Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
1.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтылық пен прогрестің басты факторы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

м п б.docx

— 38.78 Кб (Скачать)

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

1.1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы

1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары

1.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтылық пен прогрестің басты факторы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мемлекет туралы жазуды бастардың  алдында біз ең алдымен оның қоғамда  әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір  өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі  бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал  ете алатындығын ескереміз. Сондықтан  да қоғам мен мемлекеттің, оны  жанама түрде көрсететін аса маңызды  институттарының көмегімен болатын  өзара қарым-қатынасының принциптері  мен негіздерін теориялық жағынан  айқындау қажеттігі туып отыр.

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен  өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер  өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір  тәртібі, адамдар арасындағы өзара  қарым-қатынастардың орнықтылығы  мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы  процестерге ықпал ететін және олардың  динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен  пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың  кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың  тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың  дүниеге көзқарасы мен түйсігіне  әсер етіп келеді. Аталған теорияларға  талдау жасай келіп, біз әрбір  ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін  көреміз, олардың басқа ойшылдардан  тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі  де әр түрлі. Сонымен, кейде терең  ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып  жатады.

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен  қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен  алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің  пайда болуы мұнда мемлекеттің  ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері  өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар  болды. Соның барысында рулық  байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып  кетуі керек болды.

Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды  және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе  алатын. Олар, негізінен әр алуан  «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.

Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері  мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті  жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру  ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал  етудің әр алуан құралдарына иелік  ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен  тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда  қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу өте маңызды.

Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі

Зерттеу мақсаты:  Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу

Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру

Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық  жұмыс кіріспе бөлімнен  және де мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

    1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам адамдардың пайда болуы, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрлысында мида да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтежесінде шамаменосыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар қалыптасты. Адамдардың дене құрлысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрлысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте - бірте алғашқы қауымдық қоғамда өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырады: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгертіп, прогрестің жаңартуы.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлуметтік дамуы екі кезеңге  бөлінеді:

1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттармен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту.

2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі - 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана- сезім, білім жоғарлады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен  құрылымы - экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестік.

Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының, тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған.

Қоғамдық басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесін басқарған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді күнделікті басқару үшін Кеңестің мәжілісінде тайпа, одақ, бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп, қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.

Алғашқы қауымның даму процесінде әлеуметтік мононормалар қалыптасып, сол арқылы қарым қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен  түрлері; әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болады. Мысалы, шығыс елдерінде мемлекет пен құқықтың дамуы бір - біріне ұқсас, Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болады. Европаның, Азияның басқа елдерде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдерде алғашқы қоғамның феодалдық формацияға - қоғамға көшті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен  егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның  тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек  төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер  тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін  арттырды, қоғамның шығысынан кірісін  асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса  бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік  заңдардың – қосымша өнімнің  пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды реттеп, қоғамды басқару  үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің  пайда болуы нәтижесінде алғашқы  қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің  пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам  өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің  күш- қуатына ұйренетін басқару  жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:

1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия,  Қытай, Араб т. б. шығыс типті  елдерде) мемлекеттің қалыптасуы  негізінен қоғамдық меншікті  қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы  қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде  күрделі қүрылыстар болды: ірі  су каналдарын жасау, суармалы  ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен  күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды  жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік  меншік қалыптасты, Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:

– ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

– оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;

– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы  ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың  бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті  мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б.).

2. Еуропалық елдерде мемлекет  жеке меншіктің шапшаң, күрделі  дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі  арқылы қалыптасты.

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті  топтар мен таптар мемлекеттік билікті  өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын  орындайтын мемлекеттік аппарат  орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар, заң куші бар соттың шешімдери

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп  келеді. Жеке адамдар тйісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді.

Табиғи теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Информация о работе Мемлекет және құқықтың пайда болуы