің еңбектерінде көрініс тапты.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пада болуын әлеуметтік – экономикалық факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері — К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин – мемлекетті бір таптың екіншісіне үстемдігін сақтау және қолдау мақсатында, сондай –ақ қоғамның біртұтас организм ретінде өмір сүріп және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында пайда болды деп санайды.
Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы – әр түрлі елдерде алуан түрлі жүрген ұзақ процесс.
Шығыста “азиаттық өндіріс тәсілі” сияқты нысаны кеңінен тарады (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.). Бұл жерлерде рулық қауымның әлеуметтік – экономикалық құрылымы - қауымдық жер, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты болып, ұзақ уақыт сақталды. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер, таптық кезеңге дейінгі мемлекеттер болды, сонымен қатар ауылдық қауымдастықтарды қанады және басқарды, яғни өндірісті ұйымдастырушылар ретінде қатысты.
Афина мен Римде бұл процесс басқа тарихи жолмен жүрді, бұл елдерде құл иеленушілік мемлекет жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі нәтижесінде пайда болды, Афина – бұл мемлекеттік пайда болуының нағыз классикалық нысаны, себебі мемлекет рулық қауымның ішінде туындаған таптық қарама – қайшылықтың нәтижесінде пайда болады. Римде мемлекеттің құрылуы құқықсыз, римдік рудан тыс өмір сүрген плебейлердің рим ақсүйектеріне – патрицийларға қарсы күресімен тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы ауқымды бөтен жерлерді (территорияларды) жаулап алып, осы жерлерге үстемдік ету рулық қауым бейімсіз болуымен байланысты болды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына түрткі болған 10-12 мың жыл бұрын өткен неолиттік революция болды, оның мәні өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында адам табиғаттан дайын өсімдікті және жануарларды иемденумен байланысты қарапайым еңбек құралдарымен тіршілік ету нысанынан табиғатты қайта жаңартуға және тамақ өндіруге бағытталған еңбекке өтуі, яғни иемдену экономикасынан өндіретін экономикаға өткен кезде болды. Сонымен, мемлекет сыртқы емес, ішкі факторлардың әсерінен объективті түрде туындайды.
Мемлекет мәні. Мемлекет типологиясы
Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2. Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3. Салық жүйесі.
4. Егемендік..
5. Құқық.
Мемлекеттік
билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі
болып табылады. Бұл мемлекеттік
мәжбүрлеуге сүйенетін
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет
мәнін түсіндіру мемлекет және құқық
теориясының негізгі міндеттері
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі
Мемлекет функциялары. Мемлекет механизмі
Мемлекет функциясының түсінігі. Мемлекет функцияларының классификациясы. Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмінің құрылымы.
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті.
5.Өкілеттіліктерінің
мерзімі бойынша- тұрақты (
6.Құзырлығының сипаты бойынша – жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Мемлекет нысаны (құрылымы). Қазақстан Республикасының нысаны (құрылымы)
Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.