Ұлттық құқық пен Халықаралық құқығымен арақатынастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:08, курсовая работа

Описание работы

Кейбір мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басқа мемлекеттердің мүддесіне зиянын тигізу арқылы әрекеттенуінің салдарынан ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шарт күшіне енбей отыр. Ядролық қарудың бақылаусыз таралуы оның халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупінің зор екендігін көрсетеді. Қазіргі заманның ең құбылысы – лаңкестіктің туындауына экономикалық және әлеуметтік артта қалушылық, кедейлік пен жоқшылық себеп болып отырғандығы анықталды.

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

Қазақстан мен  Ресей арасында 200-ден аса маңызды  құжаттарға қол қойылды. Әскери саладағы мәселеде Қазақстан аумағындағы 240 қанатты ядролық ракетамен қаруланған «ТУ-95» МС сериялы 40 стратегиялық бомба тастағыш ұшақты Ресейге алып кетуге байланысты оған компенсация ретінде 1995 жылдың шілде айынан бастап 41 авиациялық техника алынды, Балқаш көлі жағасындағы Сарыағаш полигонынан жоғары уланған ракета отынын алып кетуге келісім жасалды. Қазақстан – Ресей арасындағы оңайлатылған азаматтық туралы келісімді Ресейдің Мемлекеттік Думасы 1997 жылы 17-тамызда ратификациялады, сөйтіп, бұл құжат күшіне енді.[1]

Болашақта Каспий теңізін пайдалану жөніндегі мәселеде Қазақстан мен Ресей арасында бір-біріне тиімді келісімге келу міндетті тұр.

ТМД елдерінің  Қазақстанға зор мән беретіндігін мынандай дәлелмен анықтауға болады. Тек бір ғана 1997 жылдың өзінде елімізге жеті мемлекеттің президенттері басқарған ресми делегациялар келіп, аса маңызды құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, өткен жылдың 27-ақпанында Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов ресми сапармен Қазақстанға келді. Екі ел арасындағы сауда айналымы 250 миллион долларға жетті. Каспий теңізі жағасындағы айлақтарды тиімді пайдалану туралы, Каспий теңізі туралы құқықтық мәртебе жөнінде конвенция дайындау туралы, шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық туралықұжаттарға қол қойылды.

Ал 8-сәуірде  Қырғызстан президенті Асқар Ақаев  ресми сапармен келіп 17 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Алматыдан Ыстықкөлге баратын автомобиль жолын салу көзделіп отыр. Кіріске және мүлікке салық салу жөнінде екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісім ратификациялау сатысында тұр. [1]

Өткен жылдың 2-маусымында Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресми сапармен елімізге келді. 8 құжатқа қол қойылды, атап айтқанда, электр энергиясын пайдалану жолындағы ынтымақтастық, еркін сауданы дамыту, өзара инвестицияны қолдау, тағы басқа мәселелер бойынша құжаттарға қол қойылды. Кіріске және мүлікке салық салу жөнінде екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісімді Өзбекстан парламенті ратификациялаған болатын.

10-маусымда Әзірбайжан  президенті Гейдар Әлиев ресми  сапармен Қазақстанға келді. Ақтау  айлағын қайта құру аяқталған соң Қазақстаннан Бакуге таңкерлер арқылы жылына 10 миллион тонна (қазір 7 миллион тонна) мұнай жеткізу жөнінде келісімге қол жетті. Кіріске және мүлікке салық салу жөнінде екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісімді Әзірбайжан парламенті ратификациялаған болатын.

23-қыркүйекте  Беларусь президенті Александр  Лукашенко елімізге ресми сапармен  келді. Қазақстаннан астық, мақта,  жүн алуға, ал өз елінен «БелАЗ»,  «МАЗ» кәсіпорындарыөкілеттерін  Қазақстанда құру жөніндегі құжатқа  қол қойылды. Екі жақты салық салудан бас тарту туралы келісім ратификациялау сатысында тұр.[4]

14-15-қазанда  Украина президенті Леонид Кучма  келді.

1997 жылдың алғашқы  6 айында екі ел арасындағы  тауар айналымы 240 миллион долларға  жетті, сөйтіп, ол 2,3 есе өсті. Нақты  есептер бойынша 1997 жылдың аяғына дейін Украина Қазақстаннан 2,3 миллион тонна мұнай алмақшы. Екі жақты салық салудан бас тарту туралы конвенцияны Украина парламенті бекіткен.

11-қарашада Грузия  президенті Эдуард Шеварднадзе  Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мұнайын күнгей Кавказ арқылы Грузияның Қара теңіз жағасындағы айлақтарына жеткізу туралы құжатқа т.б. қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанға қазан айының бас кезінде Ресей Премьер-Министрі Виктор Черномырдин, ал одан бұрын Татарстан президенті Минтимер Шаймиев ресми сапарлармен келген болатын.

Қытаймен екі  ортадағы бірқалыпты достық қарым-қатынас  бейбітшілікке бастайын сенімді  жол.

1997 жылдың көктемінде  Мәскеуде Қазақстан, Қытай, Ресей,  Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері  басшылары шекараның екі бетінде сенімділік шаралары туралы келісімге қол қойып, әскерлерді жүз шақырымға ішке шегіндіруге әзір екендіктерін білдірді. Президент Назарбаев Пекинде ҚХР басшысы Цзян Цзэминьмен кездесті, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэн ресми сапармен Қазақстанда болды.

1997 жылдың тағы  бір табысы Қазақстанның батысынан  ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық  аймағының шекарасына дейінгі  аралықта мұнай құбырын төсеу  (қашықтығы 3 мыңдай шақырым), «Ақтөбемұнайгаз»  акционерлік қоғамына 3 мыңдай кен  орындарын көркейту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион доларға жуық қазіргі қарызын өтеу т.б. міндеттемелерге Қытай Ұлттық Мұнай компаниясымен келісімге қол қойылды. Компания 20 жыл ішінде осы шараларды жүзеге асыру үшін 4 миллиард доллар көлемінде инвестиция жұмсауды мақсат етіп отыр.[5]

Қазақстан мен  АҚШ-тың әскери қорғаныс саласындағы  ынтымақтастығы 1997 жылы ерекше белсенді болды. Еліміздің әскери-теңіз күштеріне  АҚЩ-тың алты патрульдік қатер беруі жөніндегі бағдарламасы толық орындалды.

«Бейбітшілік  жолындағы әріптестік» бағдарламасы бойынша екі ел арасындағы әскери қызметкерлердің қатысуымен бейбіт мақсаттағы бірлескен жаттығулар өткізу жүйелі негізге көшіп келеді.

Сонымен, АҚШ-пен  достық қарым-қатынастар орнату және ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін әрдайым маңызды болып қала береді.

1997 жылы 11-қазанда  жарияланған Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты  Қазақстан халқына жолдауында  шетел инвестицияларын тиісінше  қорғау бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталынады, табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпаратты дамыту Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіруіне ықпал етеді деп көрсетілді. Мұнда ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету баса айтылған. [6]

Қорыта айтқанда, халықаралық қатынастардағы Қазақстанның қазіргі кездегі алып отырған  орны мен рөлін дүние жүзіндегі  көптеген мемлекеттер мойындап, күрделі саяси мәселелерді шешуде еліміздің қатысуын қажет ету процесі күшеюде.

 

2.2. Орталық Азия Елдері – Халықаралық  қатынастар жүйесінде 

1993 жылы каңтарда Орта Азиядағы  бес мемлекет басшыларының кездесуінде «Орта Азия» деген терминнен бас тартып, бұдан былай бұл бес мемлекетке байланысты Орталық Азия деген жинақы атты қолдану жөнінде шешім қабылданды.

Орталық Азияның  бес республикасында - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстанда 55 млн-ға таяу халық тұрады. Еуразия орталығында орналасқан бұл елдердің геосаяси маңызы аса зор, экономикалық күш-қуаты да, көмірсутегі және табиғи байлықтары да ұшан-теңіз.[4] Қазақстан 90-жылдардың соңында Өзбекстан және Қырғызстанмен біріккен энергия жүйесіне қосылды. Мұнда Қазакстанның көмірі, Өзбекстанның газы, Қырғызстанның бай гидроэнергиялық ресурстары бірігіп қимыл жасауға көшті. Дегенмен, бұл өңірде интеграциялық процестер баяу жүргізілуде.[7]

Кеңес Одағының ыдырауы, жаңа тәуелсіз елдердегі саяси жүйелердің тұрақсыздығы, әлемдік геосаяси ахуалдың күрт өзгеруі, ұлтаралық және этностық қақтығыстардың белең алуы сияқты қайшылықты әрекеттер Дамудың өркениетті жолына түсуге көптеген кедергілер келтірді. Мұның өзі ішкі рыноктың кенжелеп қалуына, технологиялық дамудың құлдырауына әкеліп соқты. Бұл - объективті факторлар.

Ал  субъективті фактор ретінде көршілес елдерде жекешелендіру саясаты жүргізілмеді, нарықтық реформалар бір орнында тұралап қалды. Соның әсерінен әлеуметтік мәселелер қордаланып, оның нақтылы шешімін табу ұзакка созылып кетті. Ғылыми-технология алға жылжымады. Денсаулық білім беру саласы кенжелеу қалды.

1998 жылдан бастап өнірде Қытай  мен Ресейдегі тез қарқынды экономикалық даму және Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуы нәтижесінде Орталық Азия елдерінде де даму қарқыны басталды. [6]

2001 жылғы 28 желтоқсанда Орталык Азия елдері: Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы мемлекет басшыларының Ташкент басқосуында аймақтық дамуының және халықаралык саясаттың көкейкесті проблемаларын талқылап, бірлескен мәлімдеме қабылдаған болатын. Өзара пайдалы негіздегі саяси экономикалық ғылыми-техникалық мәдени және басқа салалардағы ынтымактастық сондай-ақ халыкаралық аренадағы тыгыз өзара іс-қимыл аймақтағы барлық елдердің ұлттық мүддесіне сәйкес келетіні атап көрсетілген еді. Жалпы, Ташкент саммиті саяси диалогтың практикасын қалыптастырып, аймақтық ынтымақтастықтың негізін қалап берді.

2005 жылғы 6-казанда Санкт-Петербургтегі  Орталық Азия ынтымактастығы ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында бұл ұйымды Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қосу жөнінде қарар қабылданды.[4] Орталық Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісім-шартқа 2002 жылдың 28-акпанында Алматы қаласында қол қойылды.

Алғашында Қазақстан  Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы мүше болған ұйымға 2004 жылдың 18-нан бастап Ресей Федерациясы қосылды. Бұл ұйымның басты мақсаты мен міндеттері: саяси-экономикалық ғылыми-техникалық табиғат қорғау, мәдени-гуманитарлык, сондай-ақ қауіпсіздік пен тұрақтылық салаларындағы ықпалдастықты тиімділікпен жүзеге асыру.

Ұйымның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, өзара тиімді байланыстар орнату үшін қажетті интеграциялық үрдістерді одан әрі дамыта түсуге бағытталған. Бірегей инфрақұрылымдардың өзара үйлесімділігі, энергетика және көлік жүйелерінің сәйкестілігі «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы шеңберіндегі экономикалық әріптестіктің негізгі алғышарттары болып саналады. Бұл орайда көлік дәліздерін пайдалану мен одан әрі дамытудың, темір жол және автокөлік қатынастарын үйлесті жетілдірудің маңызы ерекше.

Су  арналарын пайдалану, өзара сауда-саттықты жүзеге асыру барысында әділ бәсекелестік орнату, экологиялық мәселелер Ұйым күн тәртібінде кеңінен қарастырылды.

Өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету — еркіне маңызды. Ауғанстан өңірдегі тұрақсыздық ошағы болып саналады. Өйткені осы елден басталған есірткі ағыны ОАЫ-на мүше мемлекеттер аумағын басып өтіп, одан әрі Еуропаға жол тартады.

Өңірдегі  елдердің әлеуметтік саладағы іс-шаралары. Әртүрлі нәтиже беріп отыр. 2004 жылғы мәлімет бойынша ішкі жалпы өнім көлемі жан басына шыққанда: Қазақстанда — 2714 доллар, Қырғыстанда — 433, Өзбекстанда - 357, Тәжікстанда — 309 доллар болды. [4]

Президент Назарбаев 2005 жылғы 24 тамыздағы теледидар арқылы халықпен сұхбатында былай деді: «Бұл өңірде 55 миллион адам тұрады. Қазір Орталық Азиядағы республикалардың әрқайсысы натуралдық шаруашылыққа әрқайсысы өздерінің бидайымен және басқалармен қамтамасыз етуге тырысуда. Біз – өзінікі өзіне жететін өңіріміз. Егер шекаралар ашық болса, біздің тауарлар оларға баратын еді. Яғни, біз бидайды осы республикалар үшін қысқа жолмен сата алар едік. Біз, біздің мамандар әлдеқайда арзан астық өндірсек те олар дәнді дақылдар өсіруге тырысуда. Оларға мақта еккен жақсы болар еді, олар асқан мамандар, бізге мақтаны үйіп таста деді. Оларға мұнай-газ ресурстары жетпейді, біз оларға берер едік, оларға айталық, ат сүт жетпейді, біз оларға берер едік, ал біз арзанмақта алар едік, олар өндіретін тауарларды алар едік. Міне, бұл интеграцияның бірінші экономикалық мәселесі. Екінші, тағы сол терроризмге қарсы күрес. Есірткіге қарсы күрес. Мұны жекелей алғанда Қазақстан шеше алмайды. Егер біздің жақсы қатынастарымыз болса, біз шекарада тосқауыл қоя алар едік... біз сі-энергетикалық консорциум құру мәселесін шеше алмай отырмыз. Жыл сайын айналысамыз. Біз Қырғызстаннан арзан су электр энергиясын сатып алар едік, оларға ақшасын төлеп, Екібастұздан электр энергиясын жоғары қарай тасымалдамас едік және сол сияқтылар.[6]

Қазақстан су-энергетика консорциумын құрудан Сырдария өзенінің су қорларын өңірлік пайдалану мәселесінің  оңтайлы шешілуін күтеді. Ал азық-түлік  консоциумы ауыл-шаруашылығы өнімдерін  өндіретін және өңдейтін бірлескен  кәсіпорындар құру әрі Қазақстанның өнімдерін Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан рыноктарына шығаруды көздейді. Егер көлік консорциумына келер болсақ, ол Ақтау портының мүмкіндіктерінбелсенді пайдалана отырып, өңірдің көліктік су арналарын дамытуға бағытталған.

1992 жылғы 9-қазанда  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан «Әскери қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» келісімге қол жеткізді.1994 жылғы 8-шілдеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 1995 жылғы 15-желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан БҰҰ-на қарасты ұжымдық бітімгершілік батальонын құру туралы уағдаласты.

1993 жылғы 26-наурызда  және 1997 жылғы 28-ақпанда Қазақстан,  Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан,  Түркіменстан «Арал теңізі және  Арал өңіріндегі проблеманы шешу  бағытында бірлескен іс-қимыл туралы және Арал аймағының экономикалық дамуын, оның әлеуметтік экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету туралы» келісімдерге қол қойды.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Орталық  Азияға ерекше маңыз беріліп, Кавказ бен Орталық Азия болашақта Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейінгі кеңістікте тұрақтылық сақтауға көмектеседі, ал Қазақстан бұл аймақта американ саясаты үшін орталық рөл атқарады, – деп көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Америка Құрама Штаттарының алатын орны ерекше. Сонымен қатар Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Ресейдің әлемдік саясаттағы дипломатиясы мен іс-әрекеттері маңызды орынға ие. Қытай, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы іс-шаралары адамзаттың тағдырына әсер ете алады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдік экономиканың даму үлгісі болуда.

Ғаламдастыру  кезеңіндегі технология саласында  мемлекеттер арасындағы табыстарымен қатар, оның кейбір теріс ықпалдарының бар екендігі анықталып отыр. Таяу Шығыс дағдарысы күрделі күйінде қалуда. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қазіргі кезеңнің күн тәртібіне қойылып, бұл мәселеге әлемнің барлық мемлекеттері аса зор маңыз беруде.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінің 14 жылында халықаралық қауымдастық және индустриялы дамыған елдер тарапынан тарихи бағалар алды. Ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, Семей полигонын жабу, жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тиым салу туралы шартқа қосыла отырып және Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің бірінші саммитін өткізу, әлемдік діндер лидерлерінің бірінші съезін шақыру нәтижесінде халықаралық қауіпсіздікке өз үлесін қосып отыр.

Информация о работе Ұлттық құқық пен Халықаралық құқығымен арақатынастары