Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:25, курсовая работа
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Атап айтар болсақ, біздің пікірімізше билік иесі болу деген - әркез иненің ұшында, қылыштың қырында отырумен бірдей қиын шаруа. Кейде бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған ағайындылардың өзі тіл табыса алмай, жағы жыртысып жатады. Біз қанша жерден мемлекеттік билік органдарында отырған үлкендерімізді жер-жебіріне жетіп даттасақ та, біз үшін, яғни қалың халық үшін олардан артық жанашыр адамдар жоқ. Себебі қырық рулы елдің басын қосып ортақ мәмілесін табу, бірлігін сақтау, ішкі сыртқы саясатын, мәдениетін орнықтыру қуатын арттыру қолдан келе бермес машақатты да мәртебелі іс. Біз осыны бағалауға тиіспіз.
Қазақтың біртуар ақыны М. Шаханов айтпақшы:
«Алмас қылыш секілді халық деген
Ұстайтындар аз оны парықпенен
Қайрай білу – бір өнер
Жұмсай білу - бір өнер
Құрай білу – бір өнер».
Ендеше біз осындай «саяси үлестірушілердің» барлығына тәубе келтіруіміз керек. Соттар пара алады дейміз, мейлі. Егер парақор болсын, жалақор болсын қоғамымызда әділетті «ішінара» болса да қалпына келтіріп отырар соттар болмаса, адамдар бірін-бірі түтіп, жұлып тастамас па еді?!
Қорыта айтқанда, біз мемлекеттік биліксіз, басқарусыз өмір сүре алмаймыз. Өйткені мемлекет – алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі өркениетті заманға дейінгі даму сатысында қоғамдық қажеттілік.
Тіршіліктің өзі жалқы мен жалпыдан, билеуші мен халықтан тұрған. Бұл екі таптың арасындағы қарым-қатынас, жоғарыда өзіміз айтқандай, қай дәуірде де тарих сахнасынан түспей келген.
Арабтың атақты жиһангезі әл-Идрисиі «Әміршінің әйелі билікке араласса, құлдың қатынының да аузы қышып тұрады», - деген екен, Орта-Азияны аралаған сапарында.
Иә, билік жүрген жерде қызғаныштың қызыл оты өшпейді, билік лауазымға жетер жол, кейде тым жақын көрінгенімен, аса жауапты, әрі қатерлі. Жауаптысы – соңында қалың халық. Олардың бары мен жоғы, бағы мен соры сенің қолыңда. Қатерлісі - әр басқан адымыңды, әрбір ауыз сөзіңді аңдыған дұшпаның да аз емес. Сондықтан да болар, небір аламан-асырды бастан кешіп, саясаттың ойы мен қырын тегіс кезген билердің бірі:
«Әмірші қашанда ел арасынан шыққан айбатты әрі ақылды адамдарды жанына жинаса, абыройға бөлінеді. Олардан сақтанып, қорқып, сыртқа тепсе, өзіне бітпес жау әзірлейді. Ондай адамдардың бірі мыңға татиды», - деп кейінгіге ұлағат тастап кеткен.
Халқымыз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп, ауздарынан ақ арылмауы үшін ел басшымыз, Президентіміз мемлекеттік билік органдары өзара ықпалдастық пен мүдделестікке болуына жағдай жасауы тиіс.
Міне, біз осылайша талғам-түсінігіміздің шеңберінде мемлекеттің пайда болуы жайында әңгіме өрбіттік. Осы еңбегіміз өзгелердің көңіліне қонып, өзінше бағаланып жатса, оны мақсатымыздың орындалғаны деп білейік.
Иә, тағдыр біздің мемлекетіміздің жолындағы небір қиын сүрлеу-соқпақтардан мүдірмей өткізе көрсе екен деп тілеймін. Мына көршілес қырғыз бауырларымызда болып жатқандай сұмдықты бізге көрсете көрмегей!
І. Нормативтік–құқықтық актілер:
І. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95 ж. қабылданды, А. 1995 жарыққа шықты. Өзгертулер мен толықтырулар 7.11.98ж. А.1995 енгізілді.
І. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң. 16.12.91 ж.
І. 3. Егемендік туралы декларация. 25.10.90 ж.
І. 4. «Қазақстан Республикасының президенті туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы 26.12.95 ж.
І. 5. Назарбаев Н.А. Қазақстан халықына Президенттің Жолдауы – 2030. Казахстанская правда. 11.10.97 ж.
І. 6. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздік мемлекет ретінде Қазақстанның дамуын қалыптастыру стратегиясы. Алматы, 1992 ж.
І. 7. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы, 1996 ж.
ІІ Арнаулы әдебиеттер:
ІІ. 1. Алексеев С.С. Теория права, 2 изд., М. 1995
ІІ. 2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері., А.2000
ІІ. 3. Венгеров А.Б. Теория государства и права., М. 1999
ІІ. 4. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы., А. 1999
ІІ. 5. Левшин Р.З. Государство и право в современном обществе. Теория права.
ІІ. 6. Марченко М.К. Теория государства и права., М. 1996
ІІ. 7. Өмірбекова Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы., Жезқазған 2000
ІІ. 8. Лазарева В.В. Общая теория государства и права., М. 1996
ІІ. 9. Петров В.С. Сущность, содержание и формы государства., Л. 1971
ІІ. 10. Сырых Теория государства и права., 1998
ІІ. 11. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы., А.1998
ІІ. 12. Сапарғалиев Ғ.С. Теория государства и права Казахстана., А.1994
ІІ. 13. Марченко М.Н. Проблемы теории государства и права., М. 2001
ІІ. 14. Матузова Н. Теория государства и права, курс лекций., М. 1997
ІІ. 15. Корельский В.М. Теория государства и права., М. 1997
ІІ. 16. Марченко М.Н. Теория государства и права., М. 1999
ІІ. 17. Лазарева В.В. Теория государства и права., М. 1997
ІІ. 18. Храпанюк В.И. Теория государства и права., М. 1995
ІІ. 19. Юридический справочник для населения, 2 изд. М. 1989
ІІ. 20. Өзбекұлы С. Хан Тауке и правовой памятник Жети Жаргы., А. 1998
ІІ. 21. Левшин А.И. Учебное пособие., М. 1997
[1]
[2]
[3]
[4]
[5]
[6]
[7]
[8]
[9]
[10]
[11]
[12]
[13]