Ұлттық құқық пен Халықаралық құқығымен арақатынастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:08, курсовая работа

Описание работы

Кейбір мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басқа мемлекеттердің мүддесіне зиянын тигізу арқылы әрекеттенуінің салдарынан ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шарт күшіне енбей отыр. Ядролық қарудың бақылаусыз таралуы оның халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупінің зор екендігін көрсетеді. Қазіргі заманның ең құбылысы – лаңкестіктің туындауына экономикалық және әлеуметтік артта қалушылық, кедейлік пен жоқшылық себеп болып отырғандығы анықталды.

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

  Ең соңында  үшінші ядролық дүние: Үндістандағы  Покхаранда – 6 жарылыс (1974 жылды  қосқанда), Пәкістандағы Чагай-Хиллзде  – 7 ядролық жарылыс» болды. [2]

  Қазіргі  кезде әлемде атом бомбасын  жасайтын 3700 тонна плутоний және  байытылған уран бар, бұл қорлар әлемнің 60 елінде сақталып отыр. Әлемдегі ядролық қарулардың жалпы қуаты 5 мың мегатонн – яғни жер бетіндегі әрбір адамға 1тоннадан келеді. [3]

  Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін 3 шартты орындауды ұсынды, олар: ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл талап орындалды: 1994 жылғы 2 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, 1995 жылғы 8 ақпанда Қытай, сол жылғы мамырда Франция тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетінкепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды.

  Екінші Шарт  – ракеталардағы уран құнының  Қазақстанға қайтарылуы. 1992 жылғы  мамырда ядролық ракеталық қаруды  біртіндеп бұзып, Ресейге көшіріп  әкету, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайыру жөніндегі Лиссабон хаттамасына қол қойылды. АҚШ-қа аса жоғары байытылған 600 килограмм уран сату «Сапфир» операциясы арқылы жүзеге асырылды.

  Үшінші Шарт  – Қазақстан экономикасына қаржы  жұмсау жөніндегі келісімнің болуы.

   1995 жылғы  сәуір айында Қазақстан аумағынан  континентаралық баллистикалық ракеталардың 1200 ядролық оқтұмсықтарының Ресейге әкетілуі аяқталып, сол жылы 26 мамырда Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Елімізде баллистикалық ракеталардың ұшыру қондырғылары жойылды. Степногордағы биологиялық қару-жарақ өндірісіне арналған инфрақұрылымды бұзу 1996 жылдан бері жүргізілуде, Павлодар химия зауытындағы бұрынғы химия қаруын жасау тоқтатылды.[5]

  Қазақстан  ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекет.

  1991 жылғы  29 тамыздан бастап Семей полигоны  жабылды. Бұдан кейін әлемдегі  ірі төрт полигонда: АҚШ-тағы  – Невадада, Ресейдегі – Новая  Земля, Франциядағы – Мумуроада,  Қытайдағы – Лобнорда мораторий  жарияланды.

  2002 жылғы  шілде айында «Үлкен сегіздік»  басшыларының бас қосуында Ресейге  және басқа елдерге өзінің  жаппай қырып-жоятын қарулары  арсеналын жоюға көмек үшін 20 миллиард доллар қаржы беру  туралы қарар қабылданды. Ресейде  200-дей сүңгуір қайықты, 40 мың тоннадай қарулық материалды, 40 мың тонна химиялық қаруды және одан басқа биологиялық қаруды жою қажеттігі атап көрсетілді.[6]

  1972 жылдың 26 мамырындағы АҚШ пен КСРО арасындағы  ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін  шектеу туралы шарт әлемдегі  стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып келді. Ал АҚШ 2001 жылғы 13 желтоқсанда бұл шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесін жариялады. «2002 жылғы 13 маусымда аталған шарт күшін жойды», - деп жарияланды. БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық қарусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық қарусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, оны таратуға ықпал ететін болады. Дональд Рамсфельд Пентагон басшылығына келген кезден бастап американ әскери стратегиясы концепциясына «шектелген ядролық соғыс» жоспарын енгізіп отыр.

Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996 жылғы 10 қыркүйекте қабылданып, оған 51 мемлекет қол қойған болатын. АҚШ Конгресі бұл шартты бекіткен жоқ, нәтижесінде ол әлі күнге дейін күшіне енбей отыр. [7]

2002 жылғы мамыр  айында АҚШ пен Ресей арасында  стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты  қысқарту жөніндегі Шартқа (СНВ-3) қол қойылды, онда ядролық қаруды 3 есеге жуық (әр тарап 1700-2200) қысқарту жөніндегі екіжақты келісім бекітілді.[4]

Енді биологиялық  қаруды жою бағытында әлемде нендей іс-шаралар жүргізілуде – сол  мәселеге тоқталайық. Биологиялық (бактериологиялық) қаруды сақтау, өндіруді тоқтату және оларды жою Конвенциясына 1972 жылы 143 мемлекет қол қойып, енді ешқашан биологиялық қару жасауға талпынбайтындықтарын білдірген болатын. Алайда, КСРО-ның Киров, Загорск, Свердловск және Степногорск (Қазақстан) қалаларындағы кәсіпорындарда биологиялық қару компоненттері Сібір жарасы, Оба, сүзек сияқты ауруларды қоздырушы вирустардан құралды. Тек Степногорскінің өзінде ғана «Сібір жарасының» негізінде жыл сайын 300 тонна биологиялық бомба жасап шығару мүмкін болған.

«Аральск-7»  аталған биологиялық қаруға сынақ  алаңы болған «Возрождение» аралында 1961 жылғы қыркүйек-қараша айларында ядролық жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы, Аралдың солтүстік қапталындағы құмды далада киіктердің кенеттен жаппай қырылуы кең етек алған. Мұндай апаттар 1978 жылы болып, 300 мың киік, 1989 жылы 540 мың киік қырылғаны анықталып отыр. Соңғы он жылда олардың саны қысқара келіп, 1 миллионнан 20 мыңға ғана қалып отыр. Бұл құпияның барша сыры биологиялық қарулардың «әкесі» Қанатжан Әлібековтің 1992 жылы мұхит асып барғанынан кейін ашылды. Оның 1998 жылы Нью-Йоркте жарыққа шыққан «Биологиялық қауіп» атты кітабынан соң жұмбақ санайтын да ештеңе қалмады. [6]

1986-1987 жылдары  Возрождениеде оба және «Сібір  жарасы» ауруларының ең орнықты  штаммдары сыналды.

1988 жылы Ресейден  Возрожденияға «Сібір жарасы» тиелген 24 вагон цистерналар әкелінген. Қазіргі зерттеулер бойынша, теңіздің тартылуына байланысты Арал мен құрлықтың арасы қосылып, зиянды азіргі зерттеулер бойынша, теңіздің тартылуына байланысты Арал мен құрлықтың арасы қосылып, зиянды жәндіктер жағаға шығып, үлкен эпидемиялық апат туғызуы мүмкін.

1992 жылғы 11 сәуірдегі  Ресей Федерациясы Президентінің  Жарлығымен «Возрождениедегі» полигон  жабылды. 

1992 жылғы 18 қаңтарда  тәуелсіз Қазақстанның Жоғарғы  Кеңесі «Арал аймағы тұрғындарының  тұрмыстық жағдайларын түбегейлі бірінші кезектегі шаралары туралы» жарлық шығарып, ресми түрде «Возрождение» әскери полигонын жапты.[6] Қазіргі кезде бұл мекен Өзбекстан (75 пайызы) мне Қазақстанға қарайды. «Сібір жарасы» қалбырларының осы аралдың астында көмілгені айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. [8]

Арал өңірінің экологиялық зардабы туралы Иоханнесбургте өткен жаһандануға арналған дүниежүзілік саммитте Президент Назарбаев дүниежүзілік экологиялық тізім жасау керек және соның ең басында Арал проблемасы тұру керек деп қадап айтқан болатын.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев өзінің «Беласу» атты кітабында: «Бактериологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияның бақылау жасау тетіктерін әзірлеу төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреміз, өйткені, осы қару түрлерінің террористер үшін үлкен қызығушылық туғызатыны құпия емес» деп жазды. [7]

Химиялық қаруды өндіруді тоқтату және оны жою  жөніндегі Конвенцияға 1993 жылғы 13 қаңтарда Парижде 100-ге жуық елдер қол қойып, ол 1999 жылғы маусымда бекітілді, Қасымжомарт Тоқаев: «Химиялық қаруды жою туралы Конвенцияға қатысты жағдай көңілге қуаныш ұялатады... Қолда бар қорларды жою жүзеге асырылуда» деп жазды.

2004 жылы АҚШ-та 32 мың тонна химиялық қару болды. [6]

Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қою 1968 жылы басталып, ол 1995 жылы мәңгілікке ұзартылды. Ол құжат бойынша ядролық қаруы бар мемлекеттер басқа елдерге бұл қаруды және оның құрылымдарын (ядерные устройства) бермеуге міндеттеме алды. Алайда оған 182 мемлекет қол қойғанымен, 2001 жылғы мәлімет бойынша тек 24 мемлекетте ғана құжат күшіне енген. [5]

1988 жылғы мамырда  Үндістан мен Пәкістан ядролық  қаруды иеленді.

Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына мүше мемлекеттер: «Барлық  елдердің ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа тезірек қосылуы, сондай-ақ ядролық сынақтарды жан-жақты тыю туралы Шартқа қол қойып, бекітпеген мемлекеттердің соларды істеуі түрлі деңгейдегі стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесетін болады» деп атап көрсетті.

Корея Халық  Демократиялық Республикасы 2003 жылғы  қаңтарда елдің ұлттық қауіпсіздік мүддесін негізге ала отырып, ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан шығатындығын жариялады. Енді соның себептеріне тоқталайық.

Біріншіден, АҚШ  Президенті Джордж Буш 2002 жылдың 30 қаңтарында Конгресс мүшелерімен кездесуінде  жаппай қырып-жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және ирак режимдерін «Зұлымдық орындары» («Оси зла») деп атады. Оның үстіне ирактағы соғыс елдің қауіпсіздігін сақтау үшін басқыншыны тоқтататын, қуатты күш қажет деп көрсетті КХДР-ның сыртқы істер министрлігі.

Екіншіден, 1994 жылы АҚШ Солтүстік Кореямен Ионбендегі атом электрстансасын жауып, 2003 жылға  таяу осы елде жаңаданекі реактордан тұратын станса жасау жөнінде  және олар тек бейбіт мақсатта пайдаланылатындығы туралы келісімге қол қойды. Жабылатын атом электр стансасының компенсациясы (қайтарымы) ретінде АҚШ жыл сайын 500мың тонна отын беретіндігі жөнінде атап көрсетілді. 2002 жылдың күзінен бастап АҚШ Солтүстік Кореяға отын беруді тоқтатты.[4] Нәтижесінде КХДР Оңтүстік Корея мен Жапонияға жетіп баратын ядролық оқтұмсықтармен жараталған зымырандарға ие болды. Онда Аляска мен Гавайға түсіретін ядролық қару жасалуда.[7]

Әлемдегі бейбітшілік  пен қауіпсіздікке жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату да зор қатер  төндіріп отыр. Кофи Аннанның айтуынша, ол «жаппай қырып жоятын қаруға» айналды. Женева халықаралық зерттеу институтының мәліметі бойынша 2004 жылдың басында әлемде 550 миллионнан астам атыс қарулары бар, оның 200 миллионы АҚШ-та.[4] 1990 жылдан бері сол қаруларды қолдану нәтижесінде әлемде 5 миллион адам қаза тапты.

2001 жылғы шілдеде  Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының  арнаулы Конференциясында жеңіл  және атыс қаруының заңсыз  саудасына жол бермеу бағдарламасы  қабылданды. [7]

 

2. Халықаралық  қатынастар жүйесі

2.1. Халықаралық  қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: халықаралық  байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше  мәселені қатар шешуге тура келді, атап айтқанда, Қазақстанды халықаралық  дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, – деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен 800-ден аса құжаттарға қол қойылды.

Қазақстанның  халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің  географиялық, геосаяси және геоэкономикалық  жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Ең бастысы – Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардыңторабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер – Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. [4]

Қазақстанның  дүниежүзілік теңіз сауда арналарынан  жырақ жатқанына қарамастан, біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы  салалар болашақ дамуымызға зор  көмегін беретіндігі анықталып  отыр. Оған дәлел, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Үндістан мен Ежелгі Құрлық елдерінің дүниежүзілік сауда алмасу барысында көлік шығындарын төмендету қажеттігінен туындап отырғандығында.

Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халықаралық аренада көп векторлық, яғни көп қырлы бағдар ұсынды. Оның мәнісі – таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта стратегиялық міндет – еліміздің тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы мен шекарасының бұзылмайтындығы орындалды.

Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына сәйкес Еуразия  пішіміндегі саяси және қауіпсіздікті  сақтау бағытында ынтымақтастықты  ұлғайтуға ерекше маңыз беріп  отыр. Президент Н. Назарбаев өзінің Еуразия одағын құру бағдарламасын  ұсынды. [2]

Еліміздің геоэкономикалық жағдайына талдау жасағанда дүниежүзілік қоғамдастықтың елімізді ХХІ-ғасырдағы негізгі энергия көздерін берушілердің бірі деп білуі есепке алынады, біздің мемлкетіміз мұнайдың, газдың, көмір мен уран кендерінің дүниежүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі екендігі белгілі.[4]

Отандық өнеркәсіпті  дамыту үшін шетел инвестициялары керек.

1997 жылдың бас  кезінде елемізде Инвестициялар  жөніндегі Мемлекеттік комитет  құрылды. Ол Қазақстан экономикасының  бірінші кезектегі басым салаларына  өз капиталдарын салғысы келетін шетелдік инвесторларға едәуір жеңілдіктер мен артықшылықтар беруді көздейді. Жан басына шыққанда шетелдік тікелей инвестицияларды тарту деңгейі жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің алғашқы бестігіне кіреді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 1997 жылдың маусым айына дейін Қазастан экономикасына шет мемлекеттер 6,4 миллиард доллар мөлшерінде инвестиция салды, ал оның 3,2 миллиард доллары тікелей инвестиция болды. [5]

1997 жылғы қыркүйек  айындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2500 шетел компаниялары жұмыс істейді.

«Каспий шельфі»  мен «Қарашығанақ» кен орындарын  игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылды..

Қазақстанның  ТМД елдері арасында алатын орны да ерекше.

1997 жылы көктемде  ТМД елдері Экономикалық Интеграциялық  Ынтымақтастық Тұжырымдамасын қабылдады.  Ал қазан айында Бішкекте ТМД  елдері үкіметтері басшыларының  кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды.  Мұнда экономикалық құжаттардан  басқа, ТМД елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты, олардың ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясының пәрменділігін арттыру, ортақ шекара қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар. Коллективтік қауіпсіздік туралы келісімге ТМД-нің тоғыз мемлекеті қол қойды; оған Украина, Молдово, Түрікменстан қатыспайды. Қазан айында Кишиневте ТМД елдері мемлекет басшыларының кеңес өтті.[1]

Информация о работе Ұлттық құқық пен Халықаралық құқығымен арақатынастары