Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
1.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтылық пен прогрестің басты факторы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

м п б.docx

— 38.78 Кб (Скачать)

Тарихи теория – осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

Психологиялық теория –  XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіпп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Яғни, адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді. 
       Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы. 
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды. 
          Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.  
       Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта тұңғыш дербес  қазақ хандығының негізі қаланып,  Жәнібектің ұлы Қасым ханның  тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке  айналды. Қасым хан қазақтың  құқықтық әдеттерін жүйелеп «Қасым  салған қасқа жолды» тұжырымдап  берді. Ол бес тараудан тұратын:

Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).

Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері).

Әскери заңдар (цосын, аламан, әскеры міндет, тулпар ат, цара қазан мәселелері).

Елшілік жоралары (майталмандъщ, шегаендік, сыпайыльщ, әдептілік).

Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. 6,).

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.

Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.

 

 

1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтnылық пен прогрестің басты факторы

Тарихи ауқымында бул  уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, мемлекетттік дамудың сапалық жағынан  жаңа  үлгісін  қалыптастыру  біршама қиын.

Қазақстан Конституциясы  мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайтуға түсті, биліксалалары арасындағы өкілет  бөлісуді заңды түрдебекіті. Азаматтық қоғамдық институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепәлдәктерә бекәтәлді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.

Экономика да өзгеріліп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок  толыққанда бола түсуде. Қазақстан халқаралық рыноққа да жан жақты араласуда.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі..

Қазақстан зайырлы, демократикалық, құқықтық және  әлемге ашық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасының  азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік , мүліктік және лауазымдық жағдайында, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан  құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.

Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа  тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі  міндеті. Азаматтық  келісім негізінде  әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып  келді. Нақ осының арасында көптеген елдер дағдарыс пен жоқшылықты еңсере білді. Келешекте біз де дағдарыстан  шығып, экономика мен әлеуметттік  жағдайды жақсартып, құқықтық, демократиялық  мемлекет орнатып, дамыған елдердің  қатарында  боламыз.

 

Қорытынды

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен  өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер  өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір  тәртібі, адамдар арасындағы өзара  қарым-қатынастардың орнықтылығы  мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы  процестерге ықпал ететін және олардың  динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен  пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың  кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың  тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың  дүниеге көзқарасы мен түйсігіне  әсер етіп келеді. Аталған теорияларға  талдау жасай келіп, біз әрбір  ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін  көреміз, олардың басқа ойшылдардан  тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі  де әр түрлі. Сонымен, кейде терең  ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып  жатады.

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен  қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен  алғышарттар жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне  қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық  және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың  маңызды мәселелерін шешуге нақты  қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына  белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде  сипатталады. Соның арқасында оны  қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Қазақстан аумағында мемлекеттің  пайда болуы мұнда мемлекеттің  ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері  өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар  болды. Соның барысында рулық  байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып  кетуі керек болды.

Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды  және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе  алатын. Олар, негізінен әр алуан  «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.

Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды  және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе  алатын. Олар, негізінен әр алуан  «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының  дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік  заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы  қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы.

Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің  пайда болуы нәтижесінде алғашқы  қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің  пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам  өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің  күш- қуатына ұйренетін басқару  жүйесі.

Қазақстан зайырлы, демократикалық, құқықтық және  әлемге ашық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасының  азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік , мүліктік және лауазымдық жағдайында,  әлеуметтік тегіне,  тұрғылықты жеріне,  діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан   құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріп, азаматтарды кемсітушіліктің  кез келген түріне тыйым салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Баймаханов М.Т. Избранные  труды по теории государства  и права. – А., 2004.

2. Ағдарбеков, Т.  Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері.- Оқулық. - Алматы, 2008. – 189 б.

3. Сапарғалиев Ғ., Ибраева  А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана: Фолиант, 2011.

4. Марченко М.Н. Теория  государства и права. Учебник. 2-е изд. – М., 2006.

5. Матузов Н.И., Малько  А.В. Теория государства и права.  – М., 2004.

6. Нерсесянц В.С. Общая  теория права и государства.  – М., 2000.

7. Хропанюк В.Н. Теория  государства и права. 2-е изд.  – М., 2005.

8. Басин Ю.Г. Юридические  лица по гражданскому кодексу  Республики Казахстан: Понятие  и общая характеристика Алматы, 1996.

9. Басин Ю.Г. Сделки. - Алматы, 1997.

10. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. – М., 1997.

11. Гражданский кодекс  Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В 2-х кн., под ред.  М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. – Алматы, 1998.

12. Гражданский кодекс  Республики Казахстан (Особенная  часть). Комментарий под ред. М.К.  Сулейменова, Ю.Г. Басина. – Алматы, 2000.

13. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан. - А., 1997.

14. Уголовное право Республики Казахстан. Часть общая. / под ред. И.И.Рогов, М.А.Сарсембаев. - Алматы, 1998.

15. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 1997.

16. Рогов И.И.  Уголовный кодекс Республики  Казахстан – общая характеристика (в сравнении с УК Казахской  ССР). – Алматы: Баспа, 1997.

17. Уголовное право Республики  Казахстан. Особенная часть: Учебник / Под ред. проф. А.Н. Агыбаева, Г.И. Баймурзина. - Алматы, 2003.

18. Комментарий к Уголовному  кодексу Республики Казахстан / Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова. Книга 2. - Астана, 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚазГЗУ колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ у р с т ы қ    ж ұ м ы с

 

 

Пәні:___________________________________________________________

Тақырыбы:______________________________________________________

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған:_________________

                                                                     Тексерген:__________________

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2013 ж


Информация о работе Мемлекет және құқықтың пайда болуы