Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:25, курсовая работа
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
23
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.
Бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттің пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман болса келешекте ғалым, заңгерлеріміз мемлекеттің пайда болуы туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз!
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет етеді. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады.
Жұмыс барысында мемлекеттің пайда болуы хақындағы жинақталған білімді сараладым, сонан кейін қолдан келгенше өзім ой түюге әрекет жасадым.
Мемлекет - саяси жүйенің басты институты және оның қызметінде саясаттың негізгі мағынасы топталады.
“Мемлекет” атауын екі мағынада ұғынуға болады. Сонымен, кең мағынада “мемлекет” тиісті бір территорияда орналасқан және жоғарғы үкімет органдары бар ел, қоғам, халық ретіндегі түсінікті білдіреді. Екінші мағынасында “мемлекет” атауы ол тиісті бір территорияда жоғары үкіметке ие болған ұйым.
Мемлекеттің пайда болып, дамуына мүмкіндік еткен себептерге көңіл аударған жөн. Мысалы:
- Қоғамдық еңбекті бөлуді дамыту, басқару еңбегін әдейі салаға бөлу;
- Қоғамды басқару ісін күшейтуге құштарлықтың пайда болуы және ол үшін мемлекет құруды талап етушілік;
- Қоғамдық өндірістің барысында жеке меншіктің, таптар мен қанаушылықтың пайда болуы;
- бір халықты басқа халықтың жаулап алуы;
- халықтың саны мен тығыздығының өсуі, халықтардың көшпеліктен отырықшы өмірге көшуі;
- жағрапиялық жай-күйі, ауа-райы жағдайы және сол сияқтылар.
Мемлекет пен құқықтың танымын мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтан бастау қажет – адамзат қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт әрдайым болды ма, әлде ол қоғамның дамуының анықталған деңгейінде пайда болды ма? Тарихи логикалық қағидасын жүзеге асыратын осы әдістемелік көзқарас қана, мемлекеттің пайда болуының себептері мен нысандарын, оның сипаттық мүмкіндік белгілерін, қоғам өмірінің алдыңғы ұйымдастырушы нысандарынан айырмашылығын білуге мүмкіндік береді.
Осы себептен алғашқы қауымдық қоғамның жақтарының мінездемесінен бастауға, тікелей осы қоғамды зерттейтін археология мен этнографияның мағлұматтарын пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда археология мен этнографияның жетістіктерінің арқасында алғашқы қауымдық қоғам туралы, оның дамуының сатылары туралы білім едәуір байыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның бұл жаңаша түсінуінде ең алдымен осы қоғамның дамуы мен алғашқы қауымдық тарихтың кезеңдігін сипаттайтын білімдерді ажырату қажет. Басқаша айтқанда, бұл қоғамның өзі ешқашан баптық болған жоқ, ол дамыды және түрлі деңгейлерден өтті. Бұндай кезеңдіктің бірнеше түрі ажыратылады - жалпы тарихтың археологиялық, антропологиялық. Мемлекет пен құқық теориясы үшін археологияның жаңа мағлұматтарын негізге алатын және алғашқы қауымдық қоғамның дамуының ең негізгі шегі ретінде «неолиттік төңкерісті» ажырататын кезеңділік айрықша әдістемелік құндылыққа ие.
Неолитте иемденушіден өндіруші шаруашылыққа өту кезінде қалыптасқан адамзат өмірінің барлық салаларындағы қағиданың сапалы төңкерісті сипаттай отырып, бұл түсінікті тарихи ғылымға ХХ ғасырдың ортасында енгізілді.
Алғашқы қауымдық қоғам өмірінің барлық материалдық негізін, оның әлеуметтік және рухани құрылымын өзгерткен бұндай көшу, бірнеше мыңжылдықтарға созылып кеткенімен, әділетті түрде төңкеріс деп аталады.
Бұл кезеңділік қай алғашқы қауымдық қоғам туралы, ол қандай уақыт шегінде өмір сүргендігі туралы, қоғамның әлеуметтік және рухани құрылымы қандай болғандығы туралы, адамзат қандай өмір сүрудің нысандарын пайдаланғандығы туралы нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғам теориясы үшін иемденуші экономикасы бар қоғамда және өндіруші экономикасы бар қоғамда қандай әлеуметтік - жүйелер мен билікті ұйымдастырудың қандай нысандары қызмет еткендігін нақты анықтауға мүмкіндік туды.
«Неолиттік төңкерістің» әлеуметтік экономикалық экологиялық мәні мынада болады - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамзат дайын жануарлық және өсімдік нысандарын иемденумен тағам өндіруге бағытталған шынайы еңбектік қызметке; жаңа жануарлық өсімдік нысандарын тауып, олармен табиғи қарапайым нысандарды алмастыруға көшті. Бұл көшу жер шарындағы ғана емес, сонымен қатар ең алдымен керамикалық бұйымдарды дайындау, металлургия, металл өңдеу тәрізді өзге де өндірістік қызметпен ұштасты.
4-3 мыңжылдықтарға қарай өндірістік экономика адамзаттың өмір сүруінің 2-ші негізгі әдісі болып табылады.
Өндірістік экономикаға көшудің негізіне азаматтық өмір сүруіне қауіп төндірген дағдарыстық құбылыстар жатыр.
Барлық өзінің әлеуметтік және шаруашылық ұйымдастыруының қайта құруымен жауап беріп адамзат глобалді экономикалық дағдарыстан шыға алды. Бұл қайта құруға биліктік қатынастардың жаңа құрылуы да кіреді, яғни, мемлекеттік бірлестіктер мен ертетаптық қана мемлекеттер.
«Неолиттік төңкерістің» нәтижесі болып жер шарының кейбір аймақтарында ерте жер өңдеуші қоғамдардың пайда болуы табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың келесі сатысында ерте жер өңдеуші қоғамдардың өркендеуі орын алды. Олардың негізі алғашқы өркениеттер мен ертетаптық қоғамдардың қалыптасуы болды.[1]
Осылайша «неолиттік төңкерістің» - адамзаттың өндіруші экономикаға көшуі – алғашқы қоғамдық қауымды объективті түрде өзінің ішкі дамуының әсерінен финалды шекке, яғни, қоғамның әлеуметтік қабаттануына, таптардың пайда болуына, мемлекеттің туындауына жетті.
Әдетте, ежелгі мемлекеттік құрылымдар заңды түрде ерте жер өңдеуші қоғамның әлеуметтік негізінде пайда болғандықтан ертетаптық мемлекеттер ретінде сипатталады.
Бастапқыда олар қала мемлекеттер ретінде пайда болды. Еркін одақтастар – жер өңдеушілер тұратын ауыл, енді рулық емес, көршілік одақты ұсынады. Ол алғашқыда ауылдар тобынан шаруашылық діни орталыққа бөлініп шығып, әлеуметтік шаруашылық діни қала орталыққа айналады. Қала мемлекеттік әлеуметтік дифференциацияны, мүліктік қабаттануды нақты біледі. Бұнда ең бірінші бөлінісі территориялық болып бекітіледі, құмырашылар, мысшылар т.б. қолөнершілер кварталдары пайда болды, беделділер бөліне бастады, басқарудың бастапқы аппараты - өндірісті ұйымдастырудың, есеппен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы, қоғамдық қорлардан алынатын төлемдер тағы басқаларымен айналысатын тұлғалар қалыптасты.
Қала мемлекетте әкімшілік идеологиялық басшылықтың 3 басқару орталығы ұйымдастырылады: қалалық одақ, сарай, храм.
Қала басқа шектесетін ауылдарға қатысты мемлекеттік басқару қызметін атқара бастады. Бұл қызметтер алуан түрлі қауымдық, жер өңдеу, жер иеленуді басқару, қоғамдық ритуалды дәстүрлерді орындау.
Осылайша, мемлекеттік адамзат өндіруші экономикаға көшетін неолиттік төңкеріс нәтижесі, яғни қоғамдық өмір сүруінің материалдық жағдайларының өзгеруі осы өмірдің жаңа ұйымдастырушысы еңбек нысандарының қалыптасуы үрдісінде қоғам өмірінің жаңа ұйымдастырушысының нысаны пайда болды.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Мемлекет мәңгілік табиғатқа ие емес, ол алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ, тек осы қоғамның дамуының финалды негізінде адамзаттың өндірістік және өмір сүруінің жаңа ұйымдық - еңбектік үлгісімен байланысты себептерде пайда болған.
Мемлекеттік билік оның шығу тегі теориялық зерттеудің маңызды объектісі. Ерекше айта кететін жайт, қазіргі кездегі мемлекет теориясында билік арасындағы, олардың ұйымдастырылуы және экономикалық иемдену және экономикалық өндіруші қоғамында, топқа дейінгі және топтық қоғамда жүзеге асырушы үшін арасында ерекшеліктерді жүргізу керек.[2]
Батыстағы отандық мемлекет пен құқық теориясына эквивалентті қоғамдық ғылымдардың кейбір шеңберінде, бірақ мұндай ерекшеліктер әрқашан ескерілмейді, алғашқы қоғамдық қоғаммен ерте таптық қоғам билігі арасындағы шекара өшіріліп қалады. Былайша билік ерте таптық қоғамда мемлекеттік болады, қанаушылық қатынасын бекітуі мүмкін, озушылықтың артықшылығын бекітіп, қамтамасыз етіледі, оның көмегімен негізгі өндірісітк салаларға белгілі бір топтың меншігі бөлінеді және осы тап билік етушіге айналысатыны толық анықталмайды.
Осылайша, тапқа дейінгі эгалитарлық қоғамға қарағанда (эголите - теңдік) таптық қоғамда билік саяси болады. Бұл топқа дейінгі және таптық қоғамдағы биліктердің қағидалы ерекшеліктеріне негізделеді.[3]
Мысалы, бүкіл жерде тікелей өндірушілердің еңбегіне басқарушы бойынша еңбекті ауыстыру болады және осы ауыстырудың басшылық ету бойынша еңбекке сыйақының ұйымдастырушылық үлгісі туралы ғана әңгіме болуы мүмкін.
Осылайша мемлекеттік билік әр түрлі жолдармен тарихи дамиды: әскери-иерархиялық құрылым арқылы, қоғамдық лауазымдардың династиялық монополизация (аристократиялық жол) және экономикалық билік етуші таптың артықшылығын, жағдайын бекіту жолы (плутократиялық жол). Енді, мемлекеттің пайда болуымен тағы бір маңызды қоғамдық дамудың ерекшелігі бар. Бұнда әңгіме қоғамдық дамудың бірдей еместігі туралы, яғни адамзаттың белгілі бір тарихи кезеңдерді отрядтармен өтуі туралы. Бұл процеске объективті ғана сәйкес, субъективті факторлардың да әсер етуі туралы, бұл ең бір фундаментальді заңдылықтардың бірі. Осы заңдылық мемлекеттің пайда болуының әр түрлілігіне әкеп соқтырады.
Бұл заңдылық топтық қоғам мен алғашқы қауымдық арасында жүрген қадамдар арасындағы байланыстың пайда болуына көмектеседі. Оларға сауда, әскери, мәдени, технологиялық байланыс жатады. Осында мемлекеттік байланыс та жатады.
Бірақ олар тек қоғаммен бейімделген жағдайда, қоғам мемлекетпен белгілі бір байланысқа түсуге дайын кезде және оларға белгілі бір әлеуметтік күштер қызығушылық білдірген кезде ғана өз ролдерін ойнай алады.
Бұндай кезде қазіргі кездегі мемлекет теориясында бірінші, екінші, үшінші мемлекеттердің концепциясы пайда болады. Бұның өз мәні бірінші мемлекет қоғамдық өндірістік, әсіресе жер өңдеу шаруашылығының тез өсуіне жағдай жасаған жерлерде дамиды.
Бұндай зонада топтық құрылымдардың және мемлекеттік құрылымдардың орталығы құрылады. Келе-келе олар өздерінің қанаушылығын және оның қамтамасыз ету үлгісі жүзеге асырды. Бұндай қорғалған қоғамда 2 мемлекет пайда болады.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Ол осы құбылыстардың пайда болуын олар түрлінше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі топқа қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі топ нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей (туғызу үшін туғызған) топты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандайда мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып бай үстем таптың игілігін көздеп, мүддесін қорғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.